January 20

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН ҚЫТАЙДА БОЛАДЫ

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 23-25 январь күндері мемлекеттік сапармен осы елде болады.

Сапар бағдарламасына сәйкес Пекин қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты кездесулер өтеді.

Күн тәртібінде Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және кең ауқымды іс жүзіндік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралады.

Сондай-ақ, мемлекетіміз басшысы Қытай өңірлерінің біріне барып, осы елдің жетекші компанияларының және банк-қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.

ӨзА