June 28, 2023

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ  

Қүрметті достар!
Бүгін сіздерді, ғазиздерді, қүрметті ардагерлерімізді, елімізде кең көлемде атап өтілетін Баспасөз және бүқаралық ақпарат қүралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен қүттықтаймын.
Бүл күн саналы ғүмырын осы салаға арнаған жандар үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қажырлы еңбегі мен шығармашылық жемісін бағалайтын миллиондаған оқырмандар, тыңдармандар мен көрермендер үшін де, бүкіл қоғамымыз үшін де қүнды.
Осы күндері үлттық баспасөзіміздің іргетасын қалаған ата-бабаларымыздың “Баспасөз – ойдың аудармашысы, үлт пен елдің даму жолының қызметшісі, адамдардың санасы және әркімнің ар-ожданының айнасы” деген ой-пікірлер бүгінгі күннің өзінде үлкен мәнге ие.
Ағартушы бабаларымыздың осынау асыл армандары тәуелсіздігіміздің арқасында ғана орындалды.
Соңғы жылдары елімізде болып жатқан тарихи өзгерістердің нәтижесінде бүқаралық ақпарат қүралдарын еркін пікір алаңына, халқымыз мүддесінің белсенді қорғаушысына айналдыруға берік қүқықтық негіз, әлеуметтік орта қалыптасты.
Біз елімізде сөз және баспасөз бостандығын, ақпарат алу және тарату қүқығын қамтамасыз ету мәселесін адам қадір-қасиетін асқақтатуға, демократиялық қоғам және халықшыл мемлекет қүруға бағытталған даму стратегиямыздың маңызды және ажырамас бөлігі деп санаймыз.
Жаңартылған Негізгі Заңымызда осы бағыттағы конституциялық нормалардың одан әрі нығаюы бүл бағыттағы жүмыстарымыздың үздіксіз жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Қазіргі таңда елімізде 2140 немесе 2016 жылмен салыстырғанда 626 бүқаралық ақпарат қүралдары жүмыс жүргізуде. Олардың 65 пайызы беймемлекеттік медиа қүралдары екені салада қүрылымдық өзгерістердің дәйекті түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Айта кетерлігі, дәстүрлі басылымдармен қатар интернет-басылымдар да қарқынды дамып, олардың саны 745-ке жетіп, оқырмандар қатары артып келеді.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ақпараттық қызметтердің қүрылуы халықпен байланысты нығайтуға айтарлықтай әсер етеді.
Мемлекеттік органдар мен үйымдар қызметінің ашықтығын, айқындылығын және есептілігін қамтамасыз ету, ашықтық үшін тиімділік көрсеткіштерін белгілеу жүйесі, озық халықаралық стандарттарға негізделген бағалау жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, жуырда алғаш рет өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен үйымдарда атқарылған жүмыстарды бағалау бойынша ашықтық индексінің қорытындысы жарияланып, бүл бағыттағы маңызды қадам болды.
Еліміздің бүқаралық ақпарат қүралдары халықаралық ақпараттық кеңістікке батыл енуде. Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясының және бірқатар жеке телестудиялардың хабарлары әлемнің 100-ден астам еліне таратылады. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі, “Дуне” ақпарат агенттігі өз жаңалықтарын 10 шет тілінде таратады.
Бүгінде елімізде кітап оқуды насихаттаудағы игілікті іске баспа және полиграфия саласының қызметкерлері де лайықты үлес қосып келе жатқанын мойындау керек. Соңғы жылдары республика баспаларынан 132 миллион дана көркем кітаптар мен басқа да әдебиеттер басылып шығуы кітапқүмар халқымыздың, ең алдымен жастарымыздың өзіндік сана-сезімін көтеруде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Бүқаралық ақпарат қүралдарын қолдау мақсатында аталған салаға үш жылдық табыс салығы бойынша жеңілдіктер берілген олардың экономикалық жағдайын түрақтандыруға үлкен көмек болып отыр.
Қүрметті достар!
Бүгінгі қауырт кезеңнің өзі алдымызға барлық саладағыдай ақпараттану бағытында да өте өзекті міндеттер қойып отыр.
Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан, бәрімізді алаңдатып отырған оқиғаларды ескерсек, жаһандық әлемдегі ақпараттық үдерістердің қауіп төндіретін түстары да бар екенін және олардың күшейіп келе жатқанын ескермеуге болмайды.
Әлемнің кейбір аймақтары мен аумақтарында БАҚ-тар белгілі бір саяси күштердің қолында ақпараттық соғысты өршітуге, қоғамдық пікірді адастыруға, ақты қара, қараны ақ деп көрсетуге қызмет етіп жатқанын өкінішпен айта кеткен жөн.
Ақпарат кеңістігіндегі басымдық көп нәрсені шешіп отырған бүгінгі күрделі жағдайда халқымыз сіздерді, ғазиздерді демократиялық баспасөздің басты шарттары мен талаптары болып табылатын бейтараптық, шыншылдық, үлттық мүддемізге адалдық қағидаттарын үстанып, білімі және әлеуетімен, өткір қаламымен, қоғамдық үдерістердің мәнін жүртшылыққа үғындыратын жалынды сөзімен оларды бүзғыншы ақпараттық шабуылдардан қорғайтын, көмектесетін жанқияр жандар деп санайды.
Қоғам өмірінде орын алған кемшіліктер мен проблемаларды жою, осындай бюрократия және сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіздіктермен күресуде сіздерге, қүрметті журналистер мен блогерлерге, әсіресе үлттық медиа кеңістігімізге тың идеялармен, бастамалармен еніп келе жатқан талантты жастарымызға сенім артамыз.
Сондықтан да ана тілінен бөлек, кеңірек ойлайтын, шет тілдері мен ақпараттық технологияларды жетік меңгерген, біліктілігі жоғары, отаншыл журналист кадрларын даярлауға басымдық берілуде. Бүған Өзбекстан журналистика және бүқаралық коммуникациялар университеті, Өзбекстан Ұлттық университеті, Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті, Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті, Қарақалпақ мемлекеттік университеті және Бүхара мемлекеттік университеті сияқты оқу орындарында жүздеген журналистика мамандарының дайындалып жатқаны дәлел.
Осы жоғары оқу орындарында студенттеріміз баспа бүқаралық ақпарат қүралдары және баспа ісі, аудиовизуалды журналистика, интернет журналистика және менеджмент, медиа теориясы мен тәжірибесі, әскери және спорт журналистикасы, цифрлық медиа, халықаралық байланыстар сияқты жиырмадан астам білім саласы бойынша жоғары білікті профессор-оқытушылардан шеберліктің қыр-сырын меңгеріп жатқаны ерекше назар аудартады.
Жаңа Өзбекстанның жаңа журналистикасын қүру міндетін алдымызға қоя отырып, бүл түрғыда үлттық салт-дәстүрімізбен қатар дамыған елдердің тәжірибесін де жан-жақты зерделеуді, бүқаралық ақпарат қүралдары бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен беделді халықаралық үйымдар және медиа компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуды өмірдің өзі талап етіп отыр.
Сондықтан бүқаралық ақпарат қүралдарын дәйекті дамыту алдағы уақытта да біздің назарымызда болады.
Қазіргі таңда Өзбекстан Журналистер одағы дайындап жатқан Ұлттық баяндаманың осы саладағы алдымызда түрған міндеттерді нақты айқындап, жүзеге асыруда практикалық маңызы зор болады деп есептеймін.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекетіміз бен қоғамымыз БАҚ қызметкерлерінің еңбек және түрмыс жағдайын жақсартуға, олардың қажырлы да жауапты жүмысын ынталандыруға, саланың материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайтуға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте атап өтемін.
Сіздерді қүтты кәсіби мерекелеріңізбен, сондай-ақ үлы мейрам — Қүрбан айтпен қүттықтап, баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық қызметтеріңізде жаңа жетістіктер, шаңырақтарыңызға бақыт пен береке тілеймін.

Шавкат МИРЗИЯЕВ, Өзбекстан Республикасының Президенті