Қажылық кезінде әйел адам жүзін ашу мәселесі
«Әл-Любәб» кітабында (қажылық бабы): «Әйел адам ихрамға кірген сәтте басын ашпайды, өйткені әурет және жүзін ашады, ал егер жүзін басынан төмен қарай түсіп, жүзіне тиіп тұрмайтын қылып матамен жапса - рұқсат. Өйткені бұл көлеңкілеу секілді болады».
Шамдық мухаққиқ Шейх Сәйд Бакдаш حفظه الله تعالى сол кітапқа жазған түсіндірмесінде «жүзін ашады» деген жерді ашықтап айтты: «Яғни, ихрам халінде қажылық рәсімі үшін жүзін ашады. Бұл егер ол әйелге бөтен еркек қарамайтын болса. Егер қарайтын болса, онда ихрамдағы әйел жүзін ашып жүруіне тыйым салынады және жүзін (жүзіне тиіп тұрмайтын қылып) бір матамен жабуы уәжіп. «Ән-Ниһая», «әл-Мухит» және «әл-Фәтх» кітабында ихрамға кірген әйел фитнадан аман болу үшін жүзін (жүзіне тиіп тұрмайтын қылып) матамен жабуы мустахаб деп келгендей».
Ары қарай Шейх Сәйд Бакдаш حفظه الله تعالى соған қатысты хадистер мен ханафи мәзһабының кітаптарынан дәлел келтіреді (бұл дәлелдердің барлығы каналымызда аударылған, сондықтан қайта аударуды жөн көрмедім).