June 29, 2023

Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

Оны бірінші сатыдағы сот 6 жылға шартты жазаға соттаған

Бұл жөнінде саясаткердің әйелі, құқық қорғаушы Инга Иманбай мәлімдеді.

— Жанболаттың қамауда отырғанына 499 күн болды. Біз күресуді жалғастырамыз. Енді Жоғары сотқа, ары қарай БҰҰ комитетіне жүгінеміз, — деді Иманбай.

Оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партия жеткешісі Жанболат Мамай Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұймдастыру» және «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша айыпталып, 6 жылға шартты жазаға сотталған.