ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДА ПАТЕНТ ӨКІЛДЕРІНІҢ РӨЛІ
Соңғы жылдары республикада зияткерлік меншік саласын дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мұның айқын мысалы ретінде қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттарды келтіруге болады. Қысқа мерзім ішінде, яғни 2019 жылдан бері бұл салаға байланысты 41 заңнамалық құжат, солардың ішінде 8 заң, 10 Президент қаулысы, 9 үкімет қаулысы, сондай-ақ 14 кеңселік нормативтік-құқықтық құжат іс жүзіне енгізілді.
Бұдан тыс, бұл кезең барысында мемлекетіміз салаға байланысты 4 әмбебап, сонымен қатар 2 аймақтық халықаралық келісімшартқа қосылды. Президентіміздің қаулысымен Өзбекстанда алғаш рет 2022-2026 жылдарға арналған зияткерлік меншік саласын дамытудың ұлттық стратегиясы қабылданғаны баршамызға белгілі.
Саланы жетілдіру бойынша үкімет қаулыларында басты назар бұл салада мемлекеттік қызметтерді көрсетуде азаматтарға, кәсіпкерлерімізге және шетелдік инвесторларға қолайлылықтар жаратуға бағытталған.
Нәтижеде патент өкілдерін дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру тәртібі белгіленді. Патент өкілдерін аттестациядан өткізу үдерісін нақты уақыт режимінде аудио және бейнетрансляциялау тәжірибесі енгізілді, сондай-ақ оларды тіркеуден өткізудегі бюрократиялық кедергілер жойылды. Бұдан тыс, озық шетелдік тәжірибені үйрену негізінде адвокаттарға патент өкілдері ретінде қызмет жүргізу құқығын беру арқылы олардың қызметі жетілдірілді.
Үкімет қаулысына сәйкес, патент өкілдеріне қойылатын біліктілік талаптарынан зияткерлік меншікті қорғау саласында немесе зияткерлік меншік нысандарына құқық қорғау саласында адвокат ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтіліне ие болу талабы жойылды.
Бұл шаралардың жүзеге асырылуы нәтижесінде патент өкілдерінің саны едәуір дәрежеде өсті. Атап айтқанда, бір ғана 2023 жылдың бірінші жартысында 20 патент өкілі тіркеуден өтіп, олардың саны 96-ға жетті.
Мәлімет ретінде айтар болсақ, 1993-2021 жылдар аралығында, яғни 18 жыл барысында бар-жоғы 67 патент өкілі (тіпті 1996-2000 жылдары мүлде тіркеуге алынбаған) тіркеуден өткен. Ал бұл орташа әр жылы 3 патент өкілі тіркеуден өткенін және оларға жеткілікті дәрежеде назар аударылмағанын білдіреді. Зияткерлік меншік саласына байланысты келіспеушіліктерді сотқа дейін шешу үдерісіне патент өкілдері өте белсенді қатысуда.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың жарты жылдығында Әділет министрлігінің Апелляция кеңесі тарапынан 44 апелляция жұмыс жүргізуіне қабылданып, оларда 38 жұмыс патент өкілдері арқылы тапсырылған. Бұл тапсырылған апелляциялардың дерлік 87 пайызын құрайды.
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 9 июньдегі 324-санды қаулысымен Патент өкілдігіне үміткерлерді аттестациядан және тіркеуден өткізу, сондай-ақ патент өкілдерін аттестациялау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің әкімшілік регламенті бекітілді.
Аталған нормативтік құжатпен патент өкілдігіне үміткерлерді аттестациядан және тіркеуден өткізу, сондай-ақ патент өкілдерін аттестаттау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі белгіленді.
Бұдан тыс, патент өкілдігіне үміткерлер және патент өкілдеріне тиісті тәртіппен Өзбекстан Республикасы Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталы арқылы өтініш жасау мүмкіндігі жаратылды.
Патент өкілдерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жоғары білікті кадрларды дайындау, олардың зияткерлік меншік нысандарын құқықтық қорғау мен сақтау саласындағы теориялық-практикалық білімдерді тереңдету мен жаңалау, олардың кәсіби дайындығының заманалық талаптарына сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Ұлттық стратегия аясында патент өкілдері қызметін дәйекті жетілдіру маңызды. Бірқатар патент өкілдерінің бастамасы нәтижесінде жуырда Патент өкілдері ассоциациясы құрылды. Ассоциация үстіміздегі жылғы 17 июль күні Әділет министрлігінен беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйым ретінде тіркелді.
Патент өкілдері ассоциациясы елімізде дамып келе жатқан зияткерлік меншік саласын ілгерілетуге, тұрғындардың және кәсіпкерлік субъектілердің, мемлекеттік органдардың сала бойынша хабардарлығын арттыруға қызмет етеді.
Бүгінде Патент өкілдерінің ассоциациясы Германия, Франция, Жапония, Ресей Федерациясы, Латвия, Корея Республикасында бар екенін, бұл ұйымдардың негізгі міндеті патент өкілдерінің құқығы мен мүдделерін қорғау екенін мәлімет ретінде айта кеткен жөн.
Ассоциация алдағы уақытта патент өкілдерінің құқығы мен мүддесін қорғауда, олардың қызметін одан әрі жандандыруда, сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда маңызды орын иелейді, ассоциация мүшелерінің қатары кеңейеді деген ойдамыз. Өз кезегінде Әділет министрлігі Патент өкілдері ассоциациясын жан-жақты қолдап-қуаттауға және ынтымақтастыққа жұмыс жүргізуге әрқашан дайын.