January 20

МЕДИА-ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАСТАДЫ

Жастар медиа-орталығының ашылуына орай Қарақалпақстан Республикасы Жастар істері агенттігі бөлімінде БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін пресс-тур ұйымдастырылды.

Шарада Өзбекстан Жастар істері агенттігінің Ақпарат және БАҚ қызметінің басшысы Нодир Абдуқодиров және басқалар сөз сөйлеп, жастар орталығында атқарылып жатқан жұмыстар мен жұмысын бастап жатқан медиа-орталықтың мүмкіндіктеріне тоқталды.

Соңғы жылдары елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының саны артып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлердің әлеуметтік мәселелерін қоғамдық пікір арқылы шешуге арналған “Бастамалық бюджет” жобасының 2023 жылдың бірінші маусымында “Жастар орталығы” жанынан Жастар медиа-орталығын құру жобасы қолға алынып, Нөкіс қаласы Қарақалпақстан Республикасы Жастар істері агенттігінің, сондай-ақ көптеген жастың талабы мен ұсынысы бойынша жалпыхалықтық дауысқа қойылды және жеңіп шықты.

Жастар істері агенттігінің Қарақалпақстан Республикасы басқармасы жанынан ұйымдас­тырылған “Жас репортерлар клубы” медиа саласына қызыққан жастардың басын қосып, жаңа медиа-орталықтың пайдалануға берілуі оларға шексіз қуаныш сыйлады. “Жастар станциясы”, “Сен білесің бе?” осындай жобаларды тікелей эфирде жүргізу, сонымен қатар сұрақ-жауап викториналарын өткізу аудиторияны одан әрі кеңейтуге қызмет етеді.

— Жастар медиа-орталығының “Жастар және бизнесті қолдап-қуаттау” жылында пайдалануға берілуі ерекше болды, — дейді Өзбекстан Жастар істері агенттігінің Ақпарат және БАҚ қызметінің жетекшісі Нодир Абдуқодиров. — Орталықта тек жас тілшілерге ғана емес, ынтымақтас ұйым өкілдеріне де барлық мүмкіндік бар.

— Баспасөз тур барысында БАҚ өкілдері мен блогерлер Жастар орталығы ғимаратында ұйымдастырылған “Бизнес-клуб”, “Ақпараттық технология­лар”, “Неміс тілі”, “Робототехника” үйірмелерінің қызметімен танысып, сұрақтарына жауап алды.

Д.АБИБУЛЛАЕВ,

ӨзА-ның тілшісі.