July 12, 2023

КІТАПҚҰМАРЛЫҚ — БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Ғасырлар бойы жетілдіріліп, қаншама ұрпақты дұрыс жолға бағыттаған, адамның білімді, тәрбиелі, өнерлі болуындағы негізгі фактор — бұл кітапқұмарлық екені айдан анық.

Кітап жастардың ой-санасының өсуінде ерекше орын алады. Өйткені жақсы кітап адамның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу сезімін оятады. Кітап адамды кемелдікке жетелейді.

Кітап адамның саналы өмірі мен руханият әлемінің басты факторы болып саналады. Кітап — білім көзі, даналықтың асыл қазынасы. Кітап оқыған адамның ойлауы дамиды, өмірге өткір көзқараспен қарайды. Соңғы кезде кейбір жастарымыз ғаламторға және әртүрлі әлеуметтік желілерге әуес болып, кітап оқуға деген қызығушылығы төмендеп бара жатқаны да жастарымыздың болашағына өз әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Бүгінгі таңда еліміздің қарқынды даму кезеңінде данышпан ата-бабаларымыз айтқанындай, кітап оқу және кітапқұмарлық мәдениетін қалыптастыруға баса назар аудару мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді. Өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуда кітап оқудың рөлін арттыру мақсатында 2017 жылғы 12 январьда Өзбекстан Республикасы Президентінің “Кітап өнімдерін басып шығару және тарату жүйесін дамыту, кітапты талдау және кітап оқу мәдениетін арттыру, сондай-ақ насихаттау бойынша комиссия құру туралы” Жарлығы қабылданды. Бұл халықтың көп бөлігін кітап оқуға және кітапқұмарлықты насихаттауға, балаларымыздың балабақшадан бастап кітапқа деген сүйіспеншілігін оятуға, кітаптың мазмұнына баса назар аударуға, оның басып шығару сапасын жақсартуға, түрлі мазмұндағы кітаптармен толтырылған кітап дүкендерінің санын көбейтуге және оны одан әрі байытуға арналған.

Елімізде кітап оқуды насихаттау мақсатында ауқымды реформалар жүргізіліп, іс-шаралар, түсіндіру жұмыстары, ақындармен кездесулер ұйымдастырылуда, нәтижеде балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып келеді. Барлық оқу орындарында, соның ішінде Мырзашөл ауданының ақпараттық-кітапханалық орталығында оқырмандардың мәдениетін арттыру мақсатында кітапханаларда көшпелі білім беру семинарлары өткізіліп, оқушылардың пікірлері ескеріліп, оларда көркем әдебиеттер жеткізілуде. Халқымыздың, әсіресе жас ұрпақтың рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруда, өз Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік, адалдық сезімімен өмір сүретін терең ойлы тұлғаның ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуде маңызды санал­ған кітап оқу мәдениетін арттыруға ерекше назар аударылуда.

Қорыта айтқанда, жастарды жан-жақты ойлайтын, рухани жетілген, кез келген ақпаратты дұрыс талдай алатын тұлға ретінде тәрбиелеу кітапханашылардың басты міндеті болмақ.

Сурая МАМАЖАНОВА,

Мырзашөл аудандық ақпарат-кітапхана орталығы

Ақпарат-библиография қызметінің библиографы.