Дерттерден құтылу үшін

Аллаһу та'аланың әдеті бойынша Ол барлық нәрсені себеппен жаратады. Бір нәрсеге қолжеткізу үшін сол нәрсенің жаратылуына себеп болатын амалды істеу керек. Барлық нәрсенің жаратылуына ортақ болған рухани себеп – садақа беру,

70 рет «Әстағфируллаһ мин кулли ма карихаллаһ» дұғасын оқу. Бұл екі рухани себеп заттық себептерді табуға да көмектеседі.


Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм):«Аллаһу та'ала барлық аурудың емін жаратқан. Тек өлімге ғана шара жоқ» және «Ауруларыңды садақа берумен емдеңдер!» деген.
Тағы бір хадис шәрифте айтқан:«Мал-мүліктеріңді зекет беру арқылы қорғаңдар. Ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер! Дұға ету арқылы бәле-жаладан қорғаныңдар!»
Хадистер

Имам Раббани хазреттері айтқан:

«Жүректеріңе қайғы мен мұң басқан кезде одан құтылу үшін тәубе және истиғфар оқыңдар! Қорқынышты уақыттарда Калима-и тәмжид, яғни «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм» дұғасын оқыңдар!»

Хадистер

Мұхаммед Масум хазреттері былай деген:

«Дерттерден құтылу және мақсатқа жету үшін бес жүз рет "Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" дұғасын оқу, оның басында және соңында жүз реттен салауат оқып дұға ету керек.»

«Бірілеріңе дерт пен бәле-жала келген кезде Юнус пайғамбардың дұғасын оқыңдар! Аллаһу та'ала Оны міндетті түрде құтқарады. Дұға мынадай: Лә илаһа илла әнтә субханака инни кунту минәззалимин.» деделінге екен.