Бакалавриатқа қабылдау процесі ақылы негізде оқуға түсу
I КЕЗЕҢ – ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ҰБТ ТАПСЫРУ
Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады. «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша оқуға түскісі келетін тұлға келесі пәндер бойынша ҰБТ тапсырады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, химия, биология.
II КЕЗЕҢ – ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ
Келесі білім беру бағдарламалары бойынша
– Мейіргер ісі (Кинезитерапия, Эрготерапия),,
Білім алушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанындағы арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.
Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, медициналық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.
«Астана медицина университеті» КеАҚ-да психометриялық емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Психометриялық емтиханнан өту үшін талапкер «Астана медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқасы және көшірмесі);
2) 3 x 4 см өлшемдегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
III КЕЗЕҢ – ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ
Ақылы оқуға конкурсына қатысу үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 70 балл жинаған тұлға жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Ақылы негізінде конкурсқа қатысу үшін талапкерлерді университеттің қабылдау комиссиясына өтініш пен құжаттар топтамасын мен ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген.
Ақылы негізінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі Университеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Ақылы бөлімшеге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімдері:
IV КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ
Ақылы негізде Университетке оқуға түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін студенттер қатарына қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырады.
https://amu.edu.kz/ru/postupayushchim/abiturientam/admission-procedure/5718/
Бакалавриатқа оқуға қабылдау құжаттарының тізбесі бөлімі
1) университет ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат / диплом) (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);
4) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
5) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотокарта (ТАӘ мен мамандықты қиып, қол қою);
6) 075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У нысанының көшірмесі (егу картасы көшірме);
7) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді ("Мейіргер дело", "Кинезитерапия", "Эрготерапия", "Стоматология" білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрінде);
8) IELTS 5.5 (Intermediate, В-1, TOEFL 567 және одан жоғары) баламалы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі. (бар болса);
9) басым құқықты растайтын құжат:
- алтын белі, Үздік аттестат, үздік диплом, көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісі иегерлері,
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және соңғы үш жылдағы спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған) жеңімпаздары, сондай-ақ жеңімпаздар ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), олар таңдаған мамандық олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың нысанасына сәйкес келген жағдайда,
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады;
- медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілмеген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектігі бар тұлға, мүгедектігі бар балалар қатарындағы азаматтар;
- басқа мемлекеттер аумағындағы бо қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- ауыл жастарының арасынан ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға азаматтар;
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
- төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
- үш жылдан кем емес мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары;
- бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек тұлға.
10) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірмесі);
11) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт.
13) қағаз папка байланыстырғыш.
Оқуға қабылдау құжаттарының тізбесі
1) университет ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат / диплом) (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);
4) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
5) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотокарта (ТАӘ мен мамандықты қиып, қол қою);
6) 075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У нысанының көшірмесі (егу картасы көшірме);
7) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді ("Мейіргер ісі", "Кинезитерапия", "Эрготерапия", "Стоматология" білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрінде);
8) IELTS 5.5 (Intermediate, В-1, TOEFL 567 және одан жоғары) баламалы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі. (бар болса);
9) басым құқықты растайтын құжат:
алтын белі, Үздік аттестат, үздік диплом, көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісі иегерлері,