January 9, 2020

ЕКІНШІ ТАПСЫРМА

❤ АНАҒА ХАТ

Анаңызға психологиялық хат жазыңыз.

БАСТЫСЫ - хатта анаңыздың өзіне айта алмаған сөздеріңізді жазыңыз!

Көп жағдайда біз анамызға айта алмаған, айтылмаған сөздерімізге «тұншығып», қарым-қатынасты жылыта алмаймыз.

❤Ол хатты әрине анаңызға жібермейсіз!

Сондықтан да, ОЙЫҢЫЗДЫ АШЫҚ ЖАЗЫҢЫЗ!

Мейлі жақсы болсын, жаман болсын осы хатта сіз шынайы ойыңызды, сезіміңізді, ренішіңізді, өкпе-назыңызды, сыйластығыңызды, сағынышыңызды бәрін-бәрін жазыңыз.

ӨЗІҢІЗДІҢ ЖЕКЕ ДӘПТЕРІҢІЗГЕ ЖАЗАСЫЗ✅