October 18

Дәреттің жиі бұзылуы: қысқартылған ереже

Автор: Мәлика Умм Яхя

Тексерген: муфтий Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари

Дереккөз: AZAN.RU

Дәреттің жие бұзылуы фиқһтағы таңғажайып тақырып. Бұл туралы бәрі айтады, бірақ ережелерді ешкім түсінбейді. Сол себепті, мұсылмандар бұған қатысты ережелерді ойдан шығарып, басқалардың және өздерінің қателіктерін қайталайды. Нәтижесінде (дәреттері дұрыс болмау себепті) апталап (ай болмаса да!) қаза болған намаздарды қайта оқуға тура келеді.

Осыны бірнеше жыл бақылап, шынымды айтсам, бұл фиқһ тақырыбы өте күрделі болғандықтан мақала жазудан тартындым және жазбаша түрде бәрін анық түсіндіруге бола ма деп қатты уайымдадым. Бірақ бір сәтте бұл бірнеше ғана мәселе емес екенін атап өттім. Бұл «дәретіңіз жиі бұзылса, бұзылмайды» деген шақыру жазуы бар үлкен олқылық. Бұл мақала осылай пайда болды. Аллаһ тауфиқ беріп осы мақаланы оқығаннан кейін мұсылмандар бұрынғыдан азырақ қателік жасауын нәсіп етсін.

Сонымен, кейде адамдардың дәреттері жиі бұзылады. Ең жиі кездесетін себептер, бәлкім, зәр шығаруды ұстамау, жарадан қан ағу және әйелдердегі итихада. Әдетте дәрет үнемі бұзылса, ол қандай да бір ауру себепті болады. Себеп сирек болуы мүмкін: мысалы, қатты метеоризм немесе простата секрециясының жиі ағуы. Қалай болғанда да, мұндай жағдайлар әрқашан ыңғайсыз, физикалық тұрғыдан жағымсыз және жиі ауырады, сонымен қатар адам психологиялық тұрғыдан өте нашар сезінеді, өйткені сіз үнемі дәреттің бұзылуын күтесіз. Қарапайым шешім табуға деген ұмтылыс өте түсінікті.

Бірақ негізгі ережені жаттап алайық:

1.0. Егер адамның дәрет жиі бұзылса, бұл оның дәретсіздігі автоаматты түрде әрқашан кешірілетінін білдірмейді. Оның дәретсіздігі кешірілуі үшін ол мазғур мәртебесіне ие болуы керек.

Бірден терминологияны қарастырайық. «Үзір» деген сөз бар – дәрет үнемі бұзылып тұру. Міне, дәл осы үзір деген құрметті үкімді, дөрекі айтқанда, алу керек. «Менде үзір бар» деген сөз - үзірлі адамның үкімін алғандығыңызды білдіреді.

«Үзірлі адам» араб тілінде «мағзур» деп аталады (әйел болса, «мағзура»).

Бұл жерде қысқалық үшін «үзір көрінді» (бұл сіздің дәретіңізді бұзатын нәрсе қайта болды дегенді білдіреді) және «үзір үкімін бекіту» (яғни үзірлі адам үкіміне ие болу) сөздерінің тіркестерін қолданамын. Маған орыс тіліне мұндай еркін көзқарас ұнамайды, бірақ араб тілінен алынған бұл ыңғайлы терминдер болмаса, мақала екі есе ұзақ болады, ал бұл бізге бұл қажет емес. Және бәрі өте күрделі тақырып.

Фиқһ кітаптарында бұл мәселе жиі истихада мәселесінде айтылады. Истихада – етеккір немесе лохия болып саналмайтын әйелдердің созылмалы ауруы (выделения). Ол нені білдіреді? Әйелдің дәретінің түрлі-түсті бөліністерден жиі бұзылатынын, бірақ сонымен бірге ол етеккір емес болғандықтан, намаз оқуы керек. Содан кейін түсінбеушілік туындайды. Фиқһ бойынша қысқа мәтіндердің авторлары көбінесе истихадалы әйелдерді мағзура әйел ретінде жазып, бұл үкімді қалай алуға болатыны туралы егжей-тегжейлі түсініктемелерді жазбайды. Олар әйелдердің қан кетуі туралы айтқанда, истихада сөзін үзірлі адамның синонимі ретінде қолданатын көрінеді.

Мүмкін, бұрын әйелдердің денсаулығы жақсы болып - қазіргі әйелдер сияқты ұзақ истихададан зардап шекпеген болар. Ал егер ол кезде әйел истихадаға ұшыраса, онда бұл ауыр ауру (мысалы, ерте түсік түсіру салдарынан) және қатты қан кету секілді себеппен болды, сол себепті мұсылман әйел бірінші күннен мағзура болатын. Қалай болғанда да, фиқһтың қысқартылған мәтіндерінде созылмалы түсті бөліністері (выделения) бар әйелдердің барлығында үзірлі деген сезім тудырады.

Бұл дұрыс емес. Келесі түсініктемені жаттап алайық.

1.1. Егер әйелде истихада (выделения) болса, ол әйел автоматты түрде үзір үкімін алмайды.

Сонымен, сізде (қан ағып тұрған) үлкен жара немесе басқа жарақат бар және сіз мағзур үкімін алғыңыз келеді. Не істеу керек?

Мағзур үкімін қалай алуға болады?

2.0. Адамның мағзур болып есептелуі үшін намаз уақытының басынан аяғына дейін ол дәрет алып, намаз оқуға тырысқанда, дәреті үнемі бұзылып тұруы керек, яғни сен дәрет алып, намаз оқымақ болған сайын үзір шығады [1].

Намаздың барлық уақыты туралы айтып отырмыз - азаннан азанға дейін. Таң намазының аяқталуы мен бесін намазының арасындағы уақыт намаз уақыты болып саналмайды, тіпті адам осы уақыт аралығында дәрет алуға тырысып, дәреті үнемі бұзылса да [2].

Үзір үкімін орнату үшін, мысалы, намаздың ең қысқа уақытын алуға болады: ақшам немесе таң намазы.

Сонымен не істеу керек?

Намаз уақыты кірген бойда барып дәрет алуға тырысу керек. Дәрет (үзір себепті) бұзылса, дәретті қайталаңыз. Егер қайтадан бұзылса, қайталаңыз. Дәрет алып, намазға бардыңыз, дәрет қайта бұзылды ма? Қайтадан дәрет алыңыз. Солай намаз уақыты біткенше тырысасыз. Иә, қиын, бірақ бұл жерде мәселе дәреттің дұрыстығы туралы. Мұсылман адам дәретсіз намаз оқитын үкімге оңай қол жеткізе алмайды, өйткені дәрет – дініміздің белгілерінің бірі.

Уәс-уәсқа берілме, жүгірме, шектен тыс асықпа. Асықпай дәрет алып, сабырға тырысыңыз. Сағаттап дәреттің бұзылғанын көру өте жүйкені жұқартады, әсіресе үзірді бірінші рет орнатып жатпасаңыз. Аллаһ жәрдем берсін.

2.1. Намаздың аяқталуына өте аз уақыт қалғанда, соңғы рет дәрет алып, намазды оқуға тырысу ғана жеткілікті, дәрет алып, үзір шыққан болса да, қайтадан намаз оқуға барасыз [3].

Үзір үкімі осылай бекітіледі.

Сонымен, үзірлі адам үкімі бекіп, мағзур/мағзура үкімі алынды.

• 1-ші мысал:

Әйел адам сағат 10-00-де қатты қан кету истихадасын (выделения) көреді. Сағат 13:00-де бесінге азан айтылғанда, дәрет алуға тырысады, бірақ дәреті (истихада себепті) бұзылады. 15-55-те дәрет алып, бесін оқиды, өйткені 16-00-де екінтіге азан айтылады. Оның үзір үкімі бекіді (өйткені оның үзірі кәміл бір намаз уақыты аралығында болды: бесіннен екінтіге дейін).

• 2-ші мысал:

Әйел бесін уақыты кіргеннен кейін (бесін 13:00-де кірді) бір сағаттан соң 14-00-де қатты қан кетуді көреді. Ол дәрет алмақшы болады, бірақ дәреті үнемі бұзылады. 15-55-те дәрет алып, бесін оқиды, өйткені 16-00-де екінтіге азан айтылады. Ол әйелдің үзір үкімі әлі бекіген жоқ, өйткені оның үзірі кәміл бесін намаз уақытын алмады. Екінті уақытында дәрет алуға тырысады, бірақ ол қайтадан нәтиже бермейді. Екінті уақытының аяғында қан ағып тұрса да соңғы дәретін алып, намаз оқиды. Қазір оның үзір үкімі бекіді және қан кету басталғаннан бері ол үзірлі адам деп саналады. Бесінді қайта оқудың қажеті жоқ [4].

• 3-ші мысал:

Бір әйел бесін уақыты кіргеннен кейін (бесін 13:00-де кірді) сағат 14-00-де қатты қан кетуді көреді. Ол дәрет алуға тырысады, бірақ дәреті бұзылады. Сағат 15:55-те дәрет алып, қан кеткеніне қарамастан, екінті намазын оқиды, өйткені сағат 16:00-де екінтіге азан айтылады. Ол әйелдің үзір үкімі әлі бекіген жоқ, өйткені оның үзірі толықтай бесін намаз уақытын алмады, өйткені қан бесін намазы кіріп қойғаннан кейін бір сағаттан кейін ғана басталды. Екінті бойы да дәрет алуға тырысады, бірақ қайтадан нәтиже бермейді. Алайда, екінті аяқталуына бір сағат қалғанда қан тоқтайды. Дәрет алып, намаз оқуға үлгереді. Үзір үкімі орныққан жоқ және ол бесін намазын қайта оқуы керек (өйткені үзір үкімін алмағандықтан, ол бесін намазын дәретсіз оқыған болып есептеледі).

Үзірлі адам үкімін қалай сақтауға болады?

3.0. Үзір үкімі бекіген кезде үзірлі адам үкімі сақталуы үшін кәміл бір намаз уақытында кем дегенде бір рет үзір шығуы керек, яғни, мысалы, ақшам азаны мен құптан азанының арасында үзір кем дегенде бір рет шығуы керек.

Бұл қанның (егер қанның ағуына байланысты дәреттің бұзылуы туралы айтатын болсақ) бұдан былай үздіксіз ағып тұруының қажеті жоқ дегенді білдіреді. Намаздың әр уақытында бір рет қан шығу үзірлі адам үкімінде қалуға жеткілікті.

Таң намазының аяқталуы мен бесін намазының арасы кәміл бір намаз уақыты болып саналмайды [5].

Енді дәрет ешқашан бұзылмайды ма?

4.0. Дәрет үзірден басқа барлық себептермен үнемі бұзылады [6].

Мысалы, егер сіз мұрыннан қан кеткендіктен мағзур болсаңыз, кесілген саусақтың қаны қандай болса да дәретіңізді бұзады (яғни, сіз мұрыннан қан кету себепті мағзур едіңіз, енді саусағыңызды бір нәрсе кесіп кетіп, қан ақты. Онда сіз дәретті жаңарту керек, өйткені дәретіңіз үзірден тыс себепті бұзылды).

Келесі тармақта көп адам біле бермейтін өте маңызды нюанс бар.

4.1. Мағзур адамның дәретінің екі түрі бар: үзір себепті (қан кету себебінен үзір, намаз уақыты бітті, қан әлі ағып жатыр – және адам дәрет алды) және басқа себеппен дәрет алу (дәреті бар адам дәретханаға барып қайтадан дәрет алды, бірақ ол кезде қан ағып тұр).

4.2. Үзірге байланысты алынған дәрет намаз уақыты біткенде бұзылады [7].

Яғни, үзірлі адам әрбір намаз үшін жеке дәрет алу керек.

4.3. Басқа себеппен алынған дәрет үзір басталса бұзылады [8].

Осы жайтқа назар аударыңыз! Адам мағзур үкіміне ие болғанымен, бұл нақты жағдайда үзірдің қайта басталуына байланысты оның дәреті бұзылады.

Қайталап айтайық, біз, мысалы, қанның бөлінуіне байланысты үзірі бекіген мұсылман туралы айтып отырмыз, бірақ қан кету тұрақты емес: кейде ағады, кейде тоқтайды. Бұл кісіде дәрет бар, сосын әжетханаға барды, сол кезде қан тоқтап тұр, дәрет алды. Сосын Құран оқуға барса, жарасы қайтадан қанап бастады. Бұл қан оның дәретін бұзады!

Егер дәретті қанға байланысты алса, онда оның дәреті намаз уақыты біткенше жалғасады.

4.4. Үзірден басқа себеппен алынған дәрет, үзір қайта басталмайынша, намаз уақыты бітумен бұзылмайды [9].

4.3.-тармақтағы мысалда егер бұл мұсылман дәрет алғаннан кейін қан кетпесе, онда бұл намаздың уақыты біткен кезде дәрет бұзылмайды, өйткені ол кәдімгі дәрет ретінде қабылданады, адамның үзірі жоқ сияқты.

4.5. Үзір үшін дәрет алған кезде кез келген намазды (парыз және нәпіл) оқуға болады, Құранды ұстап қолға ұстап оқуға болады [10].

Үзірлі адам үкімін жоғалту

5.0. Егер толық бір намаз уақытында үзір бір рет болса да көрінбесе (мысалы, бесін мен екінті арасында үзір болған қан ақпаса), адам үзірлі үкімінен айырылады [11].

5.1. Адам дәрет алып жатқанда немесе намаздың соңғы отырысына дейін үзірі тоқтаса және екінші намаздың уақытында үзір бір рет болса да көрінбесе, ол кісі мағзур мәртебесінен айырылып, бірінші намаздың қазасын өтеуі керек.

Маңызды мәліметтер

6.0. Қайталап айтайық: мағзур адамның дәретінің дұрыс болуының екі шарты бар: 1) үзір себепті дәрет алу керек 2) және намаз уақыты кіргеннен кейін.

6.1. Мағзур үкімін алған адам үзір шыққанға дейін дәрет алып және үзірі көрінбей тұрып мәсісін киіп үлгерсе, тұрғылықты адам кәдімгідей 24 сағат, ал жолаушы 72 сағат мәсісіне мәсіз жасай алады. Егер үзірі дәрет алып жатқанда немесе мәсі киіп жатқанда көрінсе, мәсіні сол намаздың уақыты біткенше ғана мәсіх жасауға болады [12].

6.2. Үзірі дәретті бұзбау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек [13].

Мысалы, қан тек сәжде кезінде ағып, бірақ сәждеден тыс уақытта ақпаса, басты иіп сәжде жасап ишарамен намаз оқу керек. Намазда тұру және қиямда және рукуғ жасау кезінде ғана үзір шығатын болса да солай - намазды отырып, рукуғті ишарамен жасап оқиды.

6.3. Мағзур сау адамдарға имам бола алмайды, бірақ дәл сондай үзірі бар адамдарға имам бола алады [14].

6.4. Егер үзір нәжістің шығуымен болса: қанның, зәрдің, нәжістің және т.б. және нәжіс мөлшері бір дирһамнан (диаметрі шамамен 5-6 сантиметр) аз болса, онда бұл кешіріледі (яғни, сол киіммен намаз оқи беруге болады).

6.5. Егер нәжіс көлемі үлкен болса, онда намаздың алдында нәжісті кетіру керек, егер бұның мәні бар болса [15].

«Мәні болса» - яғни, дәрет алғанда және намаз оқыған сәтте дене мен киім қайтадан нәжіс болып қалмайтын болса.

Мағзур мәртебесін ала алмасам не істеуім керек?

7.0. Егер сіз мағзур/мағзура болып саналмасаңыз, әдетте дәретті бұзатын нәрсе қайталанған сайын дәретіңіз бұзылады.

7.1. Намаз уақыты біткен кезде дәретіңіз автоматты түрде бұзылмайды.

7.2. Намаздың дұрыс болуы үшін денедегі немесе киімдегі дирһам көлемінен үлкен нәжісті кетіру керек.

Егер сіз білместіктен мұндай нәжіс киіммен намаз оқып қойсаңыз, намазды қайта оқу керек.

Егер дәретіңіз өте жиі бұзылса, онда намаздың қысқа уақытын таңдай отырып (мысалы, таң немесе ақшам намазы) жоғарыдағы ережелерге сәйкес үзір үкімін алуға тырысыңыз.

Көбірек дұға жасаңыз. Дәрет алуды азайту үшін не істеу керектігі туралы кеңес алу үшін дәрігерге хабарласыңыз.

Аллаһ баршамызға қиындықты жеңілдетсін.

Мақаланы жазған кезде мен “Birgivi’s Manual Interpreted” by Hedaya Hartford and Ashraf Muneeb кітабына және Ұстаза Хедаяның (Аллаһ оны сақтасын) сабақ жазбаларына көп сүйендім.

Ұстаз Әбу Әли әл-Әшғари (Аллаһ оны сақтасын) тексеріп, мақұлдаған.

[1] (وصاحب عذر من به سلس بول) لا يمكنه إمساكه (أو استطلاق بطن أو انفلات ريح أو استحاضة) أو بعينه رمد أو عمش أو غرب وكذا كل ما يخرج بوجع ولو من أذن وثدي وسرة (إن استوعب عذره تمام وقت صلاة مفروضة) بأن لا يجد في جميع وقتها زمنا يتوضأ ويصلي فيه خاليا عن الحدث (ولو حكما) لأن الإنقطاع اليسير ملحق بالعدم رد المحتار لإبن عابدين ت1252ه (313/2) دار الثقافة والتراث [2] (قوله مفروضة) احترز به عن الوقت المهمل كما بين الطلوع والزوال فإنه وقت لصلاة غير مفروضة وهي العيد والضحى كما سيثير إليه فلو استوعبه لا يصير معذورا وكذا لو استوعبه الإنقطاع لا يكون برءا أفاده "الرحمتي"رد المحتار لإبن عابدين ت1252ه (314/2) دار الثقافة والتراث [3] رجل رعف أو سال عن جرحه الدم ينتظر آخر الوقت فإن لم ينتقطع الدم توضأ وصلى قبل خروج الوقتالفتاوى الولوالجية للولوالجي ت540ه (58/1) دار الكتب العلمية [4] ولو عرض بعد دخول وقت فرض انتظر إلى آخره فإن لم ينقطع يتوضأ ويصلي ثم إن انقطع في أثناء الوقت الثاني يعيد تلك الصلاة وإن استوعب الوقت الثاني لا يعيد لثبوت العذر حينئذ من وقت العروضرد المحتار لإبن عابدين ت1252ه (315/2) دار الثقافة والتراث [5] (قوله مفروضة) احترز به عن الوقت المهمل كما بين الطلوع والزوال فإنه وقت لصلاة غير مفروضة وهي العيد والضحى كما سيثير إليه فلو استوعبه لا يصير معذورا وكذا لو استوعبه الإنقطاع لا يكون برءا أفاده "الرحمتي"رد المحتار لإبن عابدين ت1252ه (314/2) دار الثقافة والتراث [6] قوله: "إذا لم يطرأ ناقض غير العذر" فإن طرأ ولو كان نظير عذره نقضه حتى لو كان به دما ميل أو جدري فتوضأ وبعضها سائل ثم سال الذي لم يكن سائلا إنتقض وضوءه لأن هذا حدث جديد فصار كما لو سال أحد منخريه فتوضأ مع سيلانه وصلى ثم سال المنخر الآخر في الوقت انتقض وضوءه لأن هذا حدث جديد كما في الفتح حاشية الطحطاوي على مراقي الفلاح 1/213 [7] قوله (فإذا خرج الوقت) المراد وقت المفروضة حتى لو توضأ المعذور لصلاة العيد له أن يصلي الظهر عند أبي حنيفة ومحمد وهو الصحيح نص عليه في "الهداية"التصحيح والترجيح لقاسم بن قتلوبغاه ت879ه (149) دار الكتب العلمية [8] [9] و إن توضأ من عذره و لم يعرض حدثٌ أخرُ و لم يسلْ من عذره عند الوضوء و لا بعده لا يُنقض بخروج الوقت لأنه طهارة كاملة قال في البحر: ثم إنما يبطل بخروجه إذا توضأ على السيلان أو وجد السيلان بعد الوضوء أما إذا كان على الانقطاع و دام إلى خروج الوقت فلا يبطل بالخروج من لم يحدث حدثا آخر أو يسل هـ منهل الواردين ص 293-294 [10] المستحاضة تتوضأ لوقت كل صلاة" رواه سبط ابن الجوزي عن أبي حنيفة رحمه الله تعالى فسائر ذوي الأعذار في حكم المستحاضة فالدليل يشملهم "ويصلون به" أي بوضوئهم في الوقت ما شاؤوا من "النوافل" والواجبات كالوتر والعيد وصلاة جنازة وطواف ومس مصحف حاشية الطحطاوي 1/149-150 [11] فإن المستحاضة إذا انقطع دمها مقدار وقت صلاة كامل تخرج من أن تكون مستحاضة فإن كان أقل من ذلك لا تخرجالفتاوى الولوالجية للولوالجي ت540ه (58/1) دار الكتب العلمية [12] قوله: "وإذا توضأ المعذور الخ" عبارته في الشرح وأما أصحاب الأعذار إذا توضؤا مع العذر أو وجد بعد تمام الوضوء قبل لبس الخف فإنهم يمسحون ما دام الوقت باقيا وأما إذا توضأ المعذور ولبس قبل طرو عذره فإنه يمسح كالأصحاء إلى تمام المدة اهـ بإختصار حاشية الطحطاوي 1/187-188 [13] و إن سال عند السجود و لم يسل بدونه كجرح بحَلقه يومئُ قائما أو قاعدًا لأن ترك السجود أهون من الصلاة مع الحدث فإن الصلاة بإيماء لها وجود حالة الاختيار في الجملة و هو في التنفل على الدابة و لا يجوز مع الحدث بحالٍ حالة الاختيار. فتح منهل الواردين ص 297 [14] و لا يجوز إمامتهم لغير المعذور بعذره فَلَو أمّ معذوراً صحّ إن اتحد عذرهمامنهل الواردين ص 290 [15] فإن أصاب ثوبه من ذلك الدم فعليه أن يغسل إن كان مفيدا أما إذا لم يكن مفيدا بأن كان مصيبه مرة أخرى ثانيا وثالثا لا يفترض عليه غسله وقال محمد بن مقاتل رحمه الله يفترض عليه غسل ثوبه في وقت كل صلاة مرة والفتوى على الأول خلاصة الفتاوى لطاهر البخاري ت بعد 600ه (17/1) مكتبة رشيدية