December 9

Үйлену уәжіп және мәкруһ болған жағдайлар

Ибн Әбидин өзінің хашиясында (8\18-20) неке бабында айтты:

• Үйлену уәжіп болған жағдай:

«Егер ер адам көзін харамнан немесе онанизмнен тыя алмаса, онда ол адамға үйлену уәжіп болады, тіпті зинаға түсу қауіпі болмаса да».

Ескертпе: бұл жерде ер адамды бойдақ немесе үйленген деп бөлмейді. Сондықтан егер ер адам жоғарыда аталған күнәларға түссе, онда оған үйлену уәжіп болады.

• Үйлену мәкруһ болған жағдай:

««Әл-Бахр» кітабында (үйлену үшін әйелге нәпақа мен мәһірі болу керек) деген екі шартқа тағы (үйеленетін) әйелге зұлымдық жасап қою қауіпі болмау керек деген шартты қосты. Егер (үйленбесем) зинаға барып қоямын деген қауіп болса және сонымен қатар, егер үйленген жағдайда ол әйелге зұлымдық жасап қоямын деген де қауіп болса (яғни, екі қауіп қатар келсе), онда екіншісіне басымдылық беріліп, ол адамға үйлену парыз болмай қалады, бәлки үйленуі мәкруһ болады. Кәмәл ибн әл-Һумам өзінің «әл-Фәтх» кітабында айтты: «Өйткені адамға зұлымдық жасау басқаның ақысына байланған, ал зинадан тыйылу Аллаһу Тағаланың ақсынан. Сондықтан егер екі ақы (яғни, Аллаһтың ақысы мен адамның ақысы) қатар келсе, онда Аллаһу Тағаланың ақысынан гөрі құлдың ақысына басымдылық беріледі. Өйткені Аллаһу Тағала еш нәрсеге мұқтаж емес».

Мен (ибн Әбидин) былай деймін: «Сондай-ақ (үйленетін ер адамда жарына беретін) мәһр мен нәпақа болмаған жағдайда оған үйлену мәкруһ болады, тіпті егер үйленбесем зинаға барып қоямын деп қорқыныш болса да. Өйткені мәһр мен нәпақа құлдың (яғни, әйелдің) ақысынан, бірақ оған (мәһр үшін) қарыз алу мандуб болады деп келеді. «Әл-Бахр» кітабында айтты: «Егер адамның ниеті пақырлықтан қорқу емес, жақсылық және өзін (зинаға барып қоюдан) сақтану болса, онда Аллаһу Тағала ол адамға (қарызын өтеуге) жәрдем\кепілдік береді».