GAP year алу - ҰЯТ ЕмЕс #МеніңОқиғам

GAP year- да қалай сынып кетпеуге болады? 

- Болашаққа ұзақ мерзімді нақты жоспарың болуы шарт. Бастау алар нүктең мен финалды нүктеңнің қандай болатынын біл:

Мысалы менде өзімді жаңа салаларда байқап көру болды, өйткені лицейде мен өзімді ешқандай салада сынап көрмеген едім. Адамдар мені батыр, тәуекелшіл, ештеңеден қорықпайтын адам деп ойлайды. Жоқ, менде орысша айтқанда Л-Любопытсво өмір сүреді. Бәрін көргім келеді, бәрін сынап көргім келеді. «Адам жасағанын мен де жасай аламаын» - менің ұраным.

Нақты жоспар құрсаң, GAP year –да істейтін үлкен, кішкентай және тіпті маңызы аз болса да жоспарларыңды құр. Деталіне дейін жаз. Ойла емес, Жаз. Сөйтіп сенде дисцпиплина пайда болады. Өзіңнің жасаған дүниелеріңді күнде фиксация жаса. Жаттықтыр өзіңді. Өзіңе берілген, мүмкін алғашқы, мүмкіндікті жоғалты алма.

«Ой, оның бойында таланты бар, сондықтан ғой жетістікке жетіп жүр» дейтіндердің сөзіне сенбеймін! Жетістіктің кепілі талант емес, дисциплина.

Енді ойлана бер. Мен үшін дисциплина күн сайын үйде әпкемнің баласымен отырып, жеке даму болатын. Ұйықтап кеткен жоқпын, шаршап кеткен жоқпын, басқа жұмыспен айналысып кеткен жоқпын, Дамыдым! Дайындалдым! Өзімді түрлі салада сынап көрдім!

Мен адаммын, адам әрдайым жаңа білімді, жаңа қозғалысты талап етеді. Сондықтан академиялық демалыс жылыңда психологияны, көркем әдебиетті, ғылыми кітаптарды оқуға кеңес беремін. GAP year – миыңдағы құлыпталған стереотиптердің барлығын сындыратын жыл. Менде, мысалы, шашымды бояй алмаймын деген стереотип болды. «Медина, өмір бір ғана рет беріледі» дедім де бардым, бояттым. Өмірлік тәжірибемде шашымның 9 түрлі түсі болған. Санамның сол бір бөлігінің көңілін таптым. 



- Ал қазір шашыңның түсі қалыпты қара?

- Иә, қазір мен сабама түстім. Шашты бояу, пирсинг, татуировка – барлығы өзіңді әлемге танытудың бір жолы екендігін түсіндім. Пепльный* түсті шашым болса адамдарға қызық тұлға болып көрінемін деп ойладым. Жоқ, шындығында оның барлығы менің басымда ғана болды. Ал шаш – тек сылтау ғана еді. Өзіңді басқа жақтан, шынайы тұрғыдан да танытуға болатынын түсіндім. Мұны мен дін призмасы арқылы түсіндім. Мен өзімнің натуралды шаш түсіммен-ақ керемет адам екенімді, өзімнің бұдан да жоғарғысына лайық екендігімді түсіндім. Болды. Еркеледім, көрдім, өкінбеймін, түсіндім. Жалпы адам ешқашан өкінбеу керек. Есесіне сен керемет тәжірибе алдың.

Менің ойымша, тамаша GAP year-ды өткізудің таптырмас рецепті жоқ. Жай ғана кітаптармен қаруланасың, жақсы дүниелерді әдетке айналдырасың. Өйткені өмір – біз жасайтын әдеттердің тізбегі. Кереметі сол – әдеттерді өзгертуге болады, қосуға болады немесе мәңгілікке айырылуға болады.

🔕Менің кешкі 17:00-ге де дейін ұйықтайтын әдетім бар еді, ешкімді көрмеу үшін таңғы 07:00-ге дейін ұйықтамай, сериал көріп, тамақ жеп, неше түрлі адаммен әлеуметтік желіде сөйлесіп отыратынмын. Режимді өзгерту керектігін түсіндім, аз-аздан бастау керек: зиянды әдеттерді бір-бірлеп алып тастау қажет. Пайдасыз іс-әрекеттермен айналысу, депрессияға кіріп кету – проблемадан шығудың жолы еместігін түсіну қажет. Осындай қиын сәттерде темекі шегіп, алкогольді сусындармен достасып кететін адамдарды көрдім. Маржан, оны қазір университетте оқып жүріп өзің де көріп жүрсің. Сенің жетістікке жетпегеніңнің жауапкершілігін алкоголь мен темекіге артып қоюға болмайтынын түсіну қажет. Ата-анаңның қиналып тауып жатқан әрбір тиынын қайдағы жоқ түтін мен сұйықтыққа құртуға қандай хақың бар? Тіпті өзіңнің тауып жатқан ақшаң болса да, бұл арқылы тек бір нәрсеге жетіп жатырсың – өз болашағыңа балта шауып жатырсың. Мұны түсінбесең – оқы, кітап оқы.

💪🏻Медикке оқымасаң да, қай органың қайда тұратынын, қандай функциясы бар екендігін, нейробиология мен нейропсихологияның, психологияның не екендігін білуің қажет. Білім - сенің күшің!


Университетке түстім. Зеріктім. Ең күштілері жоқ болды. Ал мен ең жақсылармен бірге және ең жақсыларда оқығым келді.

Лекцияда отырып, бір моментте «Мен түсіндім, мен жақсысын қалаймын» дедім. 

Сондықтан Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеттен өз еркіммен шығып кеттім. Мемлекеттік Грантымнан бас тарттым😱Өмірім жалғыз. Тіпті ата-анам оқуымның ақшасын төлемеймін десе де, тағы бір GAP year алатын едім. Тағы бір жыл ақша табамын, жинаймын. Өз SAT, IELTS емтихандарыма өзім қаражат табамын. Миллион шетелдік оқу орындарына мені қабылдасын, стипендия берсін деп жазатын едім. Өйткені мен жасай аламын!

💆🏻‍♀️ Университетке түскеніме шексіз ризамын, осы дүниелерді түсіндім. Мектепте оны түсіне алмайсың, өйткені ол уақытта бізде тұлға болып қалыптасу процесі, яғни кризис подросткого возраста*. Университетке құжат тапсырып жатқанда ешқандай грамота, сертификатым болмады. Ойланып қалдым. Өкінуге болмайды. Міне, құжат тапсыруға 3 ай қалды ма – барып волонтер бол, мастер класстарға қатыс, өзіңді қина. Перизат абла үнемі «Іздеген табар» деуші еді. Кезінде түсінбеуші едім. Ал өмірмен бетпе-бет келгенде бұл сөзбен тағы кездестім. Тек оны өзім айтатын болдым.

Шындығында, иә, іздеген табады. Тек қызығушылық (любопытсво) мен қалау (желание) болса болды. 

Асфендияровтан шығу туралы қалау менде бірден болды. Ата-анама барып айттым.

Маңыздысы мен қиялмен құшақтасып жүрмедім. Нақты-нақты жоспармен бардым.

-Интервьюді оқыды. Мотивацияларын алды. Алда мини GAP year келе жатыр (3 ай жазғы демалыс уақыты). Демалып үлгеруі үшін және ата-анасының жанында болатынын ескерсек, оқушылар мен студенттерге осы мини GAP year-ды максималды пайдалы етіп өткізуге берер кеңесің?

- Демалу деп айтып қалдың. Біздің түсінігімізде, жата тұрайын, Netflix –тен сериал көрейін, достарыммен кинотеатрға барып қайтайын деген – демалыс. Яғни демалысымыз дұрыс емес. Демалу деген –тауға шығу, кітап оқу дегендей болуы керек. 

Бірінші сұрақ – саған бұл ҮШ айды неге береді? Аяғыңды көтеріп қойып, балмұздақ жеу үшін ғана емес. Өзіңді тауып, демалып, жеке дамуыңмен айналысу үшін беріледі. Бұл – шынында да мини GAP year. Сенің өміріңде 11 мини GAP year болады. 

🔥 Бірінші кеңесім - режим қою. Ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдыр. Жеке дамудың (саморазвитие) TOP 10кітабын оқып шық. Оның тізімін қарапайым тұрғыдан ютубтан көрсең де болады. Екінші – арзан болса да, күнделік (ежедневник) ал.

Курстар, Фильм, Кітаптар, Жұмыс, Денсаулық (физикалық жаттығу және дұрыс тамақтану) деп секцияларға бөл. Курстарға байланысты платфор��малар қазір өте көп: Coursera немесе KhanAcacdemy. Іздеген табар. 

Физикалық жаттығу туралы. Бұл тек арықтау үшін ғана емес, мидың жақсы жұмыс жасауы үшін де қажет. Ми – дененің жалғасы. Жаттығу жасау арқылы мидың жұмыс қабілетін арттырасың, оттегімен қамтамасыз етесің, көбірек энергияң болады. Жата берген сайын – көбірек энергия өлтіресің. Сағат 07:00-ге дейін тұруды кеңес беремін. Түске дейін ұйықтау арқылы миыңды шаршатасың.

 

🦵🏻Физикалық жаттығу міндетті түрде фитнес орталықтарға бару емес, жай ғана музыка қосып билеуің, үйде жүріп жаттығулар жасауың, үй жинауың да бұл секцияға кіреді. Үй жинастыру – маңызды. Қазір бұл тақырыпта өте көп кітаптар жазылған. Соның бірі «Магическая уборка». Жинау арқылы бөлмені де, үйді де тазартасың. Өйткені жазда сен қайда боласың? Үйде.

Әрбір дүниенің маңызын түсінуің қажет. Қарапайым KFC мен  McDonalds зияны мен оны жемеудің маңызын түсінбесең, оны доғармайсың. Сондықтан, әрдайым ізденісте бол, оқы, зертте. 

Дұрыс ұйқы мен дұрыс тамақтану, фаст-фуд пен газды сусындарды азайту, физикалық жаттығулар жасау, өзіңді дамытатын кітаптар оқу, дамытатын фильмдер көру, курстарға қатысу, жаңа тіл үйрену – жазда жасауға болатын және жасау керек дүниелер. Аз-аздан баста, күніне кемінде 20 кітаптан баста. Өмірлік стиліңе айналды. Көретін фильм мен оқитын кітаптың тізімін алдын-ала жаса. Сонда сен жазда жоғалып қалмайсың. Максималды тұрғыда дамисың.

 

Таңыңды қалай бастасаң – күнің солай болады. Ерте тұр, керемет автордың сөзімен мотивациямен баста. Күнделікті жоспар құр.

🔥 Инстаграмда отырсаңыз, өзіңіздің идолыңызды табыңыз. Соны бақылаңыз. Менің интаграмдағы қазіргі идолым – Ресейде мектепті 14 жасында бітірген, 5 Жоғарғы білімі бар, Гарвардқа оқуға шақырту алған, 21 жасында аэроғарыштық компанияны ашқан және 23 жасында оны сатып жіберген қыз. Лентаңда осындай адамдар болғанда, инстаграмда отырғың келмей кетеді. Тұрып, сен де жұмыс жасағың келіп кетеді. Сен нені көп көрсең, соған энергия кетеді. Ал сен энергияңды кімдерге жұмсап жүрсің?...

- Қазіргі таңда ата-ана баласына өз айтқанын жасатады. Әсіресе мамандық тақырыбында, бұған не дейсің?

- Менің әпкеме анам дәрігерлікке бар деді. Бірақ ол соңына дейін физика-математика таңдап отырған. Анам: «Жоқ, мен сенен дәрігерді көремін» деді. Әпкем университетте 5 жыл бойы махаббатсыз дәрігерге оқыды. Тек 6-жылы дәрігерлік өзінікі екендігін түсінді және қазір медицинаны жаңа қырынан дамытып жүр. Интегралды медицина саласында жүр. Ата-ана айтып тұрса, ол сені таниды. Байқап көр, тәжірибе аласың.

Тіпті GAP year-ды ресми түрде ала алмасаң да, университеттің бірінші курсын GAP year қылып ал. Университетте мектептегідей таңнан кешке дейін отырмайсың – тек бірнеше сағат қана. Қалған уақытта боссың. Неге осы уақытты GAP year секілд өткізбеске?

Қазір университеттен шығып кеткің келсе, ата-анаңа үнемі жақсы дүниелерді айт. «Міне мынау қыз ауылдан шыққан және қазір осындай жетістікке жеткен немесе біздің университетте профессорлар менің мына-мына сұрағыма жауап таба алмады» де. Ал егер шығуға қалауың өте жоғары болса – осы салада қалуға барыңды сал. Бағаларыңды А қыл. Активист бол. Содан соң ғана анаңа келіп айт: «Анашым,әкешім, міне қолымнан келгенін барлығын жасадым. Бірақ сонда да келмеді». Тек мұны айту үшін сен шынында да тырысуың қажет.

 

💔 «Ата-анам менеджментті оқы» деп айтқаны үшін ғана жүрмін деп жылайтын студенттер де бар. Жаным-ау, сен менеджменттің не екенін білесің бе өзің?

Маған оқығың келмейтін және бұл мамандықта оқу сені құрдымға алып баратын кемінде себепті айтшы? Көп жағдайда бұлай айту – еріншектіктің жемісі.

Ата-анау қинап оқытып қойған мамандықты зертте, Қазақстанда оқытып жатқан қандай және әлемдік аренада ол қандай екен? Оны оқып бітірген соң қандай жұмыс жасаса болады немесе оқып жүріп қандай қабілеттерді машықтандыру керек екен? Аспанда қиялдап жүріп, жүйелі жоспарсыз, алға қойған нақты мақсатсыз жылап, ыңырси берген жөн емес.

 

Әрбір дүниеден жақсылығын көре білу қажет. Педагогқа оқып жатырсың ба, олардың жалақысы көтерілді. Бұл мамандықта оқу аса қиын емес, демек сен оқып жүріп басқа қабілеттеріңді дамыта аласың, жұмыс жасай аласың. Тиынның екінші жағын да қара. 


Исламды зерттеп жатырмын дедің. Ал біздің жастар ислам мен жеке дамуды бірге көре алмайды. Бұл туралы пікірің қандай?

- Қазіргі таңда суицид пен кәмелетке толмаған қыздардың жүктілігі, ол баласын көрінген жерде, тіпті қоқыс жәшігінде тастап кетуі деген дүниелер көп. Бұл – белгілі бір сенімінің, рухани дамудың жоқтығы. Шындығында барлық жеке дамудың (саморазвитие) базасы – позиттивті психология ғылымы. Аффирмация, медитация, жақсы көңіл күй – барлығы дінде бар.

Медитация – мұсылмандардың бес уақыт намазы. Позитивті ойла дейді ғылым – ислам өсектеме, күмәнданба, жаман сөз айтпа дейді. Жеке даму ғылымы жақсы адам бол, халыққа қызмет ет, лидер бол дейді – ислам игі әрекет ет дейді. Таңертең ерте тұр дейді психология – мұсылмандарда онсыз да таң намазы бар. Айырмашылығы біреусің жаңа заманда әдемі упаковка* жасап әдемі кітаптар айтып жатыр, біреусін талай ғасырлар бұрын Дін айтып кеткен. Құранда жоқ нәрсе жоқ. 

📚 Бірақ дінге келу үшін міндетті түрде құдайға сенудің қажеті жоқ. Алдымен зерттеуің қажет: Құранның сөздерін, хадистерді, діндегі адамдарды. Ал осыған паралельді тұрғыда жеке дамуды алып жүр.

Мысалы мен, non-fiction кітаптармен қатар Шамиль Аляутдиновтың подкасттарын тыңдаймын. Шамиль Аляутдинов тұрып діннің призмасынан айтып, артынан ғылыммен дәлелдегенде, қаласаң да, қаламасаң да сеніп бастайсың.

-Неге дін мен сенім жеке дамуды қатар алып жүру маңызды?

Өйткені ғылым нақты бір стержень бермейді. Сені ұзаққа ұстап қала алмайды. Сондықтан мотивация тек 3 күн ғана өмір сүреді. Ал рухани сенім сені мәңгілікке ұстап қалады. Сондықтан әрбір адамның үстелінің үстінде хадис кітаптар мен Джон Кехо секілді әлемді мойындатқан ғалымдардың кітабы қатар тұруы қажет. Екеуін екі бөлек алып жүргеннен гөрі паралель алып жүрген жөн. Сонда ғана сен өз біліміңді екі жақтан нақтылайсың

 🤔 Тіпті атеист ғалымдардың өзі кітаптарында Құран, Библия мен Евангелиядан мысалдар келтіреді. Яғни олардың бәрібір белгілі бір тұрғыдан сенімі бар.


Бірақ сонда да қайталап айтамын: мұның бәрі саналы түрде болуы керек. Мен айтты екен деп, «Міне, мен рухани призмадан қарапймын деп шештім» деп емес, алдымен барлығын зерттеп, санаңды сендір. Инстаграмыңда мұсылман блогерлерге жазыл, кітаптарды оқы, подкаст тыңда. Ғылым мен дінді қатар ұстап салыстыр, сабақтастыр. Ешқандай фанатизмсіз, екі әлемді сабақтастыра. Маңыздысы – осы.

#МеніңОқиғам

🌸 Медина Мендибаева @medina.notes

🎙@marjommi :)