September 10, 2020

Қазақстандық өзгеше ойлау!

Қазіргі қазақ халқының басты қателіктерінің бірі, әлемде болып жатқан проблемаларды Қазақстанда халық жоқ деп есептейді. Қазақстан жабық ел болмағанымен, халқы өзін Солтүстік Корея секілді оқшаулап тастаған. Әлемде қандай жаңалықтармен өзгерістер болмасын, өзімізге қатысы жоқ секілді, "ее, олар әбден тойымсынып, не істерін білмей жүргендер ғой" деп қоя салады.
Егер де тарихтың не үшін керек екеінін толығырақ түсінсек, халықтың кішкене де болсын көзі ашылар меді?
Неге олардың проблемалары бізге болмайтын нәрсе секілді көрінеді, себебі біздің проблемалардың жауаптарын олар 40-50 жыл бұрын шешіп қойған халықтар. Оларда біздікі секілді материалдық проблемалар жоқтың қасы. Елдің экономикасын көтеру, халықтың тамағын тауып беру, үй салу, жол т.б. Біздің бітпейтін мәселердің барлығын шешіп қойған халықтар. Олар енді өз территориясын ғана емес, әлемді ойлайтын деңгейге өсіп жатыр.
Теңіздегі пластик, ғаламдық жылыну секілді экологиялық проблемаларды неге тек дамыған елдің халықтары әлемдік деңгейде көтереді. Себебі олар материалдық әлемнен шығып, болашақты ойлауға көшкен саналы халық болып келеді. Оларға өз елінің емес, планетаның болашағы маңыздырақ. Егер қазіргі Қазақстанның экологиялық проблемалырын іздестіріп, қарайтын болсақ. Зауыт, фабрикалардан шыққан қалдықтар, Арал теңізі мен Семей ғана емес, олардан әлде қайда көп. Жоғарыда айтылғандай, ғаламдық жылынудың әсері еліздің биік тауларындағы мұздықтарды ерітіп, алдағы жылдарда кейбір өлкелерде тұщы судың дефициты пайда болуына ешкім қарап та жатқан жоқ. Ал айтып жатқан халықтардың сөзін емес, елінде болып жатқан тәртіп бұзушылықтарға қараймыз. Әрине ондай қоғамдарда да кері әсерін тигізетін идеологиялар мен сенімдер кездеседі. Жоғарыда айтылғандай, саналылардың ішінде де, тойымсынғандар кездеседі. Мысалы соңғы уақытта АҚШ-та болып жатқан жағдайлар, менің ойымша есірген адамдардың ісі. Өз құқықтары үшін 100 жылдай күрескен халық, күресінің жемістерін енді жей бастағанда, тойымсынған ұрпақтары санасыздыққа көше бастады. Цицерон айтпақшы "Құлдың арманы, өзінің құлы болуын қалауында"
Я, әрине әрбір жақсы істердің, кемшіліктері де болады. Бірақ өкініштісі, біздің халық дамыған елдердің тек кемшіліктерін көруде. Ешкім өзенді тазалап жатқан адамның видеосын ютубтан "өзі" іздеп көрмейді, көре қалса да барлық жасары "лайк".
Қорытындылай, айтқым келгені, біздің халыққа әлемнен алатын сабақтарды сұрыптап үйрену қажет. Әлемдік проблемаларды, кейін біздің ұрпақтарымызға да тиетінін сезініп, мотиваторлар қоймай айтатын "бүгінгі күнмен өмір сүр" дегенге қатып қалмай, бір сәтке болашаққа көз салу қажет. Тарихта атыңды қалдырғысы келетін қазіргі псевдо-патриоттарға айтарым, сенің атыңды жалғастыратын қайдағы Джон емес, өзіңнің ұрпағың. Егерде ұрпағың өзің қалағандай осы жерде өмір сүрсін десең, шеккен темекің мен ішкен суыңның сыртын қоқысқа тастап үйрен. Осы істің өзі, осы әлемге деген орасан пайдаң болады.