Әйелдің ақысы

Әрбір ер азаматқа әйелі ең үлкен аманат. Сондықтан ер адамдарымыздың алдында әйелдің өз ақысы бар. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болған азаматтар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады. Әйелінің жаман мінезіне бола ажырасып. Алланың берген сынағынан ер азамат қашпайды Алла қаласа әйелімен де баласымен де жасап жатқан қызыметімен де сынайды.

Бірде сали бір кісіге жаман мінезді әйелі болса керек:

Мына әйеліңмен неге ажыраспайсың?-деп сұраған кезде:- Бұл жаман мінезді,егер ажырасатын болсам,менде ол сияқты жаман мінезді боламын,Сонымен оның жаман мінезіне байланысты онымен ешкім некелеспейді.Бірақ бұл әйелім маған Алланың берген сынағы. Егер менің нәпсім салих болғанда, бұл әйелім де сплих болар еді деп жауап айтыпты.

Әйелдің жақсы болуы мінезі ол ердің өзінің жақсы қарым қатынаста болып, өзі өзгеруі керек екен.

Кейбір шариғат істерінде әйелдерін тындап қолдау керек.

Үй жұмысында жәрдем беру керек. Пайғамбарымыз (с.Ғ.С)

Бір кісінің әйеліне жәрдем беруі Аллаһтың азабынан құтқарады. Үйінде берекеті және дәрежелері көбейеді. Бұл хурилердің қалың малы болады. Үйінде қызмет етіп, ұялмаған кісінің аты шаһиттердің дәптеріне жазылады, күні түні ұлы Алла шаһиттің сауабын оған сыйлайды және әрбір басқан қадамына бір қажылық және бір умра сауабы беріледі және тәнінде болған түктің есесіндей жәннатта оған бір қала сыйға беріледі " делінген екен

Хадис шәрифтерде былай бұйырады:
  • «Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады.» (Муслим)
  • «Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибни Лал)
  • «Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны.» (Тирмизи)
  • «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам. Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи
  • «Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.» (Мүршид-ун-ниса)
  • «Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды.» (Табарани) ол былай екен

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.


Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Құран кәрімде былай бұйырады:

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды.» (Ниса 34)



Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

  • «Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады.» (Р. Насихин)
  • «Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим
  • «Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)
  • «Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)