САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА
ҚарақалпақстанРеспубликасыныңНөкісқаласында “Kardar academy school” беймемлекеттікжалпыортабілімберумектебініңашылурәсіміөтті.
Шарада сөз сөйлегендер соңғы жылдары білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалардың ұнамды нәтижелері, жастарға тәлім-тәрбие берудегі жаңалықтарға тоқталды. Жаратылып жатқан мүмкіндіктер нәтижесінде оқушылар республикалық және халықаралық пән олимпиадаларында, түрлі байқауларда, спорт жарыстарында жүлделі орындарды иелеп келуде.
Мектептің құрылыс жұмыстары үшін 3 миллиард 76 миллион сум қаржы бөлінген болып, 300-ге жуық оқушыға тәжірибелі оқытушылар, соның ішінде ағылшын тілінен С1 және Б2 дәрежесіндегі сертификатқа ие педагог мамандар білім береді. Күнделікті сабақтардан тыс оқушылар қытай, корей және түрік тілдері, математика және ментал математика, шахмат-дойбы, ұлттық және заманауи ойын үйірмелеріне қатысу мүмкіндігіне ие.
Шара қатысушылары беймемлекеттік жалпы орта білім беру мектебіндегі оқушыларға жаратылған мүмкіндіктермен жақыннан танысты.