АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ АТАП ӨТІЛДІ
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруына орай 14-15 сентябрь күндері іс жүзіндік сапармен Душанбе қаласында болды.
Мемлекетіміз басшысы сапардың бірінші күні Душанбеде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші Мәслихат кездесуі аясындағы шараларға қатысты.
Президент Шавкат Мирзияев 15 сентябрь күні Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезектегі жиналысына қатысты.
Тәжікстан тарапының төрағалығымен өткен шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев, Түркіменстан Президенті Сердар Бердимухамедов, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адилбек Қасымалиев және БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі — Орталық Азия үшін привентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығының басшысы Каха Имнадзе қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Тәжікстанның 2020-2023 жылдары Қорға төрағалық етуінің қорытындылары шығарылды, Арал теңізі бассейніндегі экологияны, су шаруашылығын және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ қор шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болашақтары талқыланды.
Өзбекстан Президенті өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бас резиденциясында Тәжікстан Республикасының теңтөрағалығымен өткен ЖаЅандық су конференциясының табысты болғанын ерекше атап өтті. Осы тарихи оқиғаның нәтижелері бойынша су саласындағы Орталық Азияның өмірлік маңызды мәселелері мен міндеттеріне бүкіл халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуға қол жеткізілді.
Мемлекетіміз басшысы құрылым құрылған сәттен бастап 30 жыл ішінде Арал теңізі бассейнінде мәселелерді шешуге, бірлескен бағдарламалар мен экологиялық қатерлерге қарсы күрес жобаларын іске асыруға келісілген тәсілдерді әзірлеудегі Қордың рөлі мен маңызына талдау жасады.
— Аралды құтқару халықаралық қоры — бұл, ең алдымен, Орталық Азия елдерінің жаЅандық ауқымдағы ең өзекті мәселелердің бірін шешудегі көпжақты ынтымақтастықтағы бірегей тәжірибесі, — деді Президентіміз.
ЖаЅандық климаттың өзгеруі тудыратын жаңа қауіптер жағдайында мұндай аймақтық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызы одан әрі арта түсетіні атап өтілді. Орталық Азиядағы су тапшылығы мәселесі өткір де өзекті болып, енді ол барған сайын тереңдей түседі.
Өзбекстан басшысы құқықтық және институционалдық тұрғыда көпжақты серіктестіктердің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды міндеттерін атап өтіп, су экологиясы саласындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар практикалық ұсыныстар айтты.
Қордың құқықтық базасын одан әрі жетілдіру және институционалдық механизмдерді жаңғырту шеңберінде негізгі құжаттар мен келісімдерді жүргізу және қайта қарау, Қордың құрамына кіретін ұйымдар жұмысының ағымдағы құрылымы мен үйлестірілуін талдау және тиімділігін арттыру мақсатында оның қызметі мен ынтымақтастық мәселелерін нақты реттейтін “Eрежелер мен тәртіп-қағидаларды” әзірлеу ұсынылды.
— Қорды дамыту және реформалау үдерістерін сектораралық қағидат негізінде, яғни қазіргі экологиялық қатерлерді ескере отырып, “су — энергия — азық-түлік” рәсіміне кешенді тәсілдер негізінде жүзеге асыру маңызды, — деді мемлекетіміз басшысы.
Негізінен ұлттық жоспарлар бағытында жүзеге асырылатын Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі төртінші бағдарламаны іске асыруға алаңдаушылық білдірген Өзбекстан Президенті Қор басшылығына қолданыстағы бағдарламаны сыни тұрғыдан қайта қарауды және әрбір өңірлік жобаның көлемін айқындайтын, оларды іске асырудың келісілген кестесін, “жол карталарын” дайындауды тапсыруды ұсынды.
Басым өңірлік жобаларды ілгерілету үшін инвестицияларды, технологияларды және техникалық қолдауды тарту мәселелері бойынша жүйелі ынтымақтастықты нығайту қажеттігі атап өтілді.
Осыған байланысты біздің елдеріміздің әрқайсысының өңірлік жобаларға шетелдік қолдауды тарту және нақты нысаналы көрсеткіштерді белгілей отырып, төрағалық етуші тарапты үйлестіру міндеттемесіне негізделген инвестицияларды тарту мен бөлу және техникалық қолдау механизмін әзірлеу ұсынылды.
Бұдан басқа, шетелдік әріптестерді, жетекші халықаралық институттар мен донорлық ұйымдарды тарта отырып, бірлескен жобаларды іске асыруды жеделдету мақсатында арнайы өңірлік конференция өткізу ұсынылды.
Өзбекстан басшысы біздің өңірдегі су және энергетикалық ресурстарды кешенді басқару саясатын үйлестіру мақсатында халықаралық консультанттардың қатысуымен Әмудария мен Сырдария бассейндерін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу орынды екенін атап өтті.
— Су және басқа да табиғи ресурстарды үнемдеу және пайдалану мәдениетін қалыптастыруға, жастар бастамалары мен стартаптарын қолдау мәселелерінде өңірлік деңгейде жастармен жұмысты ұйымдастыруға, арнайы бағдарламаны қабылдауға ерекше назар аудару қажет. Осы мәселелерді қарастыру кезінде біз Превентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығы белсенді түрде тартылатынына сенімдіміз, — деді мемлекет басшысы.
Экожүйелердің одан әрі құлдырауын болдырмау мақсатында, ең алдымен, Арал өңіріндегі ынтымақтастық мәселелері ерекше тоқталып, Президент қазіргі уақытта Өзбекстанда Арал өңіріндегі экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
— Соңғы бірнеше жылда Арал теңізінің құрғақ түбінде 1,7 миллион гектар орман алқабы құрылды. Алдағы екі жылда тағы 400 мың гектар жасыл аумақ құру жоспарлануда. Арал апатының салдарын жеңілдету, сондай-ақ Арал теңізінде биоәртүрлілікті сақтау үшін 3,5 миллион гектардан астам табиғи саябақтар, қорықтар мен мемлекеттік қорғау аймақтары құрылды, — деді Шавкат Мирзияев.
Сонымен қатар, Өзбекстанда су пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Соңғы 7 жылда біздің елімізде 1 миллион гектардан астам аумаққа су үнемдеу технологиялары енгізілді, бұл суармалы жерлердің төрттен бірін құрайды.
Серіктестерге Қор қызметінің басымдықтарының бірі ретінде су үнемдеу секторын айқындай отырып, осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту ұсынылды. Осы мәселелердің барлығын жан-жақты қарастыру үшін су ресурстары, энергетика, экология және экономика министрлерінің тұрақты кездесулері үшін өңірлік платформа құру туралы бастама көтерілді.
Өзбекстан Президенті “Қуштепа” канал құрылысы туралы да өз пікірін білдірді. Жоғарыда айтылғандай, біздің өңірде суды пайдалану барысында жаңа қатысушы пайда болды. Осыған байланысты біздің елдеріміздің ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, арна құрылысына және оның Әмудария суын пайдалану тәртібіне әсерімен байланысты барлық аспектілерді зерделеу, сондай-ақ Ауғанстан өкілдерін су ресурстарын бірлесіп пайдалану жөніндегі аймақтық диалогқа тарту жөнінде бірлескен жұмысшы топ құру ұсынылды.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, ол бүгінгі саммитте қабылданған бастамалар мен құжаттарды іске асыру Қор аясында халықтарымыздың және бүкіл Орталық Азия өңірінің өркендеуі саласындағы өзара мүдделі ынтымақтастықтың тиімділігін кеңейтуге және арттыруға қызмет ететініне сенім білдірді.
Кездесуде Тәжікстан, Қазақстан, Түркіменстан басшылары мен Қырғызстан Үкіметінің мүшесі сөз сөйлеп, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының үндеуі оқылды.
Шара соңында Қордың құрылтайшы мемлекеттері келесі құжаттарға қол қойды:
— Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;
— Тәжікстан Республикасының АҚХҚ-ға төрағалығының қорытындысы бойынша Аралды құтқару халықаралық қорына мүше мемлекеттер Басшылары кеңесінің қаулысы;
— Аралды құтқару халықаралық қорына мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 2024-2026 жылдарда АҚХҚ Президенті етіп сайлау туралы қаулысы;
— Аралды құтқару халықаралық қорына кіретін мемлекет басшылары кеңесінің ЭЫДҰ ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы қаулысы.
2024-2026 жылдары АҚХҚ төрағалық Қазақстан Республикасына өтті.
Сонымен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Тәжікстан Республикасына іс жүзіндік сапары аяқталды.