September 7, 2023

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ  

Жыл сайын тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізілетін ұлттық медиа алаңның

алыптарын анықтайтын “Ең ұлы, ең ғазиз” байқауы осы жылы да медиа, БАҚ және кино саласының үздіктерін анықтап, олардың елімізде болып жатқан өзгерістер мен өзекті тақырыптарға арналған материалдары бойынша талдау жасады.

Олардың арасынан ең ауқымды, сыни және әлеуметтік көзқарасқа ие бол­ғандарын марапаттап, ел алдында ұлықтады. Айта кету керек, бұл шара Президентіміздің 2023 жылғы 27 июльдегі “Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 32 жылдық мерекесіне дайындық жасау және оны өткізу туралы” қаулысына сәйкес, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің тиісті шешімінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында “Жаңа өмір үшін, Жаңа Өзбекстан үшін!” басты идеясы аясында атап өтілді.

Үстіміздегі жылдың 29 август күні өткен шараны Өзбекстан Журналистер одағыны шығармашылық бірлестігі, БАҚ, Өзбекстан Жазушылар одағы, Кинематография агенттігі, Өзбекстан ұлттық медиа бірлестігі, Республикалық “Тасвирий ойина” шығармашылық бір­лес­тігі, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі мен Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы ұйымдастырды.

Жастар істері агенттігінің мәжілістер залында өткен шараға журналистер, ақын-жазушылар мен шараға қызығушылық танытқан көрермендер қатысты. Осы жыл­ғы байқауда шығармашылық жұмыстар 7 аталым бойынша қабылданған. Олар баспа БАҚ қызметкерлерінің ең жақсы журналистік жұмыстары, телевидение және радио қызметкерлерінің ең жақсы материалдары, интернет журналистикасы, публицистік жанрдағы ең жақсы кітап үшін, жазушылар мен ақындардың ең жақсы әдеби шығармалары үшін, бейнелеу өнері, фото және дизайн жұмыстары мен кино өнерінің үздік туындылары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бекболат МҰХТАРОВ,

“Нұрлы жолдың” тілшісі.