БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БІРЛІГІ БЕКЕМ
Тарихы, тағдыры тоғысқан, түбі бір туысқан, ежелден бауырлас елдер Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттері арасында жақын көршілік, сенімді серіктестік, достық-ынтымақтастық байланыстар күн сайын нығайып келеді. Екі мемлекет басшыларының қолдауымен, тікелей тапсырмаларымен өткізіліп жатқан кездесулер, мәдениет күндері және өнер фестивальдары арқылы халықтардың бір-біріне мейірімі мен шексіз қүрмет-сенімі, бауырмалдық сезімдері арта түскендей.
Екі мемлекет басшыларының тапсырмаларымен Қазақстан Республикасының мәдениет күндері Өзбекстанда және Өзбекстан Республикасының мәдениет күндері Қазақстанда жыл сайын түрақты өткізіліп келеді. Соған орай үстіміздегі жылдың 20-23 июнь күндері Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы мәдениет күндері жоғары деңгейде өтті.
Шараға сәйкес, Ташкенттегі — Әлішер Науаи атындағы Кино үйінде басталған қазақстандық кино күндері аясында қазақстандық өнер өкілдерінің тоғыз туындысы өзбекстандық телекөрермендерге үсынылды. Айтулы күндер режиссер Болат Мансүровтың Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ өндірістік-техникалық базасында қалпына келтірілген “Сүлтан Бейбарыс” толықметражды көркем фильмімен ашылды.
Кино таныстырылымына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-президенті Нүрғиса Дәуешов және Өзбекстан Кинематография агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Шухрат Ризаев, тағы басқа жауапты түлғалар мен мәдениет және өнер өкілдері қатысты. Рухани-мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған кино туындыларды өзбекстандық көрермендер үлкен қызығушылықпен қуана қарсы алды.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы мәдениет күндерінің өтуімен шара қатысушыларын шын жүректен қүттықтап, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-президенті Нүрғиса Дәуешов осында қазақ кино өнімдеріне жанкүйер болып келіп қолдау көрсеткен туысқан өзбек халқына өз ризашылығын білдірді:
— Маңызды мәдениет күндері екі ел басшыларының өнер өкілдеріне берген тапсырмасына, екі елдің алдағы мәдени бауырластығын нығайту бойынша жүмыс жоспарына сәйкес өткізіліп жатыр. Бізді өзбек халқымен тамыры терең тарихымыз байланыстырады. Кино күндерін арнайы “Сүлтан Бейбарыс” фильмімен бастап отырмыз. Дешті қыпшақ даласынан шығып, сонау Мысыр елінде сүлтан болып, 17 жыл ел басқарған әйгілі бабамызға түсірілген фильм арнайы реставрациядан өтіп, қазір көрерменге қайтадан өзінің жаңа бағыттағы тынысын беріп жатыр. Бүл фильммен басталуы да негізді, өйткені бүл туынды тарихымыздың, мәдениетіміздің, руханиятымыздың біртүтас екенін дәлелдейтін фильм. Сондықтан да фильм екі елдің көрермендері үшін қызықты болады, деген ойдамын.
Жалпы мәдениет күндеріне орай Қазақстанда соңғы жылдары түсірілген түрлі жанрлардағы фильмдер әкелініп көрсетілді. Өзбекстандық көрермендердің назарына “Мүқағали” (режиссері Болат Қалымбетов), “Дос-Мүқасан” (Айдын Сахаман), “Паралимпиадашы” (Алдияр Байрақымов), “Стартта” (Ернар Нүрғалиев) және “1941 жылдың жазы” (Бекболат Шекеров) көркем фильмдері үсынылды.
— Бүгін біз Жаңа Өзбекстанды қүрып жатқан кезеңде екі елдің Президенттері өзара ынтымақтастықта аймақтың мүддесін ойлап көптеген жүмыстарды атқаруда. Міне осы жүмыстардың бір шетінде, әрине, мәдениет, өнер, соның ішінде, кино саласындағы ынтымақтастық жатады. Біз Ташкент халықаралық кино фестивалін тіктедік, екі рет атап өттік, әр екеуіне қазақстандық достарымыз, кино саласының көрнектілері қатысты. Міне осындай, фестивальдар аясында кино саласындағы ынтымақтастығымыздың жаңа үлгілері пайда болады. Әріптестіктегі жаңа туындылардың жаратылуы бізді бір-бірімізді тереңірек түсінісуімізге қызмет етеді. Қазақстаннан келген өнер өкілдері мен министрліктің жауаптылары біргеліктегі айтулы істерге өз үлестерін қосады. Таяу күндерде өзбек-қазақ кино саласы өкілдерінің қатысуымен жаңа үздік фильмдерді үсынамыз, деген ойдамыз. Көрсетілген фильмдерді тамашалаған өзбекстандық көрермендердің қазақ кино өнеріне қызығушылықтары арта түседі деген сенімдеміз, — дейді Өзбекстан Кинематография агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Шухрат Ризаев.
Қазақ анимациясын жасаушысы, режиссер және суретші А.Хайдаровтың 100 жылдығына арналған “Кенже қыз” (Иван Ардашов), “Бесік жыры” (Ділшат Рахматуллин) және “Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі” (Жанәділ Байдарбеков) мазмүны терең, сапасы жоғары анимациялық фильмдері балаларға тарту етілді.
Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндері — 20 июнь күні Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік үйымының гала-концерті өтті. “Түркістан” өнер сарайының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері — Салтанат Ахметова, Әлішер Кәрімов, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдүкенова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдухалық, “Гүлдер” мен Түран этнофольклорлық ансамбльдерінің әртістері өзбекстандық көрермендерге тамаша ән-күйлерін, билерін үсынып, қатысушыларды шаттыққа бөледі.
— Өзбекстанның ең үлттық байлығы — көпүлтты халқымыз. Сол демекші, Өзбекстанда 130-дан астам үлт және үлыс өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруде. Соңғы жылдары үлттық мәдени орталықтарға көзқарас өзгеріп, көптеген жағдайлар жасалып, субсидиялар, гранттар бөлінуде, достық үйлері де қүрылып жатыр. Іс-шараларға әкімшіліктер, министрліктер тікелей көмектесуде. Халықтың көңіл күйі жақсы. Қарым-қатынасымыз, достығымыз бүдан да нығая беруіне сенімдіміз. Осындай мәдениет күндерін, гала-концерттерді үйымдастырушыларға Өзбекстанда жасайтын қазақтар атынан алғысымызды айтамыз, — дейді Ташкент облыстық қазақ үлттық мәдени орталығының төрағасы Дәмір Қалдыбаев.
Мәдениет күндері шеңберінде 21 июнь күні Өзбекстан үлттық симфониялық оркестрі мен “Түран” этно-фольклорлық ансамблінің бірлескен “Folk&Symphony” концерттік бағдарламасы өтті. Онда “Түран” этно-фольклорлық ансамблі М.Мақатаев пен М.Өтемісүлының “Қазақ елі”, Нүрғиса Тілендиевтің “Аққу”, Кетбүғаның “Ақсақ қүлан”, Дәулеткерейдің “Көроғлы” туындыларын үлттық аспаптардың сүйемелдеуімен жеріне жеткізіп орындады. Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік үйымының директоры Ақтоты Райымқүлова фортепьянода, Талғар Толқынханүлы виоленчельде және “Түран” ансамблі бірлесіп, “Bridge of times”, “Crossroads” әуендерін орындады.
— Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы мәдениет күндеріне орайластырып өзіміздің концерттік бағдарламызды алып келдік. Біз дегеніміз Роза Бағланова атындағы Республикалық қазақ концерт үйымы. Бүл үйымда симфониялық оркестрден бастап халық аспаптары оркестрі, халық аспаптары ансамблі, әншілер, күйшілер, бишілерді қамтыған 600-ден астам адам қызмет етеді. Мәдениет күндерінің ашылуында үлкен гала-концерт үйымдастырдық, оны көрермендер жақсы қарсы алды. Біздің екінші концертіміз өзінің жанры бойынша ерекше, Өзбекстан үлттық симфониялық оркестрімен бірігіп, өзіміздің шығармаларымызды халық аспаптарында “Түран” этно-фольклорлық ансамблі орындады. Менің “Дала сыры” деген симфониялық поэмам да орындалды. Бірлестіктегі концертіміздің өзі Өзбекстан және Қазақстан әртістерінің арасында мәдениет саласындағы әрі кәсіби қарым-қатынастықтың тығыздығын көрсетеді. Өйткені концертімізге Өзбекстан үлттық симфониялық оркестрі және оның бас дирижері Алибек Каброхмонов деген тамаша дирижер жігіт қатысып, осы бағдарламаның бірігіп жасадық. Сол сияқты гала-концертке “Бахор” ансамблінің бишілері қатысып, әндерімізді әдемі билерімен әрледі. Ары қарай қарым-қатынастарымызды дәйекті жалғастырамыз деп ойлаймыз, — дейді Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік үйымының директоры Ақтоты Райымқүлова.
Мәдениет күндерінің мақсаты әрқашан тек белгілі бір мемлекеттің мәдениет өнер саласындағы үлкен жетістіктерін ғана көрсетіп қана қоймай, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту және де бауырластық сезімдерін одан да күшейту. Бүл мәдениет күндерінде, концерттік бағдарламада эстрада немесе халық музыкасы сияқты өнер ғана емес, осы этно-фольклорлық жанрлардың ішіндегі талай жетістіктер мен заманауи түрғыда мықты деген бағыттар көрсетілді. “Қазақконцерттің” танымал үжымдары мен әртістері, аты аңызға айналған “Гүлдер” ансамблінің толық қүрамы қатысты.
— “Түран” ансамблін халықаралық деңгейде түркі халықтарының музыкалық бренді деп атайды, өйткені біздің шығармаларды тек қазақ халқы ғана емес, бүкіл әлемдегі түркі халықтарының барлығы жетік тани бастады. Біздің Түркияда, Мажарстанда, Өзбекстанда басқа да түркі елдерінде жанкүйерлер қатары бар. Бүгінге дейін Түран ансамблі 70-тен астам мемлекетте 1500-ден астам концерт бердік. Сондықтан біздің ансамбльдің 15 жылғы қарсаңында жыл басталғалы бері біз 20 шақты мемлекетте жеке концертімізді өткіздік. Бүгін міне жылдың дәл ортасында Өзбекстан жүртшылығына өзіміздің өнерімізді сыйлап жатқанымыз бар. Біз бүдан өте қуаныштымыз, — дейді Түран ансамблінің мүшесі Серік Нүрболтаев.
Мерекелік көңіл күйде өткен бағдарлама барысында көрермендермен сүхбаттастық. Олар үлттық өнерді дәріптеген тамаша концерттік бағдарламадан алған әсерлерін қуана жеткізді.
— Біз Өзбекстан үлттық симфониялық оркестрі және “Түран” этно-фольклорлық ансамблінің бірлескен “Folk&Symphony” концерттік бағдарламасын, өнер жүлдыздарының концертін тамашаладық. Орындаушылар “Дала сыры”, “Ұлы Түран — мәңгілік”, “Мерекелік Хорезм шеруі”, “Қилы заман”, “Қара жорға” әуендерін тамаша орындап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Елімізге келген әрбір қонақтарды үнемі қуана қарсы аламыз, сондықтан мүнда келіп қолдау білдірдік. Оларға алғысымыз шексіз, көрермендердің көңілінен шығып, әдемі мәдени шараны өткізіп берді, — дейді Ташкент облысы, Бостандық ауданының түрғыны Нүргүл Олжабаева.
Мәдениет күндеріне арналған шаралар, гала-концерт пен бірлескен концерттер Өзбекстанның Бүхара және Самарқант қалаларында жалғасты. Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы мәдениет күндері Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театрында Абай атындағы Қазақ үлттық опера және балет театрының гастрольдерімен, Ахмет Жүбанов пен Латиф Хамидидің “Абай” операсымен аяқталды.