Ерекше балалардың аналары үшін білу керек 5 қағида
Отбасында бала ең бірінші мектепке барғанда үйде ата-ана үшін тағы бір жауапкершілік туындайды.
Баламен қосымша үйге берілген тапсырманы орындау үшін ата- ана өзінің жеке өмір кестесінде біршама бала үшін уақыт тауып, баламен уйге берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды.
- Бала егер мектепке барса сондағы алған білімі балаға жеткілікті емес па?
мектепте баланың білім алуы үшін, оқып үйрену үшін, мемлекеттік деңгейінде балаға барлық жағдай жасалған, неге біз ата-ана оны үйде тағыда қайталап бекітуіміз керек? - деген сұрақ туындайды
Ата-ана бала біліміне ат салыссын, екі ара қатынас қалыптассын деген оймен , мен бұл сұраққа осылый жауап берер едім.
Бәрімізге мәлім қазіргі таңда ерекше бала саны артып келе жатыр, балабақша, мектеп қабырғаларында да жйі кездесіп жатады. ӨКІНІШКЕ ОРАЙ БАРЛЫҚ ЕРЕКШЕ БАЛА өз денсаулығына байланысты, ерекшелігінің деңгейіне байланысты қоғамдық мекемелерде басқа балалармен жалпылай білім алуы қиынға соғады
Ең алдымен ерекше бала кім? Деген сұраққа жауап берейік
Ерекше бала қазіргі 21ғасырдың індеті десек те болады, тек біздің мемлекет емес бүкіл әлем жүзінде ерекше балапандарымыздың саны артып келеді.
Ал енді осы жерде мындай сұрақ туындайды?
Неге біз ата-ана өз дені сау баламыздың дамуына тек бір мекемеге ғана тапсырып қарап отыра бермей, баламен уй жағдайында да кешке 2-3 сағат уақытымызды неге бөлмейміз ?
Қысқасы айтқым келгені , неге ерекше балалар анасы балаларды тек арнайы мекемелерден алған білімін жеткілікті көріп, немесе мен арнайы маман емеспін ғой, мен логопед емеспін, мен психолог емеспін, мен дене шынықтыру маманы емеспін деп ерекше бала біліміне келгенде өзімізде ерекшеленіп қаламыз.
Ал сіз дені сау баламен үйде сабақ уй тапсырмасын орындап отырғаныңызда , мен математик емеспін, мен қазақ-тілі маманы емеспін деп бөлмедіңіз ғой.
Балаңыз үшін оқып үйреніп алдыңыз. Енді неге ерекше бала біліміне келгенде маман іздеп уйде жұмыстануға шаманыз не, күшініз келмей жатады. Бұл жерде мен бәріне бірдей топырық шашпаймын. Бәлкім оқытып та, жұмыстанып та жүрген аналар бар да шығар , мен бұл жерде балаға қамқорлық пен бала жағдайын жасауды айтып тұрғаным жоқ, нақты бала дамуына байланысты білім бағытын айтып тұрмын .
Осы жазбамды оқып отырған әр ерекше аналарға айтарым, балаларыңызды дамыту түзету орталықтарына бердіңіз ба, күніге сол алған біліміңізді уйде де қорытып , дамыта отырыңыз, себебі бала орталыққа тек 3-4 сағат қана болады, ол бала дамуына өте аз. Ерекше бала 24/7 даму процесінде болу керек.
Сондықтан мен сіздерге ерекше балалар аналарына ерекше білімді игеруге кішігірім чек-лист дайындап қойдым. Қазіргі таңда сіздер білу керек ақпараттар ғана жазылған, ал егер толық игергім келеді десеңіз сіз үшін жаңа білім есігі ашық, хабарлассаңыз кері байланыс аласыз.
Балаңызға қойылған диагнозымен толықтай танысып, қабылдай алыңыз. Бұл жерде сіздерге диагноз дұрыс қоймады деп 1040 маман іздеп , әр қайсысына «сіздің балаңызда бәрі жақсы» деген сөзді естіп қаламыз ба деген үмітте уақыт өткізіп, өзіңізді алдап жүру емес, барына айқара анық қарап қабылдап, өзіңізді қолға алап жұмысты бастау, яғни балаңыздың денсаулығының дұрыс қалыптасуына өзіңіз жауапкершілікті алып ат салысу.
Диагнозбен толық танысу, ол ақпаратты қайдан аламыз? Бізге кім үйретеді? Деп интернеттен ақпарат іздеген аналар кейде қол қусырып, депрессияға түсіп, бала өміріне нүкте қойып жатады, әрине бұл тек бала диагнозын енді естіп , қабылдай алмай жүрген аналар үшін, бұл уақыттан да өтесіз немесе бәлкім өтіп те келесі этапқа қадам басып кеткен де боларсыз
Әрі кеттік, диагнозбен танысу, ақпарат жинау шешімін іздеу процессіне қарай. Бәріміздің көзіміз ашық инстаграм дамыған заман, өзіңіз дұрыс ау деген маманмен кездесіп толық диагностика өтіп әрі қарай қалай жұмыстану керек екенінен ақпарат алып, маманнан баланың бұл диагнозына қалай тап болуы, бала ағзасында, миында қандай өзгерістер болып жатқаны туралы нақты дұрыс жауап алыңыз.
Әрі қарай жүргізілетін жұмыстарды сізге де уйретіп немесе өзіңіз басқа білікті мамандардан білім алып бала даму процесін өзіңіз жіті қадағалап , қай жерде қалып қойып жатыр, қандай тапсырмалар орындалып жатыр, олар дұрыс орындалып жатырма екенін өз қадағалауыңызға алуыңыз қажет
Балаңыз сөйлемесе логопед керек екен деп тек логопедке апарып жүріп уақыт өткізбеңіз.
Балаға дұрыс ем қабылдау үшін тек педагогика- психологиялық диагностика емес сонымен қатар медициналық диагностика да қажет, яғни арнайы аппараттарға баланың басын түсіру, арнайы анализ тапсыру, тағы да медициналық диагностика нәтижелерінен кейін барып педагогика-психологиялық көмекке жүгінген жөн,
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН баланың ерекшелігі оның сырттан келген ақпаратты өздігінен табиғи жолмен, басқа балалар сияқты қабылдай алмауында, яғни бала бойында арнайы дисфункциялардың болуы, ми қыртыстарының ақпаратты бір ми бөлігінен екінші ми бөлігіне өткізетін нейрондық тоқ көздерінің баяу жұмыс жасауы немесе мүлдем жасай алмауында.
Сондықтан дұрыс қойылған диагноз дұрыс нәтижеге жеткізеді.
Балаға арнайы дамыту орталықтарын қалай таңдаймыз?
Әрине бұл жағдайды жан жақты біліп, ақпараттандырылып алғаннан кейін нақты не керек екенін біліп тұрғаннан кейін қиынға соқтырмайды. Бірақ сіз іздеген орталық сіздің қалада, ауданда барма деген сұрақ туындайды, болса да мамандары білікті ма, өз ісін дұрыс білетін маман ба?
Осы сұраққа жауап қиындатады. Бірақ еш әбіржімеңіз, себебі сіз өзіңіз біліміңіз жеткілікті болса маманмен біріге отыра арнайы мәмлеге келіп бала дамуын бірге қолға аласыз. Кері байланыс, фотоотчет, видеоға қарап мәз болып балам дайындалып жатыр екен деп қоймай , бала іс әрекетіне мән беріңіз, өзіңіз де уй тапсырмасын орындағандай күні кешке баламен жұмыстаныңыз. Маманмен бірге жасалынған арнайы жеке маршрут сізді дұрыс бағытқа апарады
Баланың үй жағдайында жұмыстану қалай болуы керек
Әрине «бала орталықта апайларды тындайды, үйде мамасына еркелейді» деген сөзді өзіңіздің сөздік қорыңыздан алып тастаңыз.
Сіз үшін кейбір ережелер мен заңдылықтар бұзылуы мүмкін. Қазірден бастап балаңызды бағындыра алмасаңыз үлкейген кезде мүлдем бағындыра алмайсыз. Сондықтан бар ашу ызаңызды тиып, жүйке жүйеңізді жинап өзіңізді қолға алып, басқа да іс шаруаңыздың ортасында балаңыз үшін бір сағат уақыт тауып, балаңызға арнаңыз .
Баланың санасына мамам менімен жұмыстанып жатыр, бір нарсе талап етіп жатыр деген ой қалыптастыру үшін, баланың арнайы уақытталған кестесі болу керек, арнайы сабақ оқитын бұрышы болуы тиіс, арнай дамытушы ойыншықтары болуы тиіс, бірақ ол ойыншықтар басқа ойыншықтармен араласып жатпауы қажет. Бала алдында қадірі кетіп , дамытушы құрал ретінде бағалнбай қалады. Сонымен қатар өзіні, оқу құралдары, кітаптары т.б заттары борлуы тиіс. Бәлкім басында баламен тек орнын таныстырумен өтсеңіз , келесі жолы сіз талап етілген талаптарды да орындауға бала тырысатын болады. Сонымен қатар сізде баламен қарым қатынас орнайды, балаңызға кітап оқыңыз. Түсінбейді деп үндемей отырудың керегі емес , арнай себептері де бар.
Бала зерттеуші, өзінің туылғанынан бастап осы жасына дейін бала қоршаған ортаны зертеу арқылы біледі. Ол зерттеу процесі арнайы этаптардан өтіледі, бала денесінде арнайы дене мүшелері іске қосыла отыра баланың қоршаған ортаны зерттеуге деген қабілеті ашық болады.
Осылайша бала болашақ тұлға болып қалыптасуына бірінші ірге тасы қалануда. Бірақ баланың осындай күйге түсуіне не кедергі болды, әрине әр түрі факторлар себеп дедік, бірақ өкінішке қарай ең ашуға тиетіні баланың зерттеп даму прцесінің үлкендердін тарапынан бұзылысқа ұшырауы. Сырттқы ақпараттың цифорлы болуы. Гиперопека, балаға зерттеуге мүмкіндік бермеуі т.б көп ата ана тұрғысынан жіберілген қателіктер.
Сондықтан сол кездегі, баланың дамуына зерттеуіне кешігу болған уақыттарды өзіміз ойын барысында балаға зеттеп, ұстап, баланың барлық даму процестерін іске қосатын дене мүшелерін ойын, жаттығу барысында іске қосамыз.
Ойынды қайдан аламыз? Тиск терекке тимесе бұтаққа осы болып қалар деп ютубтан ұнағанын оңайын алып жасата бермеу. Баланың кешігулерінің себептерін түсінгеннен кейін сол кешігулерді толықтыратын дұрыс, пайдалы ойындар мен жаттығуларды ойнату.
Құрметті ата ана мен бұл қысқаша чек листе сіздің ең қарапайым білу керек деген ойымды жазып өттім.
Бірақ әлі де білу керек дүниелер өте көп. Ерекше бала тәрбиелеп отырсыз ба, ерекше білімді ана болуыңыз тиістісіз. Себебі сіздің балаға сізден басқа ешкімнің жаны ашымайды. Мейлі бала ең қымбат деген, ең мықты деген мамандарға барса да, білімнен бөлек энергия, махаббат деген сезімдер бар. Бала сөйлей алмасада, түсіне алмаса да өте терең сезінеді. Сіздің ғана махаббат пен балам жазылсыншы, адам болсыншы деген мощный энергияңыз бен ойыңыз ешқандай шетелдік болсын өте білікті маман болсын оған да тең емес.
Әр сөзіміз біздің ойымыз, әр ойымыз біздің бідің қадамымыз, әр қадамымыз біздің жаңа әдетіміз. Жаңа әдетіміз біздің жаңа тағдырымыз . жақсы сөз жарым ырыс балаңызға әрдайым дұғада болыңыз.