Психометриялық емтихан бөлімі
"Медицина", "Стоматология", "Педиатрия", "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламалары топтарының "Денсаулық сақтау" саласы бойынша оқуға түсушілер оқуға түсу кезінде психометриялық емтихан тапсырады.
Құжаттарды тапсыру кестесі және арнайы (психометриялық) емтихан өткізу мерзімдері
Онлайн тіркеу мерзімі 15.06.2023 – 8.07.2022
Емтихан өткізу мерзімі 20.06.2023 – 10.07.2023
Апелляцияға өтініштерді қабылдау 11.07.2023
Емтиханды өткізу орны Ул. Бейбітшілік көшесі 49а, компьютерлік класстар – 412, 413, 201
Онлайн тіркеу мерзімі 25.07.2023 – 15.08.2023
Емтихан өткізу мерзімі 25.07.2023 – 15.08.2023
Апелляцияға өтініштерді қабылдау 16.08.2023
Емтиханды өткізу орны Ул. Бейбітшілік көшесі 49а, компьютерлік класстар – 412, 413, 201
Арнайы емтиханға қатысуға тіркелу
Психометриялық емтиханға тіркелу сілтеме бойынша онлайн режимінде жүзеге асырылады http://pstest.amu.kz
Тіркеу кезінде түсуші сайтта ұсынылған емтиханды тапсыру күні мен уақытын таңдайды. Психометриялық емтихан тапсырған күні оқуға түсуші университеттің қабылдау комиссиясына салыстыру үшін келесі құжаттарды ұсынады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
2) 3 x 4 см, өлшемдегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (барлығы жағдайда).