Ұлы Дала ұлағаты

"Республикалық физика-математика мектебі" елімізде болып жатқан "Тұлпар мініп,ту алған "Ұлттық жобасына белсене қатысты. 5-сынып оқушылары "Қобыланды батыр" жырын оқыса, 11-сынып оқушылары "Алпамыс батыр" жырымен жалғастырды. Ал, мектеп директоры "Батыр Баян" поэмасымен жобаны аяқтап, эстафетаны еліміздің әр қаласындағы әріптестеріне табыстады. Рухани мұрамызды насихаттайтын осындай тағылымды іс-шаралар көп болғай. Қабыл алыңыздар!