February 1, 2019

ТАПСЫРМАЛАР

❤АНАНЫ ТАНУ

Анаңызды жақын түсіну үшін, ең алдымен анаңызды ТАНУЫҢЫЗ керек.

Ол туралы көбірек ақпарат білуге тырысыңыз.

Өзінен сұраңыз немесе бауырларынан, жақындарыңыздан сұраңыз:

Анаңыз қашан, қай жерде дүниеге келді?

Оны қалай тәрбиеледі?

Отбасында нешінші бала болды?

Ата-анасына ол қалаулы бала болды ма, жоқ әлде жәй көп баланың бірі болды ма?

Оның ата анасы қандай болды?

Сіздің анаңыз өз анасынан махаббат пен жылу ала алды ма?

Киер киімі, тамағы тоқ болды ма?

Ол балалық шағында қандай болды?

Қандай мектепте оқыды? Үлгерімі қандай болды?

Ол қандай адамдардың арасында өсті?

Тұрмысқа шыққанда анаңыздың жағдайы қандай болды?

❤ Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. Жауап бере отырып, оның өткен өмірі қазіргі оның жағдайына, мінезіне, көңіл күйіне қалай әсер еткені жайлы ойланып көріңіз.

❤АНАҒА ХАТ

Анаңызға психологиялық хат жазыңыз.

БАСТЫСЫ - хатта анаңыздың өзіне айта алмаған сөздеріңізді жазыңыз!

Көп жағдайда біз анамызға айта алмаған, айтылмаған сөздерімізге «тұншығып», қарым-қатынасты жылыта алмаймыз.

❤Ол хатты әрине анаңызға жібермейсіз!

Сондықтан да, ОЙЫҢЫЗДЫ АШЫҚ ЖАЗЫҢЫЗ!

Мейлі жақсы болсын, жаман болсын осы хатта сіз шынайы ойыңызды, сезіміңізді, ренішіңізді, өкпе-назыңызды, сыйластығыңызды, сағынышыңызды бәрін-бәрін жазыңыз.

❤ "Анаға апарар жол" (2018) фильмін көріп шығуды ұсынамыз.

Сілтемесі төменде 👇🏻👇🏻👇🏻

ОСЫ ЖАЗУДЫҢ ҮСТІН БАССАҢЫЗ, ФИЛЬМДІ КӨРЕ АЛАСЫЗ

ЕКІНШІ ТАҚЫРЫПТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

  1. Қандай қыз тәрбиелегіңіз келеді?
  2. Бірінші сұрақтан туындайтын жауабыңызға сұрақ: Не үшін және кім үшін қызыңызды солай тәрбиелегіңіз келеді?
  3. Кішкентай кезіңізден бастап анаңыздан естіген, сізге ұнамайтын сөздерін есіңізге түсіріңіз. Өзіңіздің сол кездегі сезіміңіз қандай болды? Басыңыздан өткен оқиғалады есіңізге түсіріп жазыңыз.

Қазір сіз қызыңыздың сондай сезімде болғанын қалайсыз ба? Осы ойларыңызды саралап, қызыңызбен қарым-қатынасты жөндеуге, жақсартуға тырысыңыз.

4. Қызға интимдік ақпаратты эфирдегі инструкция бойынша беріңіз.

АНАҒА ЖАҚЫНДАУ техникасы

техника жасау үшін мына сілтемені басыңыз 👇🏻👇🏻👇🏻

https://youtu.be/bUrf1MRzxEE

АТА-АНАМЕН БАЙЛАНЫС медитациясы

техника жасау үшін мына сілтемені басыңыз 👇🏻👇🏻👇🏻

https://youtu.be/3sXprnZstig