December 16, 2024

1986 ЖЫЛҒЫ 17-18 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ОҚИҒАЛАРЫ

Ж. ҚАЗАҚБАЛАСЫ (Хасен Оралтай)

«Бүйүк Түрікелі басылымдары», Ыстанбұл, 1988.

Дүрбеленді желтоқсан оқиғалары сол күндердің өзінде батыс елдерінде кеңінен мәлім болып, ойлы, саналы азаматтар тарапынан өзінің әділ бағасын алған еді. Бұл ретте біздің бауырымыз, Мюнхенде тұратын белгілі қазақ қайраткері, ғалым, жазушы Хасен Өралтайдың еңбегі айрықша. Біз оқырмандарға Хасекеңнің Ж. Қазақбаласы деген псевдониммен 1988 жылы Станбұлда, түрік тілінде басылған кітабын ұсынамыз. Еңбек өз қалпында, толығымен жарияланын отыр.

БІРЕР СӨЗ

1986 ж. 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары туралы бұл еңбекті «Бүйүк (Үлкен) Түрікелі басылымдары» сериясының 10-кітабы ретінде ұсынып отырмыз.

1986 ж. 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары өткен 70 жылдық кезеңде Кеңестік Ресейдің қанауындағы түркі мұсылмандар елінде орыс коммунистерінің шовинистік сая сатына қарсы болған ең маңызды және ең саналы қарсыласу. Өйткені 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Қазақстанда болған бұл ұлттық қарсыласуға бала кезінен бастап, коммунистік рухта тәрбиеленіп келген және орыстандыруға икемделген қазақ түрік жастары ұйтқы болды. Осылайша қазақ түрік жастары өздерінің орыстандырып, біржола жойылуға және коммунистердің шовинистік саясатына қарсы екенін дәлелдеді.

Қазақ түрік жастарының 1986 ж. 17-18 желтоқсандағы ұлттық көтерілісі әлемдік қоғамдық пікірге зор қозғау салды. Алайда «түрікстаншылдықты» жақтағандай болып көрінген кейбір топтардың неге екені белгісіз, назарын онша аудара қоймады. Ұлттық сана-сезімі толық ояна қоймаған эмиграциядағы кейбір қазақтардың да, өкінішке орай, істің мән-жайын түсінбегені байқалды.

1986 ж. 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғаларына қатысы бар мағлұматтың бәрін осы енбекте жиынтық түрінде беруді көздедік.

1986 ж. 17-18 желтоқсан күндері «Қазақстан қазақтардікі!», «Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу хұқығының берілуін талап етеміз!» деген ұрандар көтеріп жаңа күресті бастаған бауырларымызға отаны мен ұлтының шынайы қорғаушылары ретінде ыстық сәлем жолдаймыз.

Түрікелі комитетінің басқармасы

Батыс Алмания, Мюнхен


Бұл қоқан-лоққы қазақтарға қарсы бұдан бұрын басқалар жасап келген шабуылдардың және кейінгі кезендерге ұйымдастырылған қырғындардың бәрінің де орыстардың арандатуы арқылы жүзеге асқанын дәлелдейді. Бұл жайды Шығыс Түркістандық қазақ түркі тарихшысы Жақып Жүнісұлы былайша нақтылай түседі: «Орыстар қалмақтарды қазақтарға, қазақтарды қалмақтарға қарсы айдап салып, жауластырды, сөйтіп екі жақты да әлсіретіп, жерлерін тартып алудың жоспарын іске асырды».


1986 ж. 17-18 желтоқсан күндері болған көтеріліс

Кеңес коммунистік режимінің адамзат тарихындағы ең қатыгез және халықты зұлымдықпен қорқыту арқылы бас идіру саясатына негізделген отаршыл режим екені, сондай-ақ адам хұқықтары мен әділеттен, әрі адамгершілік сезімінен мүлде жырак тұрған орыс коммунистері сияқты билеушілердің басқаруында өткен 70 жылдық кезеңде қазақ түркілерінің жасанды ашаршылықпен, жаппай қырғынмен әсіресе, орыстандыру тәрізді залымдыкпен бетпе-бет қалуы еске алынса, қазақ түркі студенттерінің 1986 ж. 17-18 желтоқсанда, Алматыны қоса есептегенде, Қазакстанның алты қаласында демонстрацияға шығуының басқа елдердегі студенттік козғалыс кимылдарынан басқаша сыпаттагы үлкен маңызы айқын аңғарылады.


Шынына келсек, 1986 ж. 17-18 желтоқсан күндері Алматыда болған қазақ түркі студенттері көтерілісінің жалғыз себебі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың қызметінен алынып, оның орнына Геннадий Колбин есімді орыстың тағайындалуы емес. Мұны тек кесені тасытқан соңғы тамшы деп есептеуге болады. Мәселенің негізгі себебі профессор, ғылым докторы Александр Беннигсеннің «Ню-Йорк таймс» газетінің 1986 ж. 30. 12- дағы санында көрсеткеніндей, әлдеқайда тереңде жатыр. Бұл мақаласында профессор Беннингсен Қазақстандағы көтерілістің мәнін былайша түсіндіреді: «Қазақтардың көтерілісі билігінде 50 миллион мұсылман шоғырланған Кеңестер Одағының әлемдегі ең соңғы көпұлтты империя екенін тағы бір рет еске салды. Бұл көтеріліс Кеңестер Одағындағы халықтардың наразылығының тұңғыш белгісі емес. Кеңестердің (орыстардың) Ауғанстанда қаза тапқан қазақ жауынгерлерін мұсылмандарға арналмаған әскери зиратқа жерлеуге тырысқан әрекеттеріне орай 1980 жылдың көктемінде Алматыда ұқсас оқиға болғанды. Ресми топтардың Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының себебін Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына орыс Геннадий Колбиннің тағайындалуымен байланыстыруы жеткіліксіз. Бұл көтерілістің себебі әлдеқайда теренде және ұзақ тарихи оқиғаларда жатыр. Мұның тамыры қазақтардың 1916 жылғы қырғынға ұшырауына, 1930-жылдардағы Сталиннің коллективтендіру кампаниясы кезінде өлген БІР МИЛЛИОННАН астам қазаққа және 1986 жылы Горбачев бастаған антиисламдық саясатқа барып тіреледі».

Шынында да көтерілістің себебі тарихтың тереңінен келеді. Мәселенің негізі орыстардың отаршылдық пиғылына орай барған сайын жылдам қарқынмен жүргізіліп отырған тілден, діннен және ұлттық әдет-ғұрыптардан айырып, орыстандыруды мақсат еткен саясатына қарсыласуға барып ұласады.

Қазақ түркі студенттерінің бастауымен Алматыда өткен көтерілістің ұлттық қозғалыс сипатында болғанын транспаранттарда жазылған талаптар мен тілектер айқын дәлелдейді.