4-КҮН

Әр күніміз Аллаға деген махаббатпен және Оның жаратқан жаратылысына деген махаббатпен нұрлансын!

Бүгінгі тапсырма:

  • Кейде баламыздан көп нәрсені талап етеміз: тәртіпті болуды, шуламауды, мектепке барса, тек бес алуды, т.б. Кейбір айтулы күндері ғана (туған күн, мереке) оның әлі кішкентай бала екені есімізге түседі. Бүгін балаңызды қуантыңыз: сыйлық жасаңыз, ең сүйікті тамағын пісіріп беріңіз, достарымен аулада қалағанынша ойнауға рұқсат беріңіз, қалай қуантсаңыз да өз еркіңіз. Егер студент болсаңыз, айналаңыздағы кез келген адамның қуанышына себепкер болыңыз: қалай жасайсыз, өз еркіңізде)
  • Өзіңіз танымайтын, көшедегі кемінде 3 адамға жақсылық жасаңыз (ниет етуді ұмытпаңыз): магазинде кезекте тұрсаңыз өткізіп жіберіңіз, лифттің номерін баса салыңыз, қоқыс тастауға бара жатсаңыз, оның да қолындағысын ала салыңыз, т.б. Негізі осындай әрекеттерді күнделікті жасап жүреміз, алайда өзіміз мән бермейміз. Есіңізде болсын: айналаңызға не бересіз, соны аласыз)
  • Бүгінгі күнді махаббатқа арнадық. Олай болса, бүгін ең кемінде үш адамға оны жақсы көретініңізді айтыңыз, тілек тілеңіз, олар үшін де дұға жасап қойыңыз. Отбасылы ханымдар баласына, жұбайына, ата-енесіне айтса болады. Жалпы, барлық ханымдар жақын-туыстарына, құрбыларына айтсаңыздар болады. Есіңізде болсын: әрбір берген махаббатыңыз, жылы сөзіңіз ешқашан қайтарымсыз болмайды! Мүмкін, айтқаннан кейін сіз ол адам үшін ең жақын адамына айналарсыз)
  • Бүгінгі хадис:
«Шынында, міскінге берген садақа, бір ғана садақаға жатса, ал туысқан адамға беру екі сауап­ты амалға, әрі садақаға, әрі туыстық байланысқа жатады»
  • Алланың көркем есімдерін жаттауды тоқтатпаңыз:

3. Әр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.

4. Әл-Мәлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды.


Ал, мынау күнделікті істелінетін әрекеттер тізімі:

  • Пайғамбарымызға (с.а.с) 100 салауат айту.
  • Пайғамбарымыздың өмірбаянын оқу.
  • Садақа құтысына 100тг салу