ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНЫЛДЫ
Жастарістеріагенттігітағыбіржаңажобанықолғаалды. Ташкент мемлекеттік экономика университетінде жаңа “Ренессанс” жобасының ашылуы болды.
Шарада жоба туралы толық ақпарат берілді. “Ренессанс” бағдарламасы 16 жобаны қамтиды және 6 маусымда ұйымдастырылады. Әр маусым екі айлық дайындықтан тұрады, 5 бағытты қамтиды. Бұл жобаның бірінші маусымында 5000-ға жуық жас өкілінің 1200-і іріктелді.
Бағдарлама бойынша оқыту гибридтік форматта жүргізіледі. Атап айтсақ, кітап оқуды дамыту бағытында “Аптасына бір кітап”, “Шолулар байқауы” және оқуды насихаттау жобалары өтеді.
Кәсіптік бағдар “6 аптада 6 бағдар”, “Кәсіби фильмдер”, байланыс сессиялары, өз бетінше ойлау дағдыларына бағытталған мазмұннан тұрады.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында бұқаралық спорт пен дене шынықтыру насихатталуда. Шет тілдерін оқытуды насихаттау бағытында “Үлгі-өнеге балалары” жобасы арқылы шет тілдерін меңгеру бойынша ақпараттар беріледі.
Шара соңында “Табысты карьерадағы шет тілдерінің рөлі”, “Жастардың тұлғалық дамуындағы әлеуметтік жобаның рөлі” және “Ренессанс” жобасының жастар үшін өзектілігі” сияқты тақырыптарда баяндамалар оқылады.