Рамазан айына дайындық....

Көптен зарыға күткен оразаға да санаулы ғана күндер қалды. Сіздер өзімізде бұл айға материялдық және рухани дайындалып жатқан шығарсыздар.
🌙Қасиетті Рамазан айына қарсы үйіңізге үлкен тазалық жүргізіңіз, сол айға дайындайтын ас мәзірін жоспарлап, қаза оразаларыңызды ұстап Санаулы күндер болсада, аман есен жеткіз деп дұға тілеп, ниетіңіз құлшылығыңызды ғибадаттар мен ізігі амалдарыңызды арттыру мақсатында сауаттарыңызды ашуға тырысыңыз. Бұл айда кімге қандай жақсылық жасайтыныңызды да жоспарлап қойыңыз.

«Рамазан айында бір күнә істеген адам екі азап алады. Рамазанда бір жақсылық жасаған адам екі сауап алады».


☁️Бүгін біз оразаға медициналық тұрғыдан көз салып көрейік:

  • Медицина қызметкерлерінің кеңесі бойынша, ауызашарда құрмамен, жеміс-жидектермен бастау абзал. Ет пен балық, ашытқан сүт өнімдерін жеп, су жетіспеушілігінің орнын толтырған дұрыс.
  • Асқазға ауыр болмас үшін майлы тамақтар мен ащы , тұздалған тағамдардан бас тартып, оның орнына баяу сіңетін тағамдарды жеуге тырысыңыз.
  • Ауызашар мен сәресіге шөл басу үшін суық суды емес жылы суды ішкен абзалдырақ себебі ораза кезінде байқасаңыз ауыз мұрын құыстарында қақырықтар қаптай бастайды. Бұл организымыздың тазаланып, артық микробтардың шығып жатқандығы сол себептен жыл су ішкенде олар тез шәйіліп денедегі артық жаман заттардың шығуына себебін тигізеді, асқазаныңыздың жұмысы жақсарып, ауруларға жол бермейді.
  • Ауыз ашқанда татті тағамға көп әуестенбеңіз күнімен су ішпегенде ол тәттілер ағзадан шыға алмай ішке май болып жинала бастайды.
  • Тамақ ішкенде тойып ішпеңіз қарныңыз қатты ашып тұрса сол баяғы жылы суыңызды ішіңіз. қандай тағам дайындасаңызда майлылығы аз тойымды ағзаңызға жеңіл болуын қадағалаңыз.
  • Шәйді қай кезде ішкен дұрыс? Шәй ішу — көп адамдардың шөлін қандырып, бас ауруын да емдейді. Дәрігерлердің кеңесі бойынша шәйды оңды солды іше беруге де болмайды. Тамақ ішердің алдында шәйды ішпеу керек. Өйткені шәй сілекейді қышқылдандырып, тағамның дәмін сездірмей қояды. Ондайда ас қорыту қызметі бірден бұзылады. Тамақтан кейін, тамақ асқазанда қорытылып болғаннан кейін 1 сағаттан кейін, шәйді ішкен дұрыс. Шәйдің шөлі сол кезде. Сонда асқазан қабылдайды. Мөлшерінен көп ішілген шәй ағзаға өте зиян. Аз ғана ішіңіз

Осыған қарай ас мәзірін жоспарлаңыз

. Ыстық күндері табиғи матадан тігілген ашық түсті киімдер киіңіз, рамазанда киетін киімдеріңізді де дайындап қойыңыз , күннің астында жалаңбас жүрмеңіздер.

Рамазан айының құрметіне үйіңізді...

🎊 Рамазан айының құрметіне үйіңізді безендіріңіз, бұл айдың құндылық қасиетін балаларға көрсету рақылы сезіндіре аласыз. 31 желтоқсанда безендіргенен қазыр үйді безендіріп сый сиапат дайындап балаға естелік, пен рамазан айына деген жүрегіне бір қуаныш қалдырасыз.

Хадисте «Рамазанды құрметтеген адам Аллаһу та’аланы құрметтеген болады».

Балаңызды қуантқан әрі балаңызға үйреткендерден боласыз.
Қазірден бастап балаңызға 🌙Рамазанда қандай сыйлық күтетінін сұрап, сыйлығын дайындаңыз. өзіңізді ғана емес бүкіл от басыңызға Рамазанды құрметтеуді үйреткен болмайсыз. Және рамазанға байланысты балаңыздан сіз де жақсы бір дұға өлең жаттауын сұрап, күтіңіз балаға РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚҰНДЫ ҚАСИЕТТІ СОЛ КЕЗДЕ СЕЗІНЕР.

ОСЫЛАЙ БІЗ, СІЗ БОЛЫП ДАЙЫНДАЛСАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ДА РАМАЗАНЫМЫЗ ДА ЖЕҢІЛ ҚЫЗЫҚТЫ. САУАПҚА ЖАРЫСҚАН ҚҰЛДАРДАН БОЛАР ЕДІК. ХАДИС

«Егер құлдар рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл бір жылдың рамазан болғанын қалар еді. Өйткені, онда көп сауап бар».

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ІЗІЛІГІ МЕН ЖАҚСЫЛЫҒЫН СЕЗІНУДІ АЛЛА НӘСІП ЕТСІН.

Ниет сіздерден ұсыныс Ясмина ханымнан