ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПӘКІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 сентябрь күні Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал Асим Мунир басшылығындағы делегацияны қабылдады.
Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесу басында жоғары мәртебелі қонақ мемлекетіміз басшысына Пәкістан Президенті Ориф Алви мен Премьер-министрдің міндетін атқарушы Анвар Какардың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Сұхбатта бұрын қабылданған “жол картасына” сәйкес өзара сауданың жоғары өсу қарқынын жалғастыру, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету, екі елдің жетекші кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай мәселелері бойынша пікір алысты.
“Терміз – Мазари-Шариф – Пешавар” теміржол құрылысы жобасын ілгерілету мақсатында іс жүзіндік үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.