АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгінгі таңда Президентіміздің бастамасымен мемлекетіміздің әрбір ауданы, аймақ, махаллалары бойынша абаттандыру, жаңарту жүмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Бөке ауданындағы “Езгулик” махалла азаматтар жиынында “Абат үй”, “Абат көше”, “Абат махалла” үранымен ауқымды игі істер атқарылуда.
Бүл бағытта бір мезгілде аудандағы барлық пәтерлерді тіркеу жүмыстары жүргізілуде. Тізімге енгізілген әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтардың, әйелдер мен жастардың мәселелері мүқият зерделенуде.
Әр көшеге жеке жүмысшы топтары бекітіліп, пәтер мәселесі жан-жақты зерттелуде. Абаттандыру, коммуникация және жол инфрақүрылымындағы кемшіліктер жүйелі түрде шешілуде.
Атап айтқанда, облыстың Кедейшілікті қысқарту және жүмыспен қамту бас басқармасы тарапынан “Шодлик-2” көшесін абаттандыру, аз қамтылған жанүялардың үйлеріне қүрылыс-жөндеу жүмыстары жүргізілуде.
Ауыл көшелері ретке келтіріліп, ескі ағаш бағандардың орнына темірбетон тіректер орнатылуда. Зират аумағында асар үйымдастырылып, абаттандыру жүмыстары жүзеге асырылды.
Сондай-ақ бағушысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі қарт азаматтардың үйлерінде де асарлар үйымдастырылуда.
Жуырда Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев облыстың сектор басшыларымен бірге Бөке ауданында болып, “Езгулик” махалла азаматтар жиынында атқарылып жатқан жүмыстармен танысты.
Көшелерде, түрғын үйлер мен есік алды жерлерде жүргізіліп жатқан жүмыстардағы кемшіліктер айтылып, оларды жою және алдағы уақытта атқарылатын жүмыстар бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.