April 19, 2019

Екінші тапсырма

1.   Төмендегі видеоны міндетті түрде көріңіз.

2. Тікелей эфирдегі техниканы жасау барысындағы көрген образыңыз одан да жақсару үшін сізге не керек? Қандай амалдар? 10 ШЕШІМ ТАБУ. Тапқан шешімдеріңізді бүгіннен бастап іске асыру.

3. Күнделікті істейтін іс-әрекеттеріңізге мән беріңіз. Қандай іс-әрекеттер сізге рахат сыйламайды? Тауып дәптеріңізге жазыңыз. Соларды өміріңізден шығарып тастауға тырысыңыз.

4.     Өзіңіз жайлы эссе жазасыз. Тек өзіңіз жайлы. Тек позитивті тұрғыда. Өміріңіздің жағымды тұстарын ғана суреттеңіз.

5.     МЕНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМ атты тізім жазасыз. Мінезім жұмсақ, пысықпын, общительная деген жалпылама артықшылықтар саналмайды. Нақты жазыңыз: самсаны бәрінен тәтті қылып пісіремін, ағылшын тілін білемін, балама күштілеп массаж жасай аламын деген сияқты.

6.     Бес адамға комплимент айтыңыз, шын жүрегіңізбен. Бұл позитивті энергия алмасу. Осылай адамның бойынан тек жақсы қасиеттерді көруді, іздеуді үйренеміз. Чатқа есеп ретінде коплимент естіген адамдарда қандай реакция болды, сіз не сезіндіңіз, сол жайлы жазасыз.

7.     Өзіңізді жақсы көресіз бе? Қай дәрежеде? 1-10 ға дейінгі бағалаумен салыстырғанда өзіңізді жақсы көруіңіз қай санға тура келеді? Соны ойланыңыз, және баға беріңіз.

8.     Жоғарыдағы тапсырмаларды орындауда қандай сезімде болғаныңызды ЕСЕП ЧАТЫНА жазыңыз.

9.     Оваральное дыханиены игергеніңіз жайлы ВИДЕОЕСЕП беріңіз. Есеп чатына іштеріңізді қимылдатып, дұрыс демалып жатқаныңызды анық түсіріп жіберіңіз.

10.     19.04.2019 сағат 17:00-де болатын келесі сабаққа уақыт тауып, дайындалып отыру