Нәпсіні емдеу арқылы мақсатқа жету
Нәпсіге ерген адам адасады.Енді жатсада, тұрса да, оның жолдасы шайтан болады.
"Қожа Ахмет Яссауи"
Ассаламуалайкум менің есімім НұрАхмед!
Нәпсіні тәрбиелеу арқылы көптеген жетістікке жеттім,соның ең бастысы Құран кәрімді толық жаттап шықтым.
Нәпсі-адамды жаратылған жаратылыстардың ішінде ең кемел дәрежеге көтеретін немесе ең төменгі дәрежеге түсіретін екі жақты бір дәнекер .
Рухани тәрбие мен бақылаудан құр қалған нәпсі-ақиқаттан адастырып надандық құрсауында қалдырады.
Хадисте:
"Нағыз жиһад жасаушы кісі - өзінің нәпсісімен күресуші.
Нәпсіні емдеудегі бір-бірін толықтырып тұратып 5 әдіс тәсіл.
Бұл әдістерді өміріңізде қолдансаңыз жетістіктерге жететініңізге дау жоқ .
1.Алламен рухани байланыс орнату
Көп адам өзінің ішкі әлемін таба алмағандықтан, өмірде өзінің орнын таба алмай қиналады.Өміріңізді өзгертуді қаласаңыз ең алдымен өз ойыңызды өзгертіңіз.Ой мен ішкі қалаулары адамның рухани айнасы.Нәпсіні тәрбиелеп,өзгерісті қалаған адам,бірінші кезекте Алламен рухани байланысты ретке келтіруі тиіс.Бұл-жүректің мақсатын айқындау
2.Шарттасу
Салиқалы амалдарды орындап,жаман әдеттерді тастау үшін нәпсімен келісімге келіп шарттасу.
Мәселен ертең кітаптың 20бетін оқуға тиіссіз.Егер күнделікті осы әдетті қайталасақ 10 күнде осы кітапты бітіреміз және саған сыйлығым бар!
Егер орындамасаң 1 күн ораза ұстаймын немесе садақа беремін деген сияқты нәпсіге жаза қолданасыз!
3.Адам өзін өзі бақылау және бақылауда екенін білу.
1.Денсаулықты бақылау.
Асымыз адалынан болу.Спортпен шұғылдану салауатты өмір салтын ұстануды күнделікті әдетке айналдыру
2.Ақыл ойды бақылау
Бірінші кезекте сананы мазалайтын ойлардан арылу сақтану.Ой дұрыс болмаса,адамды іштей кеміріп ауру етеді.Сондықтан ең әуелі өзі жайында одан кейін өзгелер жайында жақсы ойда болған жөн. Жақсы ой-ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
3.Рухани тұрғыда бақылау
Рухани әлемде пайда болған бостық сыртқы әлемге әсер етеді.Нәтижесінде рухани бостық пайда болады.Уақыттың босқа өткізу,бос нәрсемен айналысу ,бос сөзге үйір болу мұның бәрі рухани бостықтың сыртқы көрінісі.
Кітап оқу білім алу-жүректің рухани азығы
4.Ізгі жандармен бірге болу
Адамға рухани тұрғыдан бақылауға көмектесетін әдістің бірі ізгі жандармен болған имани сұхбат.
5.Өзінің де бақылауда екенін білу
Өзін бақылау толық жүзеге асу үшін өзінің де Алла тарапынан бақылауда екенін сезіну.Бұл ұстаным Құранда: [Шүбәсіз,Раббың үнемі бақылауда] деген аятта көрсетілген.
Қолға алған істі нәпсінің қалауы ма,жоқ әлде Алланың разылығын көздеп орындалғалы жатыр ма?
4.Сыйлық сыйлау,марапаттау
Қандай да бір жетістікке жетіп немесе қолға алған бір істі аяғына дейін орындаған уақытта өзіне сыйлық жасау. Бұл-нәпсі тәрбиесіндегі өте тиімді тәсіл. Мұны нәпсіні алдаудың бір түрі десек те болады.Осылай жасау психологиямызға тікелей әсер етіп, келесі істі құлшына бастауға оң әсерін тигізеді.
5.Жазалау
Нәпсіні тәрбиелеуде ең соңғы тәсіл-жазалау.Соңғы деп отырғанымыз егер жоғарыдағы айтып өткен тәсілдер пайда бермесе,жазалау әдісіне жүгінеміз.Бұл басқа шара қалмаған кезде,ең соңғы қолданылатын әдіс.
Нәпсіні жазалау әдісін қолданудың өзіндік мәдениеті бар.Ол-Адамға физикалық,психологиялық,моральдық және рухани тұрғыда зиян тигізбеу.Егер нәпсі тәрбиелеудегі жазалау әдісі адамға зиян беріп жатса,ол нәпсіні тәрбиелеу емес,құрту әдісіне айналады.Сондықтан бұл мәселеде Мұқият болған жөн.
Мысалға:нәпіл ораза ұстау,нәпіл намаз оқу,кезектен тыс садақа беру немесе 1 күн әлеуметтік желілерден бас тартут.с.с
Ескерту үлкен жетістіке жету үшін кіші жетістіктерден ләзат ала білу керек .