Дұғам қабыл болсын десеңіз!
Мұсылман адамның өмірінде дұға маңызды.Оған мына аят дәлел
Оларға: Егер сендердің дұғаларың (ғибадаттарың)болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын!
Фурқан сүресі 77 ші аят [25:77]
Ассаламуалайкум,
менің есімім НұрАхмед
Алланың қалауымен дұғаны дұрыс жасап көптеген қиыншылық сынақтардан шықтым және көптеген жетістікке жеттім соның ең бастысы Құранды толық жаттап Қари атандым. Шынайы сенім мен әрекет керек.
Бұл чеклистта мен сізге
- дұға туралы жалпы түсінік.
- Дұға жасаудың әдебі.
- Дұға қабыл болатын уақыттар.
- Таңғы және кешкі дұғалар
- Пайғамбарлардың а.с дұғалары
- Хадистегі дұғалар
- Дұға жасауда табандылық таныту
- Шынайы сенім мен әрекет
Төменде жазылғандарды міндетті түрде оқыңыз,өміріңізге қолданыңыз себебі бұл сіздің өміріңіз.Аллаға шынайы түрде сеніңіз!
Сенім!Сенім!Сенім!
Дұға
Дұға-Біздің Раббымызға жасайтын сыр-құпияға толы құлшылықтың шынайы түрі
Біз дұға жасау арқылы өмірімізге әсер ете аламыз.Мұса пайғамбар мен бедеу әйел туралы оқиға – сенім мен дұғаның күшін көрсететін тағылымды оқиға.
Бірде Мұса пайғамбарға (ғ.с.) бір әйел келіп, ұзақ уақыт бала көтере алмай жүргенін айтып, Алладан бала сұрауын өтінеді. Мұса (ғ.с.) Аллаға дұға етіп, әйелдің тілегін жеткізеді. Алайда Алладан жауап ретінде әйелге бала берілмейтіні айтылады. Мұса (ғ.с.) бұл хабарды әйелге жеткізеді, бірақ әйел сенімін жоғалтпай, тағы да Мұса пайғамбарға келіп, Алладан дұға сұрауын өтінеді.Мұса пайғамбар тағы да Аллаға дұға етеді, бірақ жауап сол күйі қалады. Әйел үмітін үзбей, әрдайым Алладан бала сұрауды жалғастыра береді. Бірнеше уақыт өткен соң, әйел бала көтеріп, дүниеге сәби әкеледі.Мұса пайғамбар Алладан мұның қалай болғанын сұрайды. Алла Тағала: «Әйелдің үнемі шынайы сеніммен жасаған дұғасы Мені рақымға бөледі. Оның табандылығының арқасында Мен оның тілегін орындадым» деп жауап береді.
Бұл оқиға – табандылықпен, сеніммен жасалған дұғаның нәтижелі болатынын және Алланың рақымы шексіз екенін еске салады.
Дұға жасаудың әдебі
Дұға жасаудың әдебі, оның қабыл болуы болуы үшін маңызды. Төменде дұға жасаудың әдептерін рет ретімен жазып шықтым!
- Ниеттің тазалығы: Дұға жасау үшін адамның жүрегі мен ойы таза болуы керек. Шынайы ниетпен, Алланың алдында кемшіліктерін мойындап, тек Оның разылығын қалап дұға жасау маңызды.
- Алланы мадақтау және салауат айту: Дұға басында Алланың ұлылығын дәріптеп, Оған мақтау айту әдебі бар. «СубханАллаһ», «Әлхамдулиллаһ» секілді сөздер арқылы Алланы дәріптеу дұғаның бастамасы болуы тиіс. Сонымен қатар,Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту дұғаның қабыл болу ықтималын арттырады, себебі салауат Аллаға ұнамды амалдардың бірі.
- Алланың есімдерімен дұға ету: Алланың көркем есімдерімен, мысалы «Я Рахман», «Я Рахим» деп дұға ету дұғаның қабыл болу ықтималын арттырады. Алла Тағала Құранда Өз есімдері арқылы дұға жасауды ұнататынын айтқан.
- Құбылаға бет бұру: Дұға жасағанда мүмкін болса, Құбылаға бет бұрып дұға ету Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен. Құбыла – мұсылмандардың ортақ бағыты, сондықтан оған қарай отырып, дұға ету дұғаның әдептілігін көрсетеді.
- Қолды көтеру: Дұға кезінде қолды жоғары көтеріп, алақанды жайып сұрау – сүннет. Бұл Алланың бергеніне шүкіршілік білдіру және одан тағы да берекет тілеу. Қолды көтеру арқылы адам Аллаға тәуелді екенін көрсетеді.
- Ықылас пен жан-тәніңмен берілу: Дұға шынайы және ықыласпен жасалуы керек. Адамның жүрегі, ойы тек Аллаға бағытталып, Аллаға толық сеніп, Оның құдіреттілігіне шүбә келтірмей дұға етуі маңызды. Көп ретте дұғаны жан-дүниесімен беріле жасаған адам Алланың мейірімін сезеді.
- Кешірім сұрау және тәубеге келу: Дұға жасағанда Алладан күнәлардың кешірілуін сұрап, тәубе ету қажет. Күнә адамның рухани тазалығын азайтады, сол себепті дұғаны Алладан кешірім сұраумен бастау дұрыс. Алла Тағала тәубе етіп, кешірім сұраған құлдарына ерекше мейірімді.
- Дұғаны қайталап, табандылық көрсету: Дұға бір рет қана айтылмай, бірнеше рет қайталанып, табандылықпен жасалуы керек. пайғамбарымыз ﷺ дұға жасауда табандылықтың маңызын көрсетіп, бірнеше рет сұрауды насихаттаған. Дұғаның қайталануы адамның Аллаға деген сенімін көрсетеді және бұл Аллаға ұнамды.
- Құлшылықтың маңызын түсіну: Дұға тек Алладан бір нәрсе сұрау ғана емес, Ол – құлшылықтың бөлігі. Сондықтан дұға жасағанда Алланың разылығын көздеу және оның хикметін ұғыну маңызды. Адам өзінің әлсіздігін мойындап, Алланың барлығына құдіреті жететінін түсінуі керек.
- Сабырлық және сенім: Дұға бірден қабыл болмауы мүмкін, бірақ бұл сабырлықпен қабылдануы керек. Алланың әр нәрсеге хикметі бар, кейде дұға уақыт өте келе не басқа түрде қабыл болуы мүмкін. Сондықтан сабырлық танытып, Алланың қалауына толық сену керек.
- Жақсылық пен амандық тілеу: Дұғада тек өзің үшін ғана емес, басқа адамдар үшін де жақсылық тілеу маңызды. Бұл мұсылмандардың бір-біріне деген мейірімділігін және бауырмалдығын көрсетеді. Сонымен қатар, дұғада ата-ананы, туыстарды, достарды, бүкіл мұсылмандарды еске алып, олардың амандығын сұрау – сауабы мол амал.
- Жұмсақ дауыспен дұға ету: Дұғаны қатты дауыстап емес, жұмсақ үнмен, қарапайым түрде айту әдебке сай. Бұл адамның Аллаға деген терең құрметін және оның жүректегі иманының беріктігін көрсетеді.
- Харам нәрселерден аулақ болу: Дұғаның қабыл болуына кедергі жасайтын нәрселерден аулақ болу керек. Харам жолмен табыс табу, арам тамақ жеу сияқты нәрселер дұғаның қабыл болмауына себеп болады. Сондықтан адал өмір сүру дұғаның қабыл болуына ықпал етеді.
Бұл әдебтерді ұстану дұғаның әсерін күшейтеді және Алланың мейірімін арттырады.
Дұға қабыл болатын уақыттар
- Мұсылманның мұсылман бауырына жасаған кездегі дұғасы
- Ананың балаға,баланың анаға жасаған дұғасы
- Парыз амалдан кейінгі дұға
- Сәждеде жасалған дұға
- Түннің үштен бірінде жссалған дұға
- Азан мен қамат арасындағы дұға
- Жақсылық жасағаннан кейінгі дұға
- Өзінің кемшілігін мойындай отыра жасалған дұға
- Жаңбыр жауғанда жасалған дұға
- Алланың көркем есімдерін қосып жасаған дұға
- Екі салауаттың арасындағы дұға
Мына жерде әр қайсысына жеке тоқталып кетсек болар еді бірақ қысқаша мәлімет беріп кеткенді жөн көрдім.Егер түсінбеген жерлеріңіз немесе басқа сұрақтарыңыз болса жекеме жазыңыз!Сізге қуана қуана жауап берім!Ал енді келесі бөлімге көшейік.
Таңғы және кешкі дұғалар
Кімде-кім күн сайын таңертен және кешке سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ«субхәналлаһи
бихәмдиһи» (Аллаға сансыз мақтау мен шүкіршілік айта отырып, Оны кемшілік атаулыдан піктеймін) деп жүз рет айтатын болса, қиямет күні дәл сол сияқты Аллаға
мадақ айтқан немесе одан да көп мадақ жаудырған жаннан өзге ешкім де онын істеген ісінен артық іспен келмейді», — деп айтты», — деген (Муслим, зикр 26)
Абдуллаһ ибн Хубәйб (р.а.)жеткен хадисте: «Бірде Алла елшісіﷺ маған: «Таңертең және кешке «Қул hyaллаһу әхәд» және «Муаууизәтәйнді»(Яғни 'Ықылас" "Фәләқ" "Нас"сүрелерін)үш реттен оқып жүр. Бұл сүрелер (басқа дұғаларға қарағанда) сенің күллі жамандық атаулыдан әрі зиянды нәрселерден сақтануыңа толық жетеді», — деп айтты», — деген. Әбу Дәуіт, әдәб 101;Тирмизи, дағауат 116).
Осман ибн Аффан (р.а.)жеткен хадисте:
«Алла елшісіﷺ : «Күн сайын таң
атқанда және кеш батқанда:
بِسْمِ اللَّهِ الَّذِي لَا يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
«Бисмилләһил-ләзи лә йәдурру мағасмиһи шәйун фил-арди у лә фиссәмә и уә hуәс-сәмииғул-алим» (Есімі аталғанда жердегі және көктегі еш нәрсе зияннын тигізе алмайтын Алланың атымен.Ол барлығын естуші әрі толық білуші)-деп үш қайтара айтқан Алланың құлына еш нәрсе зиян тигізе алмайды > деп айтты.
Хузәйфә және Әбу Зәрр р.а жеткен хадисте:Алла елшісіﷺ төсегіне жатқанда:
بِاسْمِكَ اللَّهُمَّ أَحْيَا وَأَمُوتُ
Оқылуы.[Бисмикаллаһумма ахйә уә әмуту] Мағынасы"Сенің атыңмен, Аллаһым! Тірі боламын және өлемін."
Пайғамбарлардың дұғасы
Құранда көптеген пайғамбарлардың Аллаға жасаған дұғалары сипатталған. Бұл дұғалар олардың рухани өмірін, қиыншылықтардағы сабырлылығын және Аллаға деген толық сенімін көрсетеді. Төменде пайғамбарлардың дұғалары арабша мәтінімен, транслитерациясымен, қазақша мағынасы және олардың контекстімен бірге ұсынылған.
Адам ата мен Хауа ананың дұғасы
رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ
«Уа, Раббымыз! Біз өзімізге зұлымдық жасадық. Егер бізді кешірмесең әрі рахымыңа бөлемесең, біз сөзсіз зиянға ұшыраушылардан боламыз».
Дұғаның контексті адамның қателесіп, сол қателігін мойындап, Алладан кешірім мен мейірім тілеуіне негізделген. Бұл дұға кез келген мұсылманның қателескен кезде айтатын тәубе дұғасы ретінде үлгі болады.
Ибрахим а.с пайғамбардың дұғасы
Арабшасы:
حَسْبُنَا اللّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ
Оқылуы:
Хәсбуналлаһу уәниғмәл уәкиил
Мағынасы: "Алла бізге жеткілікті, Ол – ең жақсы өкіл.
Ибраһим (ғ.с.) отқа тасталар алдында Аллаға тәуекел етіп, «Хасбиаллаху уә ни'мал уәкил» (Алла маған жеткілікті, Ол – ең жақсы өкіл) деген дұға айтты. Бұл дұға оның Аллаға толық
Мұса а.с Пайғамбардың дұғасы
رَبِّ إِنِّى لِمَآ أَنزَلْتَ إِلَىَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِير
Оқылуы: Робби инни лимәә әнзәлтә иләйя мин хойрин фәқир
Мағынасы: «Раббым! Шынында, Сен маған түсірген игілігіңе мұқтажмын»."
Және ісіңіздің жеңілдеуі үшін,тілдің күрмелуіне қарсы мына дұғаны оқыңыз
رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي
وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي
وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِّن لِّسَانِي
يَفْقَهُوا قَوْلِي
Роббишрах ли содри, уә яссир ли әмри,
уәхлюл укудатаммиллисани, йафқаһу қаули."
"Уа, Раббым! Көкірегімді аш (кеңейт)! Ісімді жеңілдет,тілімдегі күрмеуді шеш,сөзімді түсінсін!
Әбу Һурайра р.а жеткізген хадисте:
Расулуллаﷺ "Алладан тілек тілегенде ешбірің:Уа,Аллаһым!Қаласаң,мені кешір!Уа Аллаһым қаласаң мені мейріміңе бөле!"-деп айтпасын,кешірсінше тілегін нақты айтып,табандылықпен сұрасын, (яғни "Алла тағала дұғамды міндетті түрде қабыл алады"деген сеніммен дұға етсін)өйткені (құлының дұғасын қабыл алып,алмау мәселесінде) Алланы ешкім мәжбүрлей алмайды,-делінген. Бұхари,дағауат 21
Дұғалар
Қарыздан құтылу үшін оқылатын дұға:
اللهم اكْفِنِي بِحَلَالِكَ عن حَرَامِكَ ، وَأَغْنِنِي بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ Уа Аллахым. Халал нығеттерің арқылы харам нәрселерден; мол, асқан жомарттық арқылы жаратылыстарыңа бағынудан мені сақтай гөр!
Зейіні зерек алғыр болу үшін оқылатын дұға:
Жанұялы болу үшін оқылатын дұға:
رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا
«Раббәнә һәбләнә мин әзуәжина уә зурриятина қурротә ағйуни уә жә’алнә лил муттақинә имәмә»
«Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан және ұрпақтарымыздан көз қуаныш ететін ұрпақ нәсіп етіп, бізді тақуаларға (ізгілерге) имам (үлгі-өнеге) ете гөр».
Бұл дұғада Алладан жанұядағы тыныштық пен береке сұралады, сонымен қатар өзі мен ұрпағының тақуа, иманды, өзгелерге үлгі болуын тілейді.
Жолыңыз болмай жүрсе осы дұғаны оқыңыз.
للَّهُمَّ يَا رَبِّى بِجَاهِ صَاحِبِ الْوَسِيلَةِ سَيِّدِنَا وَنَبِيِّنَا وَحَبِيبِنَا وَقُرَّةِ عُيُونِنَا وَنُورِ أَبْصَارِنَا حَبِيبِكَ مُحَمَّدٍ الْمُصْطَفَى وَرَسُولِكَ الْمُرْتَضَى وَنَبِيِّكَ الْمُجْتَبَى حَوِّلْ أَحْوَالَنَا إِلَى أَحْسَنِ الْحَالِ يَا مُحَوِّلَ الْحَوْلِ وَالْأَحْوَالِ Аллаһумма йа Рабби бижахи саахибил уәсиләти саййидина уа набийина уа хабийбина уа құррати ғуюунина уа нуури абсаарина хабибика Мухаммадин әл-Мустафа уа расуулика әл-Муртада уа набийика әл-Мужтаба, хаууил ахуалана ила ахсанил хал, йа мухауиләл хаули уәл ахуал.
Қазақша мағынасы: «Уа Алла, Раббым! Сенен өтініп сұраймын, ең үлкен мәртебе иесі болған біздердің мырзамыз, пайғамбарымыз, сүйікті әрі көзіміздің нұры Мұхаммед Мұстафаның құрметі үшін. Уа Алла, біздің жағдайымызды ең жақсы жағдайға өзгертуші Ұлы Ием! Біздің ахуалымызды ең жақсы халге ауыстыр».