ОМЫРТҚА БҰЛШЫҚЕТІНІҢ АТРОФИЯСЫ
Омыртқа (спинал) бұлшықетінің атрофиясы — ананың жүктілігі кезінде балада болатын кейбір нейрондардың зақымдануынан болатын сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Ең жаманы дер кезінде, яғни 6 айдың ішінде емделмесе, өліммен аяқталады.
Аурудың белгілері нәрестелік немесе балалық шағында басталып, нәрестелерде сору, жұту, тыныс алу функциялары бұзылады. Жаңадан дамып келе жатқан балаларда алдымен аяқ-қолы қозғалмайды, содан кейін баланың бүкіл денесі істен шығады. Бала тіпті өз сілекейін де жұта алмайды. Бұл ауру мидағы моторлы нейрондардың істен шығуынан туындайтын тұқым қуалайтын ауру. Тіндерді кептіру нәтижесінде бала қозғалуды тоқтатады. Біріншіден, зақымдану аяқтардан басталады, содан кейін арқа, кеуде және денедегі барлық бұлшықеттердің істен шығуына әкеледі. Бұл ауыр сырқат және жер бетіндегі әрбір 50 адамда осы ауру гені бар. Бұл сау ата-анадан туған балаларда да кездеседі. Егер ата-анасы туысқан болса, баланың ауру болу ықтималдығы одан да артады.
Омыртқа бұлшықеттерінің атрофиясы әртүрлі өмір салты, жүктілік кезінде ерікті түрде есірткі қабылдау, ішу және темекі шегу сияқты зиянды әдеттер осы ауруды тудыратын факторлар болып табылады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 апрельдегі “Омыртқа (Спинал) бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған науқас балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету және дәрі-дәрмектерді ақысыз жеткізіп беру жүйесін ұйымдастыру іс-шаралары туралы” 217-санды қаулысымен омыртқа бұлшықетінің атрофиясы (SMA) диагнозы бар науқастар мемлекет тарапынан патогенетикалық препараттармен, ортопедиялық және оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қаулымен мультидисциплинарлық (невропатолог, педиатр, реаниматолог, пульмонолог, ортопед, хирург) тексеру және емдеу (оперативті контрактуралар мен сүйек деформацияларын түзету) үдерісі көпсалалы балалар медициналық орталықтары құрылды.
Біз осы орайда ауылдастарымыздың жақын ағайын-туыстар арасында некеге жол бермеуге кеңес береміз. Өйткені тұқым қуалайтын аурулардың басым көпшілігі өзара ағайынды жас жұбайлардың арасында жиі кездесуімен ерекшеленеді.
Науаи облыстық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының акушер-гинекологы.
Кенимех аудандық көпсалалы орталық емхананың терапевт дәрігері.