11-КҮН

Аллаға шүкір, мәуліт айының келесі күніне де жеттік! Бойыңыз әбден үйреніп, қасиетті мерзімнің раxатына бөленіп жүрген шығарсыз. Дегенмен, әр күнді пайдалы әрі қызықты етіп өткізуді де ұмытпаған жөн.

Сонымен, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Салауат марафонының басталғанына 10 күн болды. Біршама жақсы амалдар жасап, күнделікті тапсырмаларды орындап жатырсыз. Енді өзіңізге есеп беретін уақыт келді. 10 күнде не істедіңіз? Қандай амалдар, құлшылықтар жасадыңыз? Өміріңізде өзгерістер болып жатыр ма? Не нәрсе түйдіңіз? Не үйрендіңіз? Осы сұрақтарға жауап іздеп, пост жазыңыз. Көркем әңгіме парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз)
  • Туыстарыңызбен тағы да xабарласыңыз. Бұл жолы алдында xабарласпаған жақындарыңызға xабарласыңыз. Қал-жағдайын сұраңыз. Мүмкіндік болса, оларды қонаққа шақырыңыз немесе өзіңіз барыңыз. Қазақтың аз туысы болуы мүмкін емес :)

( өткен тапсырмаларда әр аптаның бір күнін белгілеп қонақ шақырыңыз деген болатынбыз)

  • Түнде жатарда өз жатысыңызға мән бересіз бе? Бүгіннен бастап оң жақ қырыңызбен ұйықтаңыз мүмкіндігіңізше. Бұл - сүннет)
  • Бүгінгі хадис:
«Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат – сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық – жүректі жамандықтардан (өшпенділік, қатігездік, дұшпандықтан) тазартады».
  • Алланың көркем есімдерін жаттауды да ұмытпаңыз:

17.Әл-Уаһһаб – Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.

18.Әр-Раззақ – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.


Күнделікті орындалатын тапсырмалар:

  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
  • Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянын оқу
  • Садақа құтысына 100тг салу