28-КҮН

Сағынып жеткен мейірім айының, кешірім айының, рақым жауған айдың да аяқталуына 2 күн қалды. Бұл бізге күнделікті құлшылықтан да көп құлшылық жасауымыздың, барынша сауапты амалдарды көп жасауымыздың белгісі.


БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Рамазан айында аузыңыздан шыққан әрбір сөзге үлкен мән беру керек. Себебі Алла қабыл етіп, ойнап айтылған әңгімелеріңіз қабыл болып кетуі мүмкін. Сондықтан, бүгін өз өзіңізге челлендж жариялаңыз: ешқандай жаман сөз айтпауға, тек сұрақ қойса ғана жауап беруге, артық сөз айтпауға, ашуланбауға. Осының бәріне жұмсаған энергияңызды игі амалға жұмсаңыз, дұға жасаңыз)
  • Ұзақ уақыт хабарласпаған туысыңыздың, жақыныңыздың қал-жағдайын біліп, Рамазанмен құттықтап қойыңыз. (кем дегенде екі адам)
  • Кейде балаларыңыздан көп нәрсені талап етесіздер: тәртіпті болуды, шуламауды, мектепке барса, тек бес алуды, т.б. Кейбір айтулы күндері ғана (туған күн, мереке) оның әлі кішкентай бала екені есімізге түседі. Бүгін балаңызды қуантыңыз: сыйлық жасаңыз, ең сүйікті тамағын пісіріп беріңіз, достарымен аулада қалағанынша ойнауға рұқсат беріңіз, қалай қуантсаңыз да өз еркіңіз. Егер студент болсаңыз, айналаңыздағы кез келген адамның қуанышына себепкер болыңыз: қалай жасайсыз, өз еркіңізде)
  • Бүгінгі хадис:
«Алладан қорқыңдар, туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар. Күдіксіз, Алла сендерді бақылап тұрушы»  


  • Бүнгі жаттайтын Алланың үш есімі:

86. Әл-Муқсит – Өте әділетті.

87. Әл-Жаамиғ – Жинаушы.

88. Әл-Ғаний – Бай, ештеңеге мұқтаж емес.

89. Әл-Муғний – Байытушы.

90. Әл-Мааниғ – Тыйым салушы, Тоқтатушы.


КҮНДЕЛІКТІ ОРЫНДАЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР

  • Түнгі намаз - тахаджудты оқу
  • Марафонның алғашқы күні берілген дұғаны оқу
  • Ұйқыдан оянғанда "Аллаға шүкір" деп 1000 рет, ұйқыға жатарда "Аллахым кешірші" немесе "Астағфируллах" деп 1000 рет айту
  • "Адамзаттың асыл тәжі " кітабының 15 бетін оқу
  • Мисуакты және зікірматикты күні бойы қолданып жүру
  • Шүкіршілік дәптеріне жазу
  • Рамазанның күнделігін жүргізу