МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Өзбекстан кәсіподақ ұйымдары Федерациясы тарапынан көкейтесті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылау үшін Үкіметпен, министрліктермен, кеңселермен, жұмыс берушілер өкілдерімен, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары белсенділерімен тікелей ашық диалог және жұртшылық тыңдауы түрінде “Еңбек саласындағы маңызды мәселелер” тақырыбында
“Кәсіподақ ұйымдары туралы” Заңның 41-бабы негізінде ұйымдастырылған бұл шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасының депутаттары, Министрлер Кабинетінің, министрліктер мен кеңселердің, Сауда-өнеркәсіп палатасының, Жұмыс берушілер Конфедерациясы, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар мен кәсіподақтар өкілдері, сондай-ақ онлайн-аймақтық ресми тұлғалар қатысты.
Іс-шарада атап өткендей, еліміз өмірінің барлық салаларындағы сынды әлеуметтік-экономикалық және еңбек салаларында да көптеген маңызды өзгерістер орын алуда. Атап айтқанда, әлемдік базардағы және логистикадағы қиындықтарға қарамастан, елімізде экспорт 23,5 пайызға өсіп, 17,7 миллиард долларды құрады. Экономика салаларында және аймақтарда ірі өнеркәсіп және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен 226,6 триллион сум инвестиция игеріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға өсті.
Президентіміз соңғы 7 жылда еліміздің барлық саласында адам мүдделерінің теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды да жүйелі реформалар жүргізгені белгілі. Бұл үдерістерге Өзбекстан кәсіподақтары да белсенді атсалысуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік серіктестік жаңа деңгейге көтерілді. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасын жетілдіру және Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын ратификациялау бойынша ынтымақтастық салаларындағы кәсіподақ ұйымдарының қызметі айтарлықтай артты.
2023 жылдың 11 айында кәсіподақ ұйымдарында заңды және жеке тұлғалардың 4 мың 667 өтініші қаралып, барлығы 11 мың 47 қызметкердің құқығы қалпына келтіріліп, олардың пайдасына 40 миллиард 371 миллионнан астам қаржы өндірілді.
Бүгінде Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті, Кәсіподақ ұйымдары Федерациясы және Жұмыс берушілер конфедерациясы арасында әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша Бас ұжымдық шарт, 14 аймақтық ұжымдық шарт, 102 салалық ұжымдық шарт, 113 мың 174 ұжымдық шарт қолданыста. Қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау және гигиена, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер, демалыс пен денсаулықты жақсарту ұжымдық шарттар арқылы жүзеге асырылуда. Орта есеппен 1 жұмысшыға жыл ішінде ұжымдық шарт шараларын жүзеге асыруға жұмсалған ақша мөлшері 7 миллион сумнан асады. Ұжымдық шарттың еңбекақы көлемін арттырудың тиімді құралына айналып отырғаны да қуантады. Атап айтқанда, республика бойынша 19 мың 915 ұйымда ұжымдық шарт негізінде бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген разрядтар коэффициенті көтерілуіне қол жеткізілді. Ал бұл арқылы 890 мың 417 қызметкердің жалақысы көтерілді. Барлық ұжымдық шарттар жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзғанға дейін кәсіподақ ұйымы комитетінің мақұлдауын талап ететініне қол жеткізілді. Сондай-ақ Ұжымдық шарттарға сәйкес, 99 мыңға жуық қызметкер толық емес жұмыс күнімен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. 2 миллион 188 мыңнан астам қызметкер негізгі ұзайтырылған, 2 миллион 940 мыңнан астам қызметкер жыл сайынғы қосымша еңбек демалысын пайдаланады. Сонымен қатар 2023 жылдың 11 айында 185 мыңға жуық азамат пен 78 мың 210 отбасына Ұжымдық келісімшарттар мен келісімдер арқылы 174 миллиард 815 миллион сум әлеуметтік көмек көрсетілді.
Еңбекке лайықты ақы төлеуді қамтамасыз ету мәселесі де кәсіподақтардың тұрақты назарында. Атап айтқанда, кәсіподақтар тарапынан жалақының уақтылы төленуіне, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері нормаларының сақталуына, еңбекақыдан өткен қарызды жою бойынша кәсіподақ ұйымдары тарапынан жұртшылық мониторингі өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысында атап өтілгендей, соңғы жылдары еңбекшілердің қалың бұқарасы көтерген бірқатар мәселелердің шешімін табуы — мемлекет басшысы бастаған іргелі реформалардың іс жүзіндегі нәтижесі. Мәселен, бұрын жалақыны уақтылы төлеу, жалақыға банктерден қолма-қол ақша алу, пластик карточкалар мен қолма-қол ақшадағы тұтыну бағасының айырмашылығы, жұмыстың технологиялық түрлері мен аудандар бойынша коэффициенттер белгілеу, жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақыны толық көлемде төлеу барысында ділгірліктер болып, шешілмей келетін еді. Мемлекет басшысының бастамасымен әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылған үлкен өзгерістер мен реформалардың нәтижесінде бұл мәселелердің шешімі табылып, еңбекшілердің мүддесі тиімді қорғалуда. Тағы бір маңызды тұсы — Президент бастамаларымен елімізде әлеуметтік мәселелерді шешудің бірегей жүйесі жасалып, “Темір дәптер”, “Әйел дәптері”, “Жастар дәптері”, “Мейір дәптері”, “махаллабай” жұмыс әдістері тәжірибеге енгізілді. Нәтижесінде әлеуметтік қорғауды қажет ететін отбасыларға ауқымды тәжірибелік көмек көрсетілді.
Жұртшылық тыңдау түрінде өткен дөңгелек үстелде алдағы жылы еңбек саласында жүзеге асыру жоспарланған бірқатар оң өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар бюджеттік ұйымдардағы еңбекақыны, әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау жұмыстарын қаржыландыру, халықты жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын одан әрі жетілдіру мақсатында іске асырылып жатқан нысандар, жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алысылды. Бейресми экономикадан формальды экономикаға көшу, бейресми бейстандартты жолмен жұмыспен қамтылған азаматтарды ресми жұмыспен қамтуға ауыстыру, олардың әлеуметтік қорғалуын күшейту және еңбекақы саласындағы қарызды болдырмау шараларын қарастыру сияқты мәселелерге баса назар аудару қажет екені айтылды.
Дөңгелек үстел сұхбатында еңбекті қорғау, жұмыс орындарын аттестациялау, қызметкерлерді арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақыларды төлеу, еңбек демалысы күндерін дұрыс есептеу және қызметкерлерге төленетін еңбекақы мәселелері талқыланды, жұмыс сипатына қатысты министрлік пен кеңсе өкілдері еңбекақы төлеу және қызметкерлердің ауысымына немесе кезекшілігіне байланысты туындаған сұрақтарға нақты және егжей-тегжейлі жауап берді.
Бұл мәселелерді алдағы уақытта мемлекеттік органдармен, кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып шешу үшін ұйымдастыру іс-шараларын қолға алған дұрыс деп келісілді.
Өзбекстан кәсіподақ ұйымдары Федерациясы Баспасөз қызметінің жетекшісі.