Өнім берушінің электрондық актіні кешігіп ресімдеуі

Екатерина Клопова, юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ

Егер өнім беруші тауарды шарт бойынша соңғы күні жеткізсе, ал тауарды қабылдап алу-беру актісін 2 күнге кеш қойса, не істеу керек?

ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар424-тармағында белгіленгендей, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңымен (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.

Қағидалардың 426-тармағында тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаудың мынадай кезекпен жүзеге асырылатыны анықталған:

1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;

2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;

3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;

4) ҚР Қаржы министрінің 09.02.2015 ж. № 77 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелген Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;

5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Үлгілік шарттың 5-тарауында (Қағидаларға 19-қосымша) айқындалғандай, жеткізу өнім беруші тапсырыс берушіге тауарды техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі (шартқа 2-қосымша). Бұл ретте Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы Үлгілік шарттың 5.4-тармағында көрсетілгендей, шарттың 5.3-тармағының талаптары сақталған кезде тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.

Осылайша, жоғарыда аталған нормалар мен ережелердің өзара байланысын түсінбеушілік туындайды. Тәжірибеде бұл екі түрлі түсіндіріледі және көп жағдайда тауарды жеткізу күні деп ілеспе жүкқұжатпен тауарды жеткізудің нақты күні қабылданады, өйткені электрондық акт жасау кезінде өнім беруші жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркеуге тиіс. Егер өнім беруші басқа ауданнан/облыстан болса, ол тапсырыс берушіден тауарды алғаны туралы белгісі бар жүкқұжаттың екінші данасын алмайынша мұны істей алмайды. Осыған байланысты қабылдап алу-беру актісін ресімдеу көбінесе шарт бойынша жеткізу мерзімінен соң жүзеге асырылады. Бұл мәселенің екіұштылығына байланысты тапсырыс берушілердің көпшілігі егер тауар мерзімінде жеткізілсе және ол жүкқұжатпен расталса, сотқа бермейді.

Тапсырыс берушілердің екінші бөлігінің сүйенетіні, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоя отырып, өнім беруші оның барлық талаптарымен келіседі және Заңның 12-бабының 4-тармағы негізінде мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

© ЭС «ACTUALIS: Главбух».


2018 ж. қарашада статистикалық есептілік тапсыру

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері