September 7, 2023

ЖАСТАРДЫ СПОРТҚА БАУЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Спорттың танымал түрлері баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат-дойбы және футболды дамыту, сондай-ақ студенттер спорт лигасы, спорт жарыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу бойынша Шыршық қаласында республикалық іс жүзіндік семинар өтті.

Өзбекстан дене шынықтыру және спорт университетінде ұйымдастырылған кездесуге Өзбекстан Республикасы Жоғары білім беру, ғылым және инновациялар ми­нистрлігі, Өзбекстан Республикасы Жастар саясаты және спорт министрлігі, республикадағы барлық жоғары білім беру орындарының проректорлары, сондай-ақ спорт тәлімгерлері мен профессор-оқытушылар да қатысты.

— Президент өткізген бейнеселекторда жоғары білім беру орындарында “Студенттер лигасын” ұйымдастыру туралы айтылды, — дейді паралимпиада факультетінің деканы Сойибжон Тожибоев. — Ол үш басқышта өткізіледі, 1-басқыш жоғары білім беру мекемесі басқышы, 2-басқыш аумақтық басқыш, 3-басқыш республикалық бас­қыш саналады. Әрбір басқышты өткізуде жауапты ұйымдар да белгіленді. 1-басқышта жоғары білім береу мекемесінде бірінші проректорлар, декандар және спорт клубының төраға орынбасарлары, 2-басқышта спорт клубы ассоциациясы, облыстардағы жоғары білім беру, ғылым және инновация­лар басқармаларымен ынтымақтастықта және қай спорт түрінде өткізіліп жатқан болса, сол спорт түрі бойынша федерациялармен ынтымақтастықта өткізілуі белгіленген. Ал 3-басқышта жоғары білім беру, сондай-ақ Жоғары білім, ғылым және инновациялар ми­нистрлігімен ынтымақтастықта Жастар сая­саты және Спорт министрлігімен бірге өткізілуі жоспарланған.

Семинарда жоғары білім беру орындарында дене шынықтыру мен спорт кафедрасын құру, спорт клубтары қызметін жол­ға қою, сондай-ақ мемлекеттік жоғары білім беру орындарында 2023/2024 оқу жылы үшін студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан істер сияқты маңызды мәселелер де тал­қыланды және басты міндеттер белгілеп алынды.

— Жоғары білім беру орындарында 2023/2024 оқу жылынан бастап дене шынықтыру және спорт пәнін қалай ұйымдастыру, оның құрамдық бөлігі қалай болуы, студенттерді осы пәнге жұмылдыру мәселелері бойынша бірқатар баяндамалар мен сұрақтар болды, — дейді ТМТУ оқу істері бойынша проректоры Орифжон Зарипов. — Аталмыш оқу жылында екі түрлі формаға негізделіп, яғни жоғары білім беру мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, бірінші кезекте дене шынықтыру және спорт пәнін таңдаулы пән блогына енгізіп, таңдау­лы пән ретінде өту. Студенттерді тиісті сағат және несиелерді қалыптастыру мәселесі, екінші формасы бұл академиялық ұйымдық қаржылық дербестік берілген 40-тан астам жоғары оқу орындарында бұл пәнді факультативті түрде ұйымдастыру, сондай-ақ үйірме жетекшілері, профессор-оқытушылардың еңбекақысын белгілеу сияқты мәселелер де талқыланып, тиісті міндеттер белгіленді.

Сонымен қатар жастарды спортқа кеңінен жұмылдыру және спорт түрлері бойынша жоғары нәтижелерді қамтамасыз ете алатын дарынды спортшылар мен ұлттық құрама командаларды қалыптастыру, сондай-ақ барлық қолайлылықты жарату бо­йынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруға назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар аталмыш оқу орнының студенттер жатақханасындағы, спорт ғимараттарымен, онда жасалған қолайлылықтармен танысты.

Жадыра ТҰРСЫНБАЕВА,

“Нұрлы жолдың” тілшісі.