June 4, 2019

РАМАЗАН СОҢҒЫ КҮН

🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸

Бүгін Алла бұйыртса, Алланың 99 көркем есімін жаттап бітіреміз ❤

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис‑шәріпте: «Алла Тағаланың 99 есімі бар. Кімде кім сол есімдерді санап айтатын болса, жәннәтқа кіреді»‑ дейді.
(Бухари)

🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸
Күнделікті жаттаған хадистеріміз бен дұғаларымызға да амал етуді ұмытпаңыздар ❤
⠀ Бүгінгі тапсырма:

1. Айт мерекесіне дайындықты ең бірінші тазалықтан бастаймыз. Үйдің бүкіл мүшелерінің ғұсыл алуын, балаларыңыздың шомылуын қамтамасыз етіңіз. Айт мерекесінде бүкіл жағынан тазалық болуы ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с) сүннеті

2. Отбасыңызбен ертеңге ең әдемі киімдеріңізді дайындап қойыңыздар

3. Айт мейрамына үйді безендіруге тырысыңыз. Балаларыңызды қызықтырып, түрлі тапсырмалар беріп, безендіруді бірге жасаңыздар. Балаларыңызға Айт мейрамының ерекше екенін барынша түсіндіріңіз 💙 Мерекелік шарлар, жақсы көңіл күй сыйлаңыз

4.Айт мейрамының дастарханын барынша мол етіп жаю үшін бар өнеріңізді салыңыз. Интернеттен түрлі рецептілерді қарап, пісіретін дүниелерді бүгін дайындап қойыңыз


5. Бүгінгі жаттайтын көркем есімдер:

  1. البَاقِى Әл-Бақи–Бақи, Мәңгі. Ол мәңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді. Егер бұл есімді күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.
    97. الوَارِ ثُ Әл-Уарис–Мұра Иесі. Барлық мұра Алла Тағалада.
    98. الرَّشِي دُ Әр-Рашид–Салушы.
    99. الصَّ بو رُ Әс-Сабур–Сабыр иесі.100 рет Алланы еске алып зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жүреді.

    6. Рамазан күнделігіңізге осы жылғы Рамазанның қорытындысын жазыңыз. Бұл Рамазанның ерекшелігі.
    Бұл Рамазанда менің өмірімде не өзгерді?-деген сұрақтарға жауап жазыңыз


Күнделікті орындауға берілген тапсырымаларды тастап кетпеңіз. Керісінше, өзіңізге әдетке айналдырыңыз ❤

ОСЫ ҚАСИЕТТІ АЙДА БІЗБЕН БІРГЕ БОЛҒАН ӘРБІРІҢІЗГЕ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!

АЛЛА БҰЙЫРТСА, КЕЛЕСІ РАМАЗАНДЫ БҰДАН ДА КӨП БОЛЫП, ЕҢ БАСТЫСЫ БІРГЕ ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ! 😍🤲