ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ НЕМЕСЕ ЭЙЗЕНХАУЕР МАТРИЦАСЫ

♦️ Кез-келген қызметте уақытты тиімді қолдану жетістікке бастар маңызды дағды. Мектеп басшылығында атқарылар істің көптігін ескерсек, директорлар үшін «тайм-менеджмент» өте маңызды әрі таптырмас қабілет.

✳️ Бүгінгі жазбамызда тайм-менеджментте тиімді әдістердің бірі Эйзенхауер матрицасы туралы сөз қозғамақпыз. Бұл әдіс маңыздылығы мен асығыстыңына қарай атқарылатын істерді ретке келтіретін қолайлы жолды үйренуге көмек береді.

✅ Матрица негізінде 4 тік төртбұрыш өзара бірлесіп үлкен тік төртбұрыш құрауымен және де көлденеңнен «асығыс, асығыс емес», тігінен «маңызды, маңызды емес» деген бөлімдерде топтасуымен құрадлады. (суретке қараңыз)

🌟 Нәтижесінде «маңызды және асығыс істер», «маңызды, бірақ асығыс емес істер», «маңызды емес, бірақ асығыс істер» және «маңызды да, асығыс та емес істер» деген төрт бұрыштар байда болады. Өзіңіздің бір күндік (бір апталық) жұмысыңызды аталмыш бөлімдерге орналастыру арқылы ісіңізді ретке қоя аласыз.

🔰 Маңызды және асығыс істер.
Бұл өте маңызды, кейінге қалдыруға болмайтын істер топтамасы. Тез арада орындалмаса келеңсіз нәтижелер туындайтын істер. Бұндай істер арасында әдетте кенеттен пайда болған, алдын ала жоспарланбаған «форс-мажор» істер көптеп кездеседі. Одан бөлек жалқаулық негізінде жиналып қалған немесе қажетті біліктіліктің жетіспеуінен пайда болған шұғыл істерді жатқызуға болады.
🔹Мысалы: Қыста мектептің жылу жүйесінде ақау шықса оның жөнделуі өте маңызды әрі жылдамдықты талап ететін іс.

🔰 Маңызды, бірақ асығыс емес істер.
Бұл мекеменің келешегі үшін арнайы жоспарланған, ұзақ мерзімді, бірақ атқарылатын істер ішіндегі аса көңіл бөлінуі керек істер топтамасы. Бұл жұмыстар мекеменің миссиясы мен пайымынының (видение) іске асуында ерекше орындағы істер болғандықтан өте маңызды.
🔹Мысалы: Мектептің бәсекеге қабылеттілігін арттыратын жаңа, ұзақмерзімді жобалар. Заман талабына сай үйірмелер мен факультативтер санын көбейту тәрізді.

🔰 Маңызды емес, бірақ асығыс істер.
Бұл сіздің мекемеңіздің мақсаты шеңберіндегі істер емес. Бірақ орындалды делінуі үшін ғанаістелінетін жұмыстар топтамасы. Әдетте бұндай істерге басшы өз уақытын жұмсамағаны жөн. Ондай жұмысқа қызығатын немесе міндеті алаңына кіретін бір қызметкерге жұмысты тапсырған жөн.
🔹Мысалы: Белгілі бір уақыт ішінде толтырылуы қажет құжат. Басшылық тапсырмасы. Немесе мектебіңізге кенеттен келіп қалған қонақпен мектепті таныстыру.

🔰 Маңызды емес, асығыс та емес істер.
Бұндай істерді бір сөзбен «уақыт жегіштер» деп атауға болады. Өйткені олар еш маңызды емес істер. Тіпті асығыс жасалуы да керек емес. Бірақ оған уақыт бөлесіз, орындайсыз.
🔹Мысалы: Теледидар қарау, қажет болмаса да телефонда инстаграм, фейсбук парақшаларын ақтарып уақыт өткізу.

✅ Қорыта келе, егер жақсылап жоспарланса және толық қолданылса Эйзенхауер матрицасы өте пайдалы құрал. Мүмкіндігінше жоспарыңызда «маңызды және асығыс істер» топтамасы аз, ал «маңызды, бірақ асығыс емес істер» топтамасы көбірек болғаны жөн. Өйткені маңызды істерді сапалы орындау үшін асығыстық қажет емес. Нағыз кәсіпқой басшылар осылай жұмыс істейді.