October 6

Қабірдегі сұрақ-жауап мәселесі

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Шарху Бәдәи әл-Әмәли» кітабында айтты:

«Дұрыс көзқарас бойынша Пайғамбарлар, оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қабірде сұралмайды. Имам ән-Нәсәфи «әл-Бахр» кітабында айтқандай.

Ал екі сахихта келген Пайғамбар ﷺ қабір азабынан пана сұрауының хикметін әл-Қади әл-Ғияд «Шарх Муслим» кітабында бұл Аллаһу Тағаланы ұлықтау және Аллаһу Тағалаға мұқтаж мұқтаж екенін көрсету, үмметке дұғаны үйрету және оның маңыздылылығын көрсету үшін деп түсіндіреді.

Ал жындар мәселесіне келетін болсақ, оларға және басқаларға қабір азабы жоқ екендігіне жалпылама дәлел болмағандықтан кейбір кейінгі ғалымдар олар қабірде сұралады деген.

Ал періштелер мәселесінде әл-Фәкиһәний айтты: «Мәтіндердің сыртқы мағынасы бойынша періштелер қабірде сұралмайды», ал имам әл-Қуртуби сұралады деген. Бірақ дұрысырағы бірінші көзқарас (әл-Фәкиһаний). Пайғамбар қабірде сұралмайтыны айтылғандай, сондықтан сахих көзқарас бойынша періштелер де қабірде сұралмайды.

Ибн Абдул-Барр айтты: «Ашық болған кәпір қабірде сұралмайды, бәлки сұрақ-жауап болмастан азапталады»».