April 23, 2021

Марафон 5ші күн

✅ САДАҚА Жасау кемі  100тг

✅ Алланың 3 есімдерін зікір ету

10. الجَبَّارُ Әл-Жәббар – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. «Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбітшіл, Аса сенімді, Толық басқарушы, Үстем, Бойсұндырушы» (Хашыр, 23)

Осы көркем есімді таңертең және кешке 226 реттен қайталап жүрген жан, Алла қаласа, қатыгездік пен қиянаттан аман болады. Ал бұл есімді қайталауды әдетке айналдырған адам өз ерік-жігеріне қарсы ешнәрсе істемейді әрі түрлі қиындықтардан қорғалады.

11. المُتَكَبِّرُ Әл-Мутәкәббир – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. «Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбіт, Аса сенімді, Толық басқарушы, Үстем, Бойсұндырушы, Тәкаппар» (Хашыр, 23)

Осы көркем есімді көп қайталайтын адам құрмет пен абыройға ие болады. Ал бұл есімді қиын іске кірісерден бұрын көп қайталаса, Алланың қалауымен ол іс оңтайланады. Сондай-ақ, бұл көркем есімді жүкті әйел толғатудан бұрын көп қайталаса, ізгі де ізетті ұрпақ туылады.

12. الخَالِقُ Әл-Халиқ – Жаратушы. «Ол – Алла – Жаратушы, Жоқтан бар етуші, Бейнелеуші, көркем есімдер Оған тән» (Хашыр, 24)

Алланың осы бір көркем есімін жеті күн бойы күніне 100 мәртеден қайталап жүрсе, Алла оны түрлі бәле-жалалардан қорғайды. Ал бұл есімді түнгі мезгілде ұзақ қайталауды дағдыға айналдырған жанның құрметі үшін Алланың қалауымен періштелер истиғфар айтып, Раббысына сәжде жасайды.

✅ Истиғфар айту

Оқылуы:

Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-РахиимАллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

Мағынасы:

Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.

✅   Салауат айту

  • «Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд»
  • «Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм»
  • «Аллаһуммә салли ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә хамиидун мәжиид»
  • «Аллаһуммә бәәрик ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә бәәрактә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид».

✅ Қосымша намаз оқу Намаз түрлері

Духа намазы.

Әууәбин намазы. 

Тәһәжжүд намазы.