8-КҮН

Бүгін сенбі. Көп адамдарда демалыс күні. Аптаны аяқтап, демалыспен рахаттануға дайындалып жатқан боларсыздар. Бірақ, тапсырманы орындау да қалып қоймау керек)

Бүгінгі тапсырма:

  • Пенде болған соң, араларында түсініспеушілік болмауы мүмкін емес. Сол себепті егер сіздің айналаңызда құрбыңыз, туысыңыз, жай таныс адамыңыз болсын араларында түсініспеушіліктен пайда болған кикілжің болса, оларды татуластыруға тырысыңыз. Ренжіскен, араздасқан адамдарды татуластыру керек.
  • Соған орай, бүгінгі хадис мынадай:
«Ауру адамның хал-жағдайын сұрау үшін 2 км ( болса да ) жол жүр, араздасқан адамдарды татуластыру үшін 4 км ( болса да ) жол жүр, ал бір дін бауырыңнан хабар алу үшін және ілім адамынан бір мәселе үйрену үшін де 6 км ( болса да ) жол жүр!»
  • Егер мүмкіндігіңіз болса, ең болмағанда бүгінгі бір мезгіл тамақты отбасыңызбен бірге жерге отырып ішуге тырысыңыз. Жерге отырып тамақ ішу - сүннет.
  • Алланың көркем есімдерін жаттауды ұмытпаңыз:

11. Әл-Мутәкәббир – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады.

12. Әл-Халиқ – Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.


Күнделікті орындайтын тапсырмалар:

  • Пайғамбарға (с.а.с) салауат айту.
  • Пайғамбардың (с.а.с) өмірбаянын оқу.
  • Садақа құтысына 100тг салу