September 9, 2023

МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМІР БЕРІЛДІ

Бүгінгі таңда Олий Мажлис Сенаты мүшелері махаллаларда және әлеуметтік сала нысандарында 2023-2024 жылғы күз-қыс маусымына дайындық жұмыстарымен танысуда.

Маусымға дайындық барысында жүргізілген жүйелі жұмыстар тұрғындарды жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етудегі проблемаларды жою, сондай-ақ бұл бағытта туындайтын жағымсыз жағдайлардың алдын алуға назар аударылуда.

Соның ішінде аймақтарда күз-қыс маусымына дайындық жасау мақсатында тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша бірқатар істер жүзеге асырылуда.

Сенатор Абдуғани Сангиновтың бастамасымен Сұрхандария облысының Денау, Сариасия және Узун аудандарындағы махаллаларда “Әйелдер дәптері” мен “Темір дәптерде” тізімде тұратын әлеуметтік көмекке мұқтаж, табысы аз, бағушысынан айырылған, аз қамтылған отбасылар мен жалғызілікті қариялар сынды 11 441 азаматты демеушілердің көмегімен 6865 тонна көмір, яғни әрбір адамды 600 килограмм көмірмен қамтамасыз ету жоспарлан­ған.

Сенат мүшесінің бастамасымен қазірге дейін 4924 тонна көмір отбасыларға таратылған.

Қазірде күз-қыс маусымын шығынсыз өткізу бойынша нәтижелі істер жалғасуда.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.