13-КҮН

Күн сайын Алланың берген сансыз нығметтерін көріп, олардың қадір-қасиетін ұғынып жатқын шығарсыз. Көп аймақтарда күн суытып, қыс келгенін сездіртіп жатыр.

Бүгінгі тапсырма:

  • Ертең қасиетті Жұма күні. Жұма күнге дайындық жасаңыз: үйіңізді тазалаңыз, ауланы тазалаңыз. Кәдімгі мерекеге дайындалған секілді дайындық жасаңыз. Егер сіз солай күтетін болсаңыз, балаларыңыз да болашақта Жұма күнін мереке ретінде қарсы алатын болады.
  • Сыйлық беруді жалғастырыңыз. Өткен тапсырмаларда айтылғандай, міндетті түрде бағалы зат болуы шарт емес. Бастысы шын көңілізден берсеңіз болғаны. Ішіңізден ниет етуді ұмытпаңыз)
  • Бүгін бейсенбі. Өткен тапсырмаларда айтылғандай, аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау - сүннет. Мүмкіндігіңізше бүгін ораза ұстаңыз)
  • Бүгінгі хадис:
«Күндердің ешбірінде қасиетті де тамаша жұмадағыдай күн шығып, күн батпайды. Құлдың ізгі дұғасы мен өтініші міндетті түрде қабыл болатын, ал жаманнан аулақ болуды қалаған адам әрқашан қорғанышта болатын он күннің бір күні бар».
  • Алланың көркем есімдерін жаттауды ұмытпаңыз:

21.Әл-Қабид – Қысып алушы. Кімге қаласа, ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе, аш-зарыққан болмас.

22.Әл-Басит – Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.


Күнделікті орындалатын тапсырмалар:

  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
  • Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянын оқу
  • Садақа құтысына 100тг салу