December 3, 2019

ЕКІНШІ ТАПСЫРМА

1. Төмендегі «Самооценка» туралы қосымша видеоны көріңіз. Конспекті жазып алыңыз.

2. Бүгінгі видеосабақтағы «Қалықтау» (Парение) техникасын жасаңыз. Техниканы жасау барысындағы көрген образды жақсы жаққа өзгерту үшін Сізге не керек? Жақсарту үшін 10 ШЕШІМ табыңыз. Тапқан шешімдеріңізді бүгіннен бастап іске асыру.

Егер ешқандай образ көрмесеңіз, тапсырманы өткізіп жібере салыңыз.
Егер көрген образыңыз жақсы, өзіңізге ұнайтын болса, онда тапсырманы өткізіп жіберіңіз.


3. "МЕНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМ" атты тізім жазыңыз. Жалпылама артықшылықтарды жазудың қажеті жоқ, мысалы: мінезім ашық, пысықпын деген қасиеттер жалпылама болып есептеледі. Нақты тек өз артықшыдығыңызды жазыңыз. Дұрыс үлгі мынадай: самсаны бәрінен де дәмді етіп пісіре аламын, балама массажды керемет жасаймын, орыс тілінде кітап оқимын, ағылшын тілін білемін – деген сияқты тек өзіңізге қатысты нақты артықшылығыңызды жазыңыз. Кемінде 10 артықшылық.

4. Күнделікті істеп жүрген ісіңізден ПАЙДАЛЫ РЕСУРС алып үйреніңіз. Ол үшін әр істі бастар алдында ниетіңізге мән беріңіз. Ниет дұрыс болса, сізге ұнамайды деген істің өзінен пайдалы заряд, ресурс алуға болады. Төмендегі суретте мысал келтірілген, осылай өз істеріңізді жазып, ниетіңізді түзеп отыруды әдетке айналдырыңыз.

МЫНАУ ТЕК МЫСАЛ. БОС ТҰРҒАН ЖЕРЛЕРДІ ӨЗІҢІЗ ТОЛТЫРАСЫЗ. ҚАНША ЖАЗСАҢЫЗ ДА ӨЗ ЕРКІҢІЗ)

5. БЕС АДАМҒА комплимент жасаңыз, шын жүрегіңізбен. Бұл позитивті энерги алмасу процессі. Осылай кез-келген адамнығ бойынан тек жақсы қасиеттерді көруді, іздеуді үйренеміз.

6. ӨЗІҢІЗГЕ ЛӘЗЗАТ СЫЙЛАЙТЫН 3 істі жазыңыз. Келесі сабақтың басталуына дейін сол ляззат сыйлайтын істің біреуін жүзеге асырыңыз. Осы тапсырманы тұрақты түрде жасап отыруға әдеттеніңіз.

7. Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау барысы жайлы ӘСЕРІҢІЗДІ ЕСЕП ЧАТЫНА ЖАЗЫҢЫЗ.

8.«ОВАРАЛЬНОЕ ДЫХАНИЕ» техникасын игеріңіз. Техниканы игерген соң, жасау барысын ВИДЕОҒА ТҮСІРІП, ЕСЕП ЧАТЫНА ЖІБЕРІҢІЗ

Алматы Әйелдер Орталығының "Қылықты Әйел" онлайн курсына қатысты материалдарды тарату, көшіріп алу, ұрлау Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қудаланады.

Барлық материалдар АМАНАТ!