ТЕМІРЖОЛДАҒЫ ЖАҒДАЙЛАР
Адамның алысын жақындатуда теміржолдың орны бөлек. Ол
мемлекет экономикасының дамуындағы өзіндік үлесі бар бір тармақ ретінде ғана емес, азаматтардың ауырын жеңілдетудегі, жоғарыда айтқандай, алысын жақындатудағы көліктердің бірі
Сол көлік алысқа, өз мекеніне жету үшін махаллалардан, ауылдардан, мектеп, балабақшалардың жанынан өтетіні де сыр емес. Соны ескере отырып, сала мамандары кең жұртшылық өкілдерінен, махалла белсенділерінен жас балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды. Себебі немқұрайдылық келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Теміржолмен байланысты көңілсіз жағдайлардың алдын алу үшін бәріміз бірдей күресуіміз қажет. Цифрларға жүгінсек, теміржолдардағы келеңсіздіктер көп жағдайда кәмелетке толмаған жастармен байланысты болуда.
Қазіргі уақытта жастар түрлі әлеуметтік тармақтарда өзін суретке түсіру үшін теміржол аялдамаларында тұрған вагондарға шығуда. Нәтижеде күшті ток ұрудан, теміржолда құлақшын тағып, келе жатқан пойызды байқамауынан өлім жағдайлары болуда. Осы сынды іс-әрекеттер кері салдарға әкеп соғуын жастардың әлі де сезінбеуі өкінішті. Осындай көңілсіздіктердің алдын алу мақсатында өткен жыл барысында профилактикалық шаралар өткізілді.
Өкініштісі, теміржолға жақын аумақтағы тұрғындардың жүк тасымалдайтын пойыздың ауа магистральды тормозының тартылуы, сондай-ақ үсті ашық вагондардағы трубаларды ұрлауы сынды жағдайлар да бар. Іздестіру істерінің нәтижесінде азаматтар анықталып, ауа магистралін тартудың, жүк пойызының тоқтап қалуының нәтижесінде жеткен зиян мөлшерін қаптау мақсатында тиісті құжаттар ресімделді.
Әрине, мұнда махалла белсенділері мен кең жұртшылық өкілдерімен бірге әрекет жасасақ, оңды нәтижелерге қол жеткіземіз.