Ұстаздан жауап
@islamisuraq
«Бұл жерде барлық сұрақтарға жауап беріледі. Бірақ ешқандай сұрақ қойылмайды»- @Ұстаз
0 Followers

Шариғат неге бұл мәдениетті қабылдамайды ?

Өйткені ол бес болымсыз негізге орнатылған. Арқа сүйер жері қара күш. Қара күштің ісі зорлық. Көздегені пайда. Оның ісі басқа біреуге зиян беру. Өмірлік қағидасы күрес. Оның ісі қақтығыс. Адамдар арасындағы байланысы, басқаларды жұтудан нәр алатын нәсілшілдік пен болымсыз ұлтшылдық. Оның апарар жері осындай сұмдық соғыстар. Елітіп әкететін әдістері желіктіру, қоздыру арқылы құмарын қандыру. Ондай желігулер адамды періштелік дәрежеден иттен төмен деңгейге түсіреді. Адамның рухани құлдырауына себеп болады.

"Шындығында пәлен адамның өлімі түген уақытта тағдырда жазулы екен, жүз-и ықтиярымен мылтық атқан адамның қандай кінәсі бар. Ол атпаса да бәрі бір өлетін еді ғой". Сұрақ: Неліктен олай айтуға болмайды ?.

Жауабы: Өйткені, тағдыр оның өлімін әлгі адамның мылтығымен байланыстырып, жазып қойған. Егер, мылтық атылмады деп ойласаң, онда сен тағдырдың барлық нәрсені қамтитынын жоққа шығарған боласың. Ол кезде, оның өлетінін қайдан білесің? Неге сүйеніп үкім шығардың? Егер де "Жәбри" ағымы секілді, себепке бір бөлек, нәтижеге бір бөлек қарап, әрбіріне жеке-жеке тағдыр бар деп ойласаң, немесе "Муғтазила" ағымы секілді тағдырды жоққа шығарсаң, Әһл-и Сүннет уәл жамағаттан шығып адасқандарға жолдас боласың. Сондықтан біз, Хақ жолындағылардың айтарымыз: "Мылтық атылмаған жағдайда өлімнің болып-болмауы бізге беймәлім". Ал, "Жәбрилер": "Атса да, атпаса да бәрібір өлетін еді" дейді. "Муғтазилалар" : "Атпаса өлмес еді" дейді.

Қайырымсыз кәпірлердің еліне мұндай сәмауи пәлекеттер неге келмейді. Неге мына бейшара мұсылмандардың басына келеді?

Жауабы: Үлкен қателіктер, ауыр қылмыстар кейінге қалып, жоғары сот орындарына жіберіледі. Ал, жеңіл қылмыстар тез арада шешіліп, жергілікті орындарда қаралады. Сол сияқты маңызды бір хикметке орай кәпірлердің күнәларының басым көпшілігі кейінге қалдырып, Хашірдегі Ұлы сотқа шегерілуде, ал имандылардың жіберген қателіктерінің кейбірі бұл дүниеде дереу жазалануда. (Сілтеме)

Христиан дінінде көптеген өзгерістер болды.Әуелде төңкерісшілерді (Ватикан Протестанттарды) діннен шыққандар деп атады да,кейіннен олардыдың Христиан екенін мойындады.Ендеше Исламда да осындай өзгеріс реформалар жасалса ше?

Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы бірінші ишарадағы салыстырмаңнан да бетер. Өйткені, Христиан діні Хазреті Иса алейһиссаламнан діннің тек негіздерін ғана алды. Шариғаттың қоғамдық өмірге қатысты үкімдерін Иса алейһиссаламның шәкірттері мен рухани көсемдер қалыптастырды. Олардың көпшілігі бұрыңғы киелі кітаптардан алынды. Хазреті Иса алейһиссалам әмірші, сұлтан болмағандықтан қоғамдық өмір заңдарын қалыптастырған жоқ. Мәдени әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер Христиандық заңдар есебінде қалды. Өзгеше бейнелер берілді. Ал, бұл бейнелер сыртқы көріністер өзгертілсе де, Иса алейһиссаламнан қалған діни негіздер сақталып қала береді. Хазреті Иса алейһиссаламды жоққа шығармайды. Ал, Ислам діні мен сол шариғаттың Иесі, бүкіл әлемнің мақтанышы...

Бүкіл жаман мінез-құлықтың анасын, қайнар көзін де бір ауыз сөзбен жеткізген. Ол не сөз дейсіңдер ғой?

Бірінші сөз: "Менің қарным тойса болғаны. Басқалар аштан қырылып қалса да шаруам жоқ". Екінші сөз: "Сен жұмыс істе, жемісін мен жейін". Иә, қоғамдық өмірде жоғары топ пен қарапайым халық яғни бай мен кедей, өзара теңдестіктің саясында және таразының екі басын тең ұстау арқылы ғана тыныш өмір сүреді. Ал, мұндай теңдестік орнауы үшін жоғарғы топ төменгі топқа жанашырлық жасап, мейірімділік қылуы және төменгі топтың да жоғары топқа құрмет көрсетіп, бағынуы шарт. Енді, жоғарыда аталған бірінші сөз, жоғарғы топты зұлымдыққа, азғындыққа, мейірімсіздікке итерді.

Фәтрет дәуірінде (Пайғамбарымыз (С.А.У) келмей тұрғанда) Пайғамбарымыздың аталары қандай дін ұстанды?

Жауап: Хазіреті Ибраһимнен қалған, бірақ ғапылдық пен рухани
қараңғылықтың бүркемелері астында қалып, кейбір кісілердің ұстанымдары
арқылы жалғасып келе жатқан дінді ұстанғандығы жайлы риуаят бар. Хазіреті
Ибраһимнен (А.С) басталып, нәтижеде Пайғамбарымызға (С.А.У) тірелетін
нұрлы тізбектің мүшелері, әлбетте Хақ діннің нұрынан тыс қалмаған,
күпірліктің қараңғылығына жеңілмеген еді.
Ал,
وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتّٰى نَبْعَثَ رَسُولاً

Кастамону қаласында бір тақуа кісі шағымданғандай былай деді: «Мен әбден бұзылып барамын. Бұрыңғы халім басқа еді. Ол кезде қызықты да нұрлы болатын. Қазір олардың бірде бірі жоқ!»

Мен оған былай дедім: «Бауырым, керісінше сен рухани кемелденгенсің,
нәпсіңді қоздыратын және ақыреттік жемісті бұл дүниеде жегізетін
әрі менмендікті оятатын сезімдерді, пиғыл әрекеттерді қойып, одан
да биік дәрежеге көтеріліп, өзімшілдікті тастап уақытша ләззатқа
құмартпау секілді қасиеттерге ие болып мәртебең көтеріліпті.
Иә, Аллаһ өзінің берген сый- жарылқауын менменшіл құлдарына
сездірмеудің өзі үлкен жарылқау болып табылады... бәлкім, пендесі
тәкаппарланып кетпесін дейді.

«Қайырымды жас кім?»

Олар – қарт кісідей өлімді ойлап, ақыретіне қам жасап
бейқамдықтан аулақ болғандар. Қарттардың ең жаманы – жастарға еліктеп,
немқұрайдылыққа, әуестікке салынып, бала сияқты нәпсінің айтқанынан
шыға алмаған адам.

«Дүнияда ең ақымақ адамдар кімдер?»

Мен айтар едім: дінсіз есалаңдардан өркениет пен бақыт күтетіндер. Мұндай ақымақтың біреуі биліктің бір тұтқасын ұстап алып былай депті:

«Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңіліс табуымыздан қатты күйзелетініңізді байқап жүрміз» дегендерге жауап:

– Мен өз басыма түскен ауыртпалықтарға шыдадым. Бірақ,
мұсылмандардың басына түскен қиыншылықтар менің еңсемді
көтертпейді. Ислам әлеміне тиген соққылар, ең бірінші, менің
жүрегіме тиіп жатқанын сеземін. Осынша қиналуымның себебі
осы. Бірақ бір жарық көріп тұрмын. Сол нұр мына күйзелістерімді
ұмыттыратын шығар, ИншаАллаһ.