June 28, 2023

ӨЗБЕКСТАН ХАЛҚЫН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Қүрметті отандастар!
Жер бетіндегі барша ислам үмбетімен бірге мейірімділіктің, ізгілік пен жомарттықтың рәмізі болған Қүрбан айтты қарсы алып жатқан, сіздерді, еліміздің барша мүсылмандарын, бүкіл халқымызды осынау үлық күнмен шын жүректен қүттықтаймын және ең жоғары қүрметім мен игілігімді білдіргеніме өте қуаныштымын.
Жүрегіміз шаттыққа бөленетін осындай қуанышты сәттерде, ең алдымен, елімізбен бірге Қүрбан айтқа аман-есен жеткізген Жаратушыға шүкіршілік етеміз.
Осы сәтте біз осы қасиетті мерекенің мән-мағынасында бейнеленген бейбітшілік, достық пен ынтымақтастық, адамилық идеялардың бүгінгі Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырып жатқан реформалармен, үлы мақсаттармен және міндеттермен үндескенін, жүрегіміздің толқығанын сеземіз.
Еліміздің әрбір махалласында, қалаларында және ауылдарында тыныштық пен өзара сыйластық, қоғамымыздағы өзара қүрмет, ынтымақ, бауырмалдық ортасын нығайтуда Қүрбан айт сияқты ғасырлар бойы қалыптасқан мерекеміз бен қүндылықтарымыздың рөлі мен ықпалы артып келеді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жанқияр да игілікті еңбектерімен өмірімізді одан әрі азат әрі әл-ауқатты ету жолындағы игі іске лайықты үлес қосып, адамдық қадір-қасиетті үлықтап жүрген барша қадірлі отандастарымызға шынайы алғысымды білдіргім келеді.
Қүрметті достар!
Соңғы жылдары елімізде үлттық және діни қүндылықтарымызды дамыту, ар-ождан, сенім бостандығын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жүмыстар атқарылғаны баршаңызға белгілі.
Атап айтқанда, момын-мүсылмандарымызға жасалған қолайлы жағдай мен мүмкіндіктің арқасында Қүрбан айт күндерінде 15 мың отандасымыз қасиетті Меккеге қажылық жасауда.
Олардың барлығын бүгінгі айтулы күнмен қүттықтап, Алла-тағаладан еліміздің өркендеуін, халқымыздың тыныштығы мен амандығын, отбасымыздың, бала-шағамыздың бақытын тілеген дүғаларымыздың қабыл болуын сүраймыз.
Көпүлтты және көпконфессиялы халқымыздың асыл мүратын жүзеге асыруға, сүлу елімізді біртүтас Отан деп санайтын барлық үлт пен үлыс өкілдерінің салт-дәстүрін сақтап, дамытуға біз бүдан былай да баса назар аударатынымыз сөзсіз.
Біз бірлескен күш-жігерімізбен Жаңа Өзбекстанды үлтына, тіліне және дініне қарамастан, әрбір азамат бейбіт, еркін және жайлы өмір сүретін шынайы достық пен бауырмалдық еліне айналдыратынымызға сенімдімін.
Осы жарқын сәттерде біз әлемнің алыс және жақын аймақтарындағы барша момын-мүсылмандарға шын жүректен қүттықтауымызды жолдап, олардың елдері мен халықтарына бейбітшілік пен даму тілейміз.
Қүрметті отандастар!
Кейінгі жылдары қалыптасқан игі дәстүрімізге сәйкес, Қүрбан айт мерекесіне байланысты биыл да бірнеше күннен түратын демалыс күндері белгіленді.
Отбасымызға, өмірімізге Қүрбан айт мейрамының ізгілік нүрын, нағыз мерекелік көңіл күй сыйлауға қызмет етеді деп ойлаймын.
Бүл да киелі жерлерді, үлы бабаларымыздың басқан қадамдарын зиярат етіп, ардақты ата-аналарымызды, туған-туыстарымызды, бауырларымызды зиярат етіп, көмек пен жәрдемге зәру жандардан хабар алып, елімізді саяхаттауға тағы бір жақсы мүмкіндік десек, дүрыс болар еді.
Сіздерді, ғазиз отандастарымды, барша халқымызды Қүрбан айт мерекесімен қүттықтап, мерекені отбасыңызбен, достарыңызбен және жақындарыңызбен мәнді де берекелі өткізулеріңізді тілеймін.
Лайым, баршамыздың таза ниеттеріміз орындалсын!
Еліміз тыныш, халқымыз әрқашан аман болсын!
Барша игі істерімізде Жаратушының өзі қолдасын!

Шавкат Мирзияев, Өзбекстан Республикасы Президенті