October 16

Серікбай Ерасыл|АЭС-ке қатысты PR материал(Stand up) жазса қалай болар еді?      

– «Қазақстан мен үшін үлкен бір үй. Қала, областар әр түрлі бөлмелер. Солтүстік Қазақстан(Астана) мен үшін зал. Ол жаққа қатты мән береміз. Өйткені қонақтарды сонда күтеміз. Зал сыйлы адамдар, құдалар күтуге. Қуаныш өткізуге соғылған. Ал Шығыс жақ(Алматы) ол холл. Қызықтың бәрі сонда. Көбіне үйдегілер сонда жүреді. Өйткені Wi-Fi сонда. Теледидар да сол жақта. Әйтеуір бір қызық. Тамақ ішіп, жатуға ыңғайсыз болса да сол жақтан шықпаймыз. Ойын-сауықтың бәрі сонда. Залға қонақ келсе, бала-шағасы холлда ойнап жүреді. Ал (Көкшетау, Өскемен) ол түпкір там. Заманауи тілмен айтқанда спальная. Ол жаққа тек демалып, ұйықтау үшін қолданамыз. Кейде мама, папа демалып жатып залдың мәселелерін сонда шешіп тастайды). Ал Оңтүстік ол – ескі үй. Кезінде бәріміз сонда тұрдық. Үлкен үйдің салынғанын қатты күттік. Мектеп бітіргеннен кейін сонда жатсақ деп те армандайтынбыз. Үй салынып, өсіп қалғаннан кейін залға жататын дәрежеге жеттік. Ескі үйде тұратын кезде ол жақ арман еді. Қанша залға жатсам да ескі үй бәрібір ыстық. Ал Батыс ол ас үй. Кухня. Бар тамақ сонда. Ішіп-жемге керіктің бәрі бар. Залға баратын тамақ сонда дайындалады. Түнгі 3-те қарын ашып кетсе жәйләп кіріп барасың. Кейде жарық өшіп қалып холодильниктен су ағып кетеді. Сондайда бір АЭС-ың болса деп қаласың. Көрші үйде бар екен. Арғы ауылда тіпті 2/3-тен бар ғой. Рахат.

Эх… кейде басқа үйге кетіп қалсам өз үйімді қатты сағынамын. Жүрегімді алып қайда жүрсем де, өз үйім жүрегімнің ішінде!»